Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгінің (қаржы полициясы) мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 100 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 1255  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) <*>
      2) <*>
      3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
       Ескерту. 1),2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.31. N 539  қаулысымен .

      2.  <*>
       Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.31. N 539  қаулысымен .

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық және мамандандырылған органдары Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiнiң (қаржы полициясы) мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық және мамандандырылған органдары болып қайта ұйымдастырылсын.
      Агенттiк қаулының осы тармағын iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.

      4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 ақпандағы N 283  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 83-құжат);
      2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 ақпандағы N 283 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 16 сәуірдегi N 500  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 14, 176-құжат).
      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрі

Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң
2004 жылғы 29 қаңтардағы    
N 100 қаулысымен       
бекiтiлген          

  Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас
жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі
агенттігi (қаржы полициясы) туралы
Ереже

       Ескерту. Ереженің күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.31. N 539  қаулысымен .

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2004 жылғы 29 қаңтардағы    
N 100 қаулысымен       
бекітiлген          

  Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігiнiң (қаржы полициясы) мемлекеттік мекемелерi - аумақтық, мамандандырылған
органдарының және оқу орындарының
Тізбесі 

       Ескерту. Тізбенің күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.31. N 539  қаулысымен .

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 
2004 жылғы 29 қаңтардағы    
N 100 қаулысымен         
бекiтiлген          

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер

      1. "Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектiлердi айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 шiлдедегi N 1006  қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектiлердiң тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы)".

      2. "Салық полициясы академиясы" мемлекеттiк мекемесiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 15 мамырдағы N 643  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 18, 228-құжат):
      2 және 5-тармақтардағы "Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігі (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. <*>
       Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.31. N 539  қаулысымен .

      4. "Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қолдануға құқылы қару-жарақ пен арнайы құралдардың нормалары мен тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 ақпандағы N 163  қаулысына :
      2-тармақтағы "Қаржы полициясы агенттiгiн" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiн (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бейбiт және соғыс уақытында пайдаланылатын Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi және Қаржы полициясы агенттiгiнiң оқу орындары үшін қарулар мен оқ-дәрiлер нормалары мен тiзбесiнде:
      тақырыптағы "Қаржы полициясы агенттiгінiң" деген сөздер "Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiнiң (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қарулар" деген 1-бөлiмнiң, реттiк нөмiрi 1-жолында "Тиiстiлiгi" деген бағандағы "Қаржы полициясы агенттiгiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiнiң (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. "Жергiлiктi бюджеттен берiлген кредиттер бойынша талаптарды тоқтату ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 наурыздағы N 254  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 11, 127-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жергiлiктi бюджеттен берiлген кредиттер бойынша талаптарды тоқтату ережесiнде:
      3-тармақтағы "Қаржы полициясы агенттiгiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігiнiң (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. <*>
       Ескерту. 6-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.03.11. N 307   қаулысымен .