Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы N 16 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2003-2005 жылдарға арналған перспективалық жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 қарашадағы N 1162 қаулысына :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2003-2005 жылдарға арналған перспективалық жоспарында:
      реттік нөмірі 18-жол алынып тасталсын;
      2) "Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы N 1274 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 43, 434-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 20-жол алынып тасталсын;
      3) "Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 ақпандағы N 117 қаулысына :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірі 42-жол алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі