Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1691
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 50, 488-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Марченко - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Григорий Александрович бірінші орынбасары, төраға
Жандосов - Қазақстан Республикасы Табиғи монополия.
Ораз Әлиұлы ларды реттеу және бәсекелестікті қорғау
жөніндегі агенттігінің төрағасы, төрағаның
орынбасары (келісім бойынша)
Григорьева - Қазақстан Республикасының Табиғи монопо.
Светлана Петровна лияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау
жөніндегі агенттігі Электр және жылу энер.
гетикасы саласындағы реттеу мен бақылау
жөніндегі департаментінің директоры, хатшы
(келісім бойынша)
Жақсыбеков - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Әділбек Рыскелдіұлы сауда министрі;
мынадай:
"Досаев - Қазақстан Республикасы Табиғи монополия.
Ерболат Асқарбекұлы ларды реттеу және бәсекелестікті қорғау
жөніндегі агенттігінің төрағасы, төрағаның
орынбасары"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Досаев - Қазақстан Республикасының
Ерболат Асқарбекұлы Қаржы министрі"
көрсетілген құрамнан: Павлов Александр Сергеевич, Кәкімжанов Зейнолла Халидоллаұлы, Есенбаев Мәжит Төлеубекұлы шығарылсын.