Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1691 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 қаңтардағы N 69 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1465 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.12.05 № 1465 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1691 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 50, 488-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Марченко                - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Григорий Александрович    бірінші орынбасары, төраға

Жандосов                - Қазақстан Республикасы Табиғи монополия.
Ораз Әлиұлы               ларды реттеу және бәсекелестікті қорғау
                          жөніндегі агенттігінің төрағасы, төрағаның
                          орынбасары (келісім бойынша)

Григорьева              - Қазақстан Республикасының Табиғи монопо.
Светлана Петровна         лияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау
                          жөніндегі агенттігі Электр және жылу энер.
                          гетикасы саласындағы реттеу мен бақылау
                          жөніндегі департаментінің директоры, хатшы
                          (келісім бойынша)

Жақсыбеков              - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Әділбек Рыскелдіұлы       сауда министрі;

      мынадай:

"Досаев                 - Қазақстан Республикасы Табиғи монополия.
Ерболат Асқарбекұлы       ларды реттеу және бәсекелестікті қорғау
                          жөніндегі агенттігінің төрағасы, төрағаның
                          орынбасары"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Досаев                 - Қазақстан Республикасының
Ерболат Асқарбекұлы       Қаржы министрі"

      көрсетілген құрамнан: Павлов Александр Сергеевич, Кәкімжанов Зейнолла Халидоллаұлы, Есенбаев Мәжит Төлеубекұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі