Қазақстан Республикасы азаматының дипломатиялық және қызметтiк паспорттарының үлгiлерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1375 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы азаматының дипломатиялық және қызметтік паспорттарының үлгілерi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң осы қаулысы қабылданғанға дейiн жасалған дипломатиялық және қызметтiк паспорттар олардың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн жарамды болып саналсын.

      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi осы қаулыны iске асыру жөнiндегі қажеттi шараларды қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасы азаматының дипломатиялық және қызмет паспорттарының үлгілерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 11 қазандағы N 1158 қаулысының  күшi жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен баптап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2003 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1375 қаулысымен 
бекiтiлген    

Қазақстан Республикасы азаматының
дипломатиялық паспортының үлгісі
(сипаттама)

      1. Iшiнде су тамғысы белгілерi бар, арнайы қағаздан жасалған 16 парақ орналасқан паспорт кiтапшасының мөлшерi 88х125 мм. Паспорттың парақтарындағы жазулар мен сызықшалар қара түстi бояумен жасалған.
      2. Паспорттың мұқабасы қою-жасыл түсті. Паспорттың алдыңғы мұқабасының сыртқы бетiнде алтын түспен орындалып:
      а) қазақ және ағылшын тiлдерiнде өрнектелiп ойылған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

деген жазу;
      б) ортада - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы;
      в) Елтаңбаның астында өрнектелiп ойылған

ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ПАСПОРТ
DIPLOMATIC PASSPORT

деген жазу орналасқан.
      3. Паспорттың алдыңғы мұқабасының iшкi бетiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк елтаңбасының түрлi-түстi бейнесi орналасқан.
      4. Паспорттың алдыңғы мұқабасының iшкi бетi мен бiрiншi бетiнiң арасында желiмдi негізi бар мөлдiр пленка орналасқан.
      5. Паспорттың бiрiншi бетiнде қазақ және ағылшын тiлдерiнде:
      "Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі шетел мемлекеттерiнiң барлық құзыреттi қызмет орындарынан дипломатиялық паспорт иесiнiң бөгетсiз жүрiп-тұруын қамтамасыз етудi және қажет болған жағдайда заңды қолдау көрсетiлiп, қорғалуын өтiнедi"
      "The Мinistry of Foreign Аffаirs of the Republic of Kazakhstan requests аll competent authorities of foreign states to permit the holder of this diplomatic passport to pass safely and frееly and to give the holder аll lawful aid and protection in case of need" деген жазу орналасқан.
      6. Паспорттың екiншi бетiнде тiгінен қазақ және ағылшын тiлдерiнде:
      "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ"/"REPUBLIC OF KAZAKHSTAN"
деген жазу орналасқан.
      Төменде екi жолға: "ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ПАСПОРТ/"DIPLOMATIC PASSPORT" деген жазу, оң жағында қазақ және ағылшын тiлдерiнде: "түpi/type", "мемлекет коды./соdе of state", "паспорттың No/passport No" деген жазу орналасқан.
      Сол жағында мөлшерi 45x35 мм фотосурет үшiн орын бөлiнген.
      Фотосуреттiң оң жағындағы жазулар:
      "Teгi/Surname"
      "Аты/Given names"
      "Aзаматтығы/Nationality"
      "Туған күнi/Datе of birth"
      "Туған жерi/Рlасе of birth"
      "Жынысы/Sex"
      "Берiлген күні/Date of issue"
      "Паспорт мерзiмi/Date of expiry"
      "Берген мекеме/Authority"
      "Өз қолы/Signaturе of bearer".
      Төменiрек машина оқитын мәтiнге арналған орын бар.
      7. Паспорттың үшiншi бетiнде тiгінен қазақ тiлiнде:
      "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ПАСПОРТ"
      "Тегi"
      "Аты"
      "Әкесiнiң аты"
      "Ұлты"
деген жазулар орналасқан.
      8. Паспорттың төртiншi бетiнде паспорт иесi балаларының фотосуреттерiн жапсыруға арналған мөлшерi 45x35 мм алты тiкбұрышты рамкалар бар.
      9. Паспорттың бесiншi бетiнде тiгiнен мыналар орналасқан:
      "Балалары/Children" деген жазу орналасқан. Төменiрек: "Teгi/Surname", "Аты/Given names", "Туған күнi/Date of birth", "Жынысы/Sex" деген жазулар.
      10. Паспорттың алтыншы бетiнде тiгінен қазақ және ағылшын тiлдерiнде:
      "Сыртқы iстер министрлiгiнiң қызметтiк белгiлерi үшiн"
      "For official usе of the Ministry of Foreign Аffairs"
      деген жазулар орналасқан.
      11. "Визалар/Visas" деген жазулары бар 7 - 32 беттер виза қоюға арналған.
      12. Паспорттың артқы мұқабасының iшкi жағында көлденеңiнен қазақ және ағылшын тiлдерiнде:
      "Осы паспорт 32 беттен тұрады"
      "This passport contains 32 pages"
деген жазулар орналасқан.
      Төменiрек қазақ және ағылшын тiлдерiнде:
      "Паспорт Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады, ал оның иесi Қазақстан Республикасының қорғауында болады".
      "This раssport is the property of the Republic of Kazakhstan and its holder is under the protection of the Republic of Kazakhstan" деген жазулар бар.
      13. Паспорттың нөмiрi 3-32 беттерде перфорациялық әдiспен және артқы мұқабаның iшкi жағында шырыңқы басылыспен қойылған.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2003 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1375 қаулысымен   
бекітiлген   

Қазақстан Республикасы азаматының
қызметтiк паспортының үлгiсi
(сипаттама)

      1. Iшiнде су тамғысы белгiлерi бар, арнайы қағаздан жасалған 16 парақ орналасқан паспорт кiтапшасының мөлшерi 88x125 мм. Паспорттың парақтарындағы жазулар мен сызықшалар қара түстi бояумен жасалған.
      2. Паспорттың мұқабасы қара түстi. Паспорттың алдыңғы мұқабасының сыртқы бетiнде алтын түспен орындалып:
      а) қазақ және ағылшын тілдерiнде өрнектелiп ойылған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

деген жазу;
      б) ортада - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы;
      в) Елтаңбаның астында өрнектелiп ойылған

ҚЫЗМЕТТIК ПАСПОРТ
SERVICE PASSPORT

деген жазу орналасқан.
      3. Паспорттың алдыңғы мұқабасының iшкi бетінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк елтаңбасының түрлi-түстi бейнесi орналасқан.
      4. Паспорттың алдыңғы мұқабасының iшкi бетi мен бiрiншi бетiнiң арасында желiмдi негiзi бар мөлдiр пленка орналасқан.
      5. Паспорттың бiрiншi бетiнде қазақ және ағылшын тiлдерiнде:
      "Шетел мемлекеттерiнiң барлық құзыреттi қызмет орындарынан осы паспорттың иесi, шетелге жол жүрушi Қазақстан Республикасының азаматына жан-жақты жәрдем көрсету сұралады"
      "Аll соmреtеnt authorities of foreign states are requested to extend all courtesies to the bearer of this passport, а citizen of the Republic of Kazakhstan travelling abroad"
деген жазу жазылған.
      6. Паспорттың екiншi бетiнде тiгiнен қазақ және ағылшын тiлдерiнде:
      "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ/REPUBLIC OF KAZAKHSTAN"
деген жазу орналасқан.
      Төменде екi жолға: "ҚЫЗМЕТТIК ПАСПОРТ/SERVIСЕ PASSPORT" деген жазу, оң жағында қазақ және ағылшын тiлдерiнде: "түрi/tyре", "мемлекет коды/соdе of state", "паспорттың No/passport No" деген жазу орналасқан.
      Сол жағында мөлшерi 45x35 мм фотосурет үшiн орын бөлiнген.          Фотосуреттiң оң жағындағы жазулар:
      "Teгi/Surname"
      "Аты/Given names"
      "Азаматтығы/Nationality"
      "Туған күнi/Date of birth"
      "Туған жерi/Рlасе of birth"
      "Жынысы/Sex"
      "Берiлген күнi/Date of issue"
      "Паспорт мерзiмi/Date of expiry"
      "Берген мекеме/ Authority"
      "Өз қолы/Signature of bearer".
      Төменiрек машина оқитын мәтiнге арналған орын бар.
      7. Паспортың үшіншi бетiнде тiгiнен қазақ тiлiнде:
      "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЗМЕТТІК ПАСПОРТ"
      "Тегi"
      "Аты"
      "Әкесiнiң аты"
      "Ұлты"
деген жазулар орналасқан.
      8. Паспорттың төртіншi бетiнде паспорт иесi балаларының фотосуреттерiн жапсыруға арналған мөлшерi 45x35 мм алты тiкбұрышты рамкалар бар.
      9. Паспорттың бесiншi бетiнде тігiнен мыналар орналасқан:
      "Балалары/Children" деген жазу орналасқан. Төменiрек: "Тегi/Surname", "Аты/Given names", "Туған күнi/Date of birth", "Жынысы/Sex" деген жазулар.
      10. Паспорттың алтыншы бетiнде тiгiнен қазақ және ағылшын тiлдерiнде:
      "Сыртқы iстер министрлiгiнiң қызметтiк белгілерi үшiн"
      "For official use of the Ministry of Foreign Affairs"
деген жазулар орналасқан.
      11. "Визалар/Visas" деген жазулары бар 7 - 32 беттер виза қоюға арналған.
      12. Паспорттың артқы мұқабасының iшкi жағында көлденеңiнен қазақ және ағылшын тiлдерiнде:
      "Осы паспорт 32 беттен тұрады"
      "This passport contains 32 pages"
деген жазулар орналасқан.
      Төменiрек қазақ және ағылшын тiлдерiнде:
      "Паспорт Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады, ал оның иесi Қазақстан Республикасының қорғауында болады"
      "Тhis раssроrt is the property of the Republic of Kazakhstan and its hоldег is under the protection of the Republic of Kazakhstan"
деген жазулар бар.
      13. Паспорттың нөмiрi 3-32 беттерде перфорациялық әдiспен және артқы мұқабаның iшкi жағында шырыңқы басылыспен қойылған.