Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 9 қазандағы N 1102 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 49 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 9 қазандағы N 1102 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 33, 359-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Салық комитетi туралы ережеде:
      17-тармақтың екiншi абзацындағы "төрт орынбасары" деген сөздер "бec, соның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі