Заңнамалық кесiмдерге сәйкес құқық қорғау органдарының функцияларын жүзеге асыратын, атыс қаруын алып жүру, сақтау және пайдалану құқығы берiлген кеден органдары лауазымды адамдарының санаттарын және кеден органдарының лауазымды адамдары қолданатын атыс қаруы мен оқ-дәрiлер және арнаулы құралдар түрлерiнiң тізбелерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 қаңтардағы N 65 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 қазандағы № 1014 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.02 № 1014 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуiрдегi Кеден кодексiнің 519, 520-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) заңнамалық кесiмдерге сәйкес құқық қорғау органдарының функцияларын жүзеге асыратын, атыс қаруын алып жүру, сақтау және пайдалану құқығы берілген кеден органдары лауазымды адамдарының санаттары; Қараңыз.K100296
      2) атыс қаруы мен оқ-дәрілер түрлерiнің тiзбесi; Қараңыз.K100296
      3) кеден органдарының лауазымды адамдары қолданатын арнаулы құралдардың тiзбесi бекiтiлсiн. Қараңыз.K100296

      2. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 14 сәуiрдегi N 333-21қ қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң           
2004 жылғы 22 қаңтардағы    
N 65 қаулысымен        
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуiрдегi Кеден кодексінің 24-бабының 1-тармағының 5), 6), 13), 14), 15) және 18) тармақшаларына сәйкес құқық қорғау функцияларын жүзеге асыратын, атыс қаруын алып жүру, сақтау және қолдану құқығы берiлген кеден органдары лауазымды адамдарының санаттары

      1. Төраға, оның кеден органдарының құқық қорғаушылық қызметi мәселелеріне жетекшілiк ететiн орынбасары.
      2. С-КБА-1 Орталық аппарат департаментiнiң бастығы.
      3. С-КБА-2 Орталық аппараттың департаментi бастығының орынбасары. Бастық: облыстың, Астана және Алматы қалалары аумақтық органының; кеденнің.
      4. С-КБА-3 Бастықтың орынбасары: облыс, Астана және Алматы қалалары аумақтық органының; кеденнің. Орталық аппарат басқармасының бастығы.
      5. С-KБA-4 Орталық аппараттың басқарма бастығының орынбасары. Облыс, Астана және Алматы қалалары аумақтық органының құрамындағы басқарма бастығы. Кеден бекетiнің бастығы.
      6. С-KБA-5 Облыс, Астана және Алматы қалалары аумақтық органының құрамындағы басқарма бастығының орынбасары. Кеден бекетi бастығының орынбасары.
      7. С-КБА-6 Орталық аппараттың бөлiм бастығы.
      8. С-КБА-7 Бөлiм бастығы: облыс, Астана және Алматы қалалары аумақтық органының; кеденнiң.
      9. С-КБА-8 Орталық аппараттың бас инспекторы.
      10. С-КБА-9 Бөлiм бастығының орынбасары: облыс, Астана және Алматы қалалары аумақтық органының; кеденнiң.
      11. С-KБA-10 Орталық аппараттың жетекшi инспекторы. Бас инспектор: облыс, Астана және Алматы қалалары аумақтық органының; кеденнiң.
      12. С-KБA-11 Аға инспектор: облыс, Астана және Алматы қалалары аумақтық органының; кеденнiң.
      13. С-KБA-12 Инспектор: облыс, Астана және Алматы қалалары аумақтық органының; кеденнiң.
      14. С-КБА-13 Кiшi инспектор: облыс, Астана және Алматы қалалары аумақтық органының; кеденнiң.

Қазақстан Республикасы    
Yкiметiнiң         
2004 жылғы 22 қаңтардағы   
N 65 қаулысымен       
бекiтiлген       

  Атыс қаруы мен оқ-дәрiлер түрлерiнiң тiзбесi

      1. Атыс қаруының түрлерi:
         1) "Байкал 442", "Макаров ПМ-9 тапаншасы" 9 мм
            тапаншалары;
         2) "ИЖ-81, Mosberg" 12 калибрлi тегiс ұңғылы мылтықтар;
         2-1) 9 мм РСА TКБ-0216 Кобальт бұйымы револьверi.
      2. Оқ-дәрiлердiң тyрлерi:
         1) тапаншаларға 9 мм оқ-дәрiлер;
         2) тегiс ұңғылы мылтықтарға 12 калибрлi оқ-дәрiлер.
       Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.22. N 383 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң          
2004 жылғы 22 қаңтардағы    
N 65 қаулысымен        
бекiтілген        

Кеден органдарының лауазымды адамдары қолданатын арнаулы құралдардың тiзбесi

      1. Арнаулы құралдар:
      1) оқ өткiзбейтiн кеудешелер;
      2) "БР-С бұйым" қол кiсендерi;
      3) арнаулы резеңке таяқтары;
      4) көк және сары түстi сәулелi шамшырақтар;
      5) қозғалысты реттеуге арналған таяқшалар мен көлiк құралдарын тоқтатуға арналған қызыл жарық шағылыстырғышы бар дискілер;
      6) үй-жайларды ашуға арналған қондырғылар;
      7) "ЕЖ", "ШИП" үлгiсiндегi көлiктi мәжбүрлеп тоқтатуға арналған қондырғылар;
      8) жедел радиобайланыс құралдары;
      9) GPS "Магеллан" үлгiсiндегi спутниктiк қадағалау құралдары;
      10) "Черемуха" үлгiсiндегi көзден жас ағызатын заттар (газдар).