Қазақстан Республикасы азаматының дипломатиялық және қызмет паспорттарының үлгiлерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1994 жылғы 11 қазан N 1158.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.12.31. N 1375 қаулысымен.

     Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
     1. Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының қаржылары бойынша өзара есеп айырысу, есепке алу және жұмсау операцияларын жүргiзу тәртiбi бекiтiлсiн. 
     2. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына қаржылардың толық және дер кезiнде түсуiн және оны мақсатқа сай жұмсауды қамтамасыз етсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы     
Министрлер Кабинетiнiң     
1994 жылғы 6 қазандағы     
N 1120 қаулысымен        
БЕКIТIЛГЕН             

           Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының қаржылары
          бойынша өзара есеп айырысу, есепке алу және жұмсау
                  операцияларын жүргiзу тәртiбi

                       I. Жалпы ереже

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi 1993 жылғы 14 сәуiрдегi N 300 қаулысымен Қазақстан Республикасының Зейнетақы қоры туралы Ереженi бекiттi. 
      Зейнетақы қоры туралы аталған Ережеге сәйкес: 
      1. Қазақстан Республикасының Зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау жүйесiне енедi. 
      2. Зейнетақы қорының қаржылары мыналардың есебiнен құрылады: 
      жұмыс берушiлердiң, кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын азаматтардың меншiктiк нысанына және қызмет түрiне қарамастан сақтық жарналарынан; 
      жұмыс берушiлердiң мерзiмiнен бұрын тағайындалатын зейнетақыны өтеуге және жеңiлдiктi зейнетақы мақсатына беретiн қаржыларынан; 
      жеке адамдар мен заңды ұйымдардың ерiктi жарналары мен қайырымдылық жәрдемдерiнен; 
      жұмыс берушiлер мен азаматтардан қуатты талап етулер нәтижесiнде қайтарып алатын қаржылардан; 
      қордың депозитi бойынша алынатын дивиденттер мен табыстардан; 
      жарналарды белгiленген мерзiмiнде төлемеген жағдайда салынатын өсiм сомасынан; 
      3. Қолданылып жүрген заңға сәйкес меншiктiк нысанына және шаруашылықты жүргiзу түрiне қарамастан, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың, акционерлiк қоғамдардың, кооперативтердiң (соның iшiнде бау-бақша, гараж, тұрғын үй-құрылыс және спорттық), автотұрақтардың (егер олар кооператив құрамына енбейтiн болса), шаруа (фермерлiк) және арендалық шаруашылықтардың бәрi, ерiктi жәрдем түрлерi есебiнен жұмыс iстейтiн қайрымдылық ұйымдары, қорлар, Жастар одағы, дiни ұйымдар, сондай-ақ жекелеген азаматтарды азаматтық-құқылық сипаттағы келiсiм бойынша жалдайтын адамдар, жеке кәсiпкерлер, Қазақстан Республикасының территориясында тiркелген бiрлескен кәсiпорындарда жалданып жұмыс iстейтiн шетелдiк азаматтар мен шетелдiк жұмыс берушiлер және шетелдiк кәсiпорындар мен ұйымдарда тiкелей келiсiмдермен жұмыс iстейтiн қазақстандық азаматтар Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына жарна төлеушiлер болып табылады. 
      4. <*> 
      5. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 4,5-тармақтарының күшi жойылған - ҚР Үкiметiнiң 1997.07.31. N  1194 қаулысымен.  
      6. Кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыруға төлейтiн жарналарының тарифтерiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi белгiлейдi. 
      Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыруға төленетiн жарналардың жалпы сомасынан Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына бөлiнетiн сақтық жарнаның мөлшерiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi белгiлейдi. 
      7. Қызметкерлерiнiң жасына байланысты зейнеткерлiкке жеңiлдiкпен шығуға құқы бар ұйымдар үшiн (еңбек жағдайлары зиянды және ауыр кәсiптердiң тiзiмi, N 1 және N 2 тiзбелерге сәйкес) мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыруға арналған тарифтерге орай есептелген жарналар сомасынан тыс "Қазақ ССР-iнде азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақ ССР Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына төлейтiн қосымша жарналар белгiленедi. 
      Жұмыс берушiлердiң мерзiмiнен бұрын зейнетақы тағайындауға байланысты және жеңiлдiктi зейнетақымен қамсыздандыру мақсатына жұмсалатын шығынның орнын толтыруға арналған қаржылары, ерiктi жарналар мен жәрдемдер, өсiмдер мен басқа да төлемдер жеке тапсырыс қағаздары арқылы аударылады. 
      8. Зейнетақы қорының ақшалай қаражаттары мына мақсаттарға: 
      қолданылып жүрген заңға сәйкес зейнетақыларды қаржыландыруға; 
      қарт және еңбекке жарамсыз азаматтарды әлеуметтiк қорғау жөнiндегi бағдарламаны жүзеге асыруға қатысуға жұмсалады. 
      Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының қаржыларын жедел бөлу, сондай-ақ оларды өз мақсатында пайдалану жөнiндегi мәселелердi шешуге арналған қаржыларды аудару тәртiбiн Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының басқармасы белгiлейдi.

                      II. Жарналарды төлеу 

      9. Ұйымдар жарналарды еңбекақының барлық түрiнен, соның iшiнде штаттағы, штаттан тыс, маусымдық және уақытша жұмыс iстеген жұмыскерлердiң, сондай-ақ қосымша жұмыс ретiнде немесе бiр рет, кездейсоқ және қысқа мерзiмде iстеген жұмыстары үшiн алатын басқа да табыстарының түрлерiнен есептейдi, олардан "Қазақ ССР-iнде азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақ ССР Заңына сәйкес зейнетақы есептеледi. 
      Мердiгерлiк, тапсырыс келiсiмi бойынша (азаматтық-құқылық сипаттағы) жұмыс iстейтiн азаматтар үшiн жалдап жұмыс iстетушi жарнаны ұйымдарда штаттағы жұмыскерлерге төлейтiн мөлшер шамасында төлейдi. 
      Жалданып немесе Қазақстан Территориясында тiркелген бiрлескен кәсiпорында жұмыс iстейтiн шетелдiк азаматтар, сондай-ақ шетелдiк, бiрлескен кәсiпорындарда, фирмаларда, т.б. жұмыс iстейтiн Қазақстан азаматтары да сақтық жарнаны осындай тәртiппен төлейдi. 
      10. Жарналар еңбекақының (табыстың) барлық түрiнен табыс салығы ұсталмай тұрып есептеледi. 
      Бұл орайда еңбекақы (табыс) бойынша есеп айырысу жүргiзiлген жоғарыда көрсетiлген төлемдердi, баптар мен төлем құжаттарын (есеп айырысу-төлеу ведомостарының жеке есеп шоттарын т.б.) қаржыландыру көздерiнiң маңыздылығы болмайды. 
     11.<*>
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақтың күшi жойылған - ҚР Үкiметiнiң 1997.07.31. N 1194 қаулысымен.

                 III. Жарналарды төлеудiң мерзiмi
                          мен тәртiбi

     12.<*>
      ЕСКЕРТУ. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 1996.09.23. 
N 1156 қаулысымен.
     ЕСКЕРТУ. 12-тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 1997.07.31.  N 1194 қаулысымен.
     13.<*>
      ЕСКЕРТУ. 13-тармағының 1-абзацы жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 1997.04.02.  N 465 қаулысымен.    
     ЕСКЕРТУ. 13-тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 1997.07.31. 
N 1194 қаулысымен.
      14. Жекелеген адамдарды келiсiм шартпен азаматтық-құқылық сипатта жалдап жұмыс iстететiн адамдар мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыруға тиiстi кезең үшiн нақты түскен табыс бойынша есеп-шотқа аудару тәртiбiмен немесе қолма-қол ақшамен еңбекақы төлегеннен кейiнгi айдың 5-iне дейiн ай сайын төлем аударып отырады. 
      15.<*>
       Ескерту. 15 абзацы алынып тасталған - ҚРМК 28.11.1995 ж. 
1600 қаулысымен.  
      ЕСКЕРТУ. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 1997.04.01.  N 447 қаулысымен.  
      ЕСКЕРТУ. 15-тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 1997.07.31. N 1194 қаулысымен. 
      16. Жарналар есебiне жұмсалған шығындар шығарылғаннан кейiн есептелген жарналарды төлеудi, әдетте, жарна төлеушiлер өзiнiң ағымдағы немесе есеп шоттарынан тиiстi соманы аудару жолымен Ұлттық банк мекемелерiнiң "Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының қаржылары" N 829 есебiне аударады. Ереженiң 14-тармағында аталған жарна төлеушiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасы банкiлерiне өзiнiң есепшоты жоқ шетелдiк фирмалар мен өкiлдiктерде, жекеменшiк кәсiпкерлерде жұмыс iстейтiн болған жағдайларда ғана жарналарды банк кассаларына тiкелей төлейдi. 
      17. Таратылатын кәсiпорыннан, ұйымнан тиесiлi төлемдi алатын уақыт әлi келмеген жағдайда таратушы комиссия өзiнiң жұмысы тоқтатылғанға дейiн тиiстi соманы Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының N 829 есебiне өткiзуге тиiс немесе осы соманы ерекше актiмен хаттап, таратылған кәсiпорынның, ұйымның мұрагер ұйымына өткiзiлетiн балансқа кiргiзуi керек. Актiде таратылатын кәсiпорынның, ұйымның орнына келген мұрагер ұйым, тиiстi төлемнiң сомасы және оны төлеу мерзiмi көрсетiледi, ол Қазақстан Республикасы Зейнетақы Қоры органының таратылатын кәсiпорын үшiн бұрын белгiленген күнiнен кеш болмауға тиiс. <*> 
      Таратушы комиссия мен мұрагер ұйым қол қойған актiлердiң көшiрмесi сол таратылған кәсiпорын мен мұрагер ұйым тiркелген жердегi Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының органдарына берiледi. 
      Таратылған кәсiпорын банкротқа ұшырып, мұрагер ұйымы болмаған жағдайда, оған банкрот туралы заңның күшi қолданылады. 
       ЕСКЕРТУ. 17-тармақтың 1 абзацы алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 1997.07.31. N  1194 қаулысымен.

              IV. Қазақстан Республикасының Зейнетақы 
                қоры қаржыларының жұмсалу тәртiбi 

      18. Кәсiпорындарында, мекемелерде және ұйымдарда "Қазақ ССР-iнде азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақ ССР Заңының 81-бабына сәйкес жұмыс iстейтiн зейнеткерлерге жарна есебiнен зейнетақы төленедi. 
      19. Жарналар есебiнен жұмсалатын шығындарды жарна төлеушi өз кассасынан немесе ағымдағы шотынан төлейдi. 
      20. Жарналар есебiнен зейнетақы төлеу - халықты әлеуметтiк қорғау органының тапсырыс қағазы негiзiнде құрылып, ұйымның басшысы және бас (аға) бухгалтерi қол қойған ведомость бойынша жүргiзiледi. 
      21. Ұйымдардың аударған жарналары зейнетақы төлеу жөнiндегi нақты шығындарды өтемеген жағдайдың өзiнде де зейнетақы төлеудi тоқтатуға құқы жоқ. 
      22. Жарна төлеушiнiң есеп берген тоқсан iшiндегi шығындары осы тоқсан iшiнде төлеген жарна сомасынан көп болған жағдайда жұмсалған шығын сомасы мен кiрiс сомасы арасындағы айырмашылық келесi тоқсанның есебiне жатқызылады. 
      Егер жарна сомасынан асып кеткен шығын келесi тоқсанда Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорына төленетiн жарналарымен жабылмаса, онда келесi тоқсан iшiндегi есеп бойынша шын мәнiндегi нәтиженi ескере отырып, Қазақстан Республикасының Зейнетақы қоры сол асып кеткен соманың қор өкiлiнен өткен тоқсан үшiн есеп айырысу ведомостын алғаннан кейiн 10 күн мерзiм iшiнде орнын толтырады. 
      Жарна сомасынан шығын сомасы асып кетiп, тиiстi жарна шығынның орнын толтырмайтын болса да есеп айырысу ведомостын алғанға дейiн кәсiпорынның басшысы мен бас бухгалтерi қол қойған анықтама есеп айырысу қағазы негiзiнде жарнаның орнын толтыруға болады. 
      Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының төлем-тапсырыс қағазы бойынша қордың зейнетақы және төлеуге арналған есебiнен жарна төлеушiнiң ағымдағы немесе есеп айырысу шотына қаржы аудару арқылы шығын орны толтырылады.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 22-тармақ өзгертiлдi - ҚР Үкiметiнiң 1997.05.27. N   883 қаулысымен.
      23. Осы ереженiң 8-тармағында көрсетiлген Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының есебiнен жүргiзiлген қаржыларды есепке алу үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң мекемелерiнде (Ұлттық банктiң облыстық басқармаларындағы бас кассалық есеп айырысу орталықтарында) "Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының шығындары" атауымен N 829 баланстық есеп шот ашылған. 
      24. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң аудандық кассалық есеп айырысу орталықтарындағы N 829 баланстық есеп шотта осы ереженiң 2-тармағында көрсетiлген қаржыларды жинайтын ағымдағы қосалқы есеп шоттары ашылады. Ағымдағы қосалқы есеп шотты ашу үшiн өтiнiш талап етiлмейдi. Ағымдық есеп шоттағы қаржының қалдықтары әр айдың 10 және 25-iнде Зейнетақы қоры қаржысын есепке алу үшiн облыстық ұлттық банктiң Бас кассалық есеп айырысу орталығына түсiп, облыстық халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының есебiне аударылады. 
      25. Акционерлiк (коммерциялық, кооперативтiк, жеке меншiк) банктерде Зейнетақы қорына қаржы жинайтын қосалқы есеп шоттар ашылмайды, ал төлеушiлерден (аударушылардан) түсетiн қаржылар төлем төлейтiн күнi немесе келесi күннен кешiктiрiлмей банкте ашылған корреспондеттiк есеп шот арқылы Ұлттық банктiң сол кассалық есеп айырысу орталығындағы зейнетақы қорының қосалқы есеп шотына немесе облыстық ұлттық банктiң Бас кассалық есеп айырысу орталығынан облыстық халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының есебiне аударылады. 
      Аударым кешiктiрiлген жағдайда банктер Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi бекiткен Қазақстан Республикасында есеп-шотқа аудару арқылы есептесу тәртiбiн бұзғаны үшiн экономикалық айып салулар туралы Ережеге сәйкес жауап бередi. 
      26. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 26-тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 1997.07.31. N 1194 қаулысымен. 
      27. Зейнетақы қорына сақтық жарналарын аударған төлеушiлер төлемдiк-тапсырыстар қағазына тиiстi соманы толығымен көрсетiп жазады. 
      28. <*> 
      ЕСКЕРТУ. 28-тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 1997.07.31. N 1194 қаулысымен. 
      29. Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорына түскен қаржылар есебiнен зейнетақы және жәрдемақы, балалы отбасыларына жәрдемақыдан басқа төлеу шығындары "Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының қаржылары" N 829 есебiнiң қалдық қаржылары мөлшерiнде "Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының шығындары" N 828 есебiнен қаржыландырылады.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 29-33-тармақтар өзгертiлдi - ҚР Үкiметiнiң 1997.05.27.  N 883 қаулысымен. 
        30. Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi зейнетақылар мен жәрдемақылар, балалы отбасыларына жәрдемақыдан басқа төлеудi қамтамасыз ету үшiн өзiнiң облыстық басқармаларына осы Ереженiң 8-тармағында көрсетiлген мақсаттарға қаржыларды "Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының шығындары" N 828 есебiнен облыстық халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы орналасқан жердегi Зейнетақы қорына түскен қаржы қалдықтары шамасында жұмсауға құқық бередi.<*> 
      31. Зейнетақылар мен жәрдемақылар, балалы отбасыларына жәрдемақыдан басқа есептеу және төлеу жөнiндегi орталықтарға немесе халықты әлеуметтiк қорғаудың қалалық және аудандық бөлiмдерiне зейнетақылар мен жәрдемақылар, балалы отбасыларына жәрдемақыдан басқа төлеу жөнiндегi есеп шоттарға түскен Зейнетақы қорының қаржыларын есепке алу үшiн Ұлттық банк мекемелерiнде, N 609 баланстық есеп шоттар ашылады.<*> 
      Жоғарыда аталған органдар ағымдағы есеп шоттан Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң кәсiпорындарымен, сондай-ақ зейнетақылар мен жәрдемақыларды, балалы отбасыларына жәрдемақыдан басқа жеткiзiп беретiн шағын шаруашылық есептегi кәсiпорындарымен ағымдағы есеп шоттардағы қаржы қалдығы шамасында есеп айырысады.<*> 
      32. Халықты әлеуметтiк қорғау органдары (төлеу орталықтары, аудандық, қалалық халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi) зейнетақылар мен ай сайынғы жәрдемақылардың тиiстi сомасын осы ереженiң 31 тармағында көрсетiлген есеп шоттардан зейнетақы және жәрдемақы, балалы отбасыларына жәрдемақыдан басқа алушылардың салымдары бойынша есеп шоттарға халықтық банктiң және басқа акционерлiк-коммерциялық банктердiң мекемелерiне аудара алады.<*> 
      Халықтық банк мекемелерi мен басқа да АКБ мекемелерi салымдар бойынша есеп шоттарға зейнетақылар мен ай сайынғы жәрдемақыларды, балалы отбасыларына жәрдемақыдан басқа аудару халықты әлеуметтiк қорғау органдарының төлемдiк тапсырыс қағаздары бойынша Ұлттық банк мекемелерiндегi Халықтық банк пен басқа да АКБ-ның корреспонденттiк есеп шоттарына түсу арқылы айына екi рет жүргiзiледi.<*> 
      Төлемдiк тапсырыс қағаздарында халықты әлеуметтiк қорғау органдарының Халықтық банк пен АКБ-ның әрбiр мекемелерi бойынша құрылған аударылатын зейнетақылар мен жәрдемақылар, балалы отбасыларына жәрдемақыдан басқа сомасы тiзiмдерiнiң номерлерi көрсетiледi, Халықты әлеуметтiк қорғау органдары зейнетақылар мен жәрдемақылар, балалы отбасыларына жәрдемақыдан басқа аударуға арналған тiзiмдi Халықтық банк пен АКБ мекемелерiнiң бөлiмшелерiне тiкелей бередi.<*> 
      33. Зейнеткерлерге бiржолғы жәрдемақылар, зейнетақылар мен жәрдемақыларға, балалы отбасыларына жәрдемақыдан басқа үстемелер және басқа төлемдер ереженiң 31-тармағында көрсетiлген есеп шоттан халықты әлеуметтiк қорғау органдарының тапсырыс қағаздарымен төленедi, ал зейнеткерлерден атқарушы құжаттар бойынша ұсталатын сомалар аударуды халықты әлеуметтiк қорғау органдары Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң кәсiпорындары арқылы алушының мекен-жайына байланыстық аудару құжаттарымен аударады.<*> 
      Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне қаржыларды халықты әлеуметтiк қорғау органдары төлем тапсырыс қағаздары арқылы аудару операциялары бойынша олардың есеп шоттарына аударады. 
      Халықты әлеуметтiк қорғау органдары зейнеткерлерге бiржолғы жәрдемақы төлеудi халықты әлеуметтiк қорғау органының есеп беретiн адамының атына жазылған жеке чектер бойынша жүргiзе алады. 
      34. Халықты әлеуметтiк қорғау органдары жұмыс iстемейтiн зейнеткерлерге жерлеу үшiн берiлетiн жәрдемақыларды облыс көлемiнде - тапсырыс қағазы арқылы, облыстан тыс жерлерге төленген зейнетақы көрсетiлетiн шығындардың осы түрiне арналып бөлiнген қаржы есебiнен байланыс торабы арқылы жiбередi. Қажет болған жағдайларда жерлеу үшiн жәрдемақылар халықты әлеуметтiк қорғау органының жәрдемақы алушының атына жазылған нақты чегi бойынша берiлуi де мүмкiн. Чекте "Жерлеу үшiн берiлетiн жәрдемақы" деп көрсетiледi. 
      35. Зейнетақылар мен жәрдемақыларды, балалы отбасыларына жәрдемақыдан басқа аударуға жұмсалатын шығындарды төлеу Қазақстан Республикасы Зейнетақы қоры қаржыларының шығындары есебiнен есеп шотқа аудару тәртiбiмен жүргiзiледi.<*> 
      36. Төленбей қалған зейнетақылар мен жәрдемақылардың, балалы отбасыларына жәрдемақыдан басқа қайтып түскен сомалары немесе артық төлеу, ұрлау және ысырап болу бойынша келтiрiлген зиянның орнын толтыру үшiн өндiрiп алынатын қорғау бөлiмдерiнiң N 609 баланстық есеп-шотындағы ағымдағы есеп шотқа аударылады.<*> 
      37. Төлеу орталықтарының, аудандық, қалалық халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiнiң ағымдағы есеп шоттарындағы (N 609 есеп шот) қаржылардың пайдаланылмай қалған қалдықтары облыстық халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының нұсқауымен жылдың соңғы жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей оның N 828 есеп шотына қайтарылуы мүмкiн немесе оны облыстық халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы келесi жылдың есебiне қосады. 
      Зейнетақылар мен жәрдемақылардың, балалы отбасыларына жәрдемақыдан басқа жеткiзiлмей қалған сомаларын Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң кәсiпорындары, зейнетақыларды жеткiзiп беретiн халықты әлеуметтiк қорғау кәсiпорындары екi күн мерзiм iшiнде төлеу орталығының немесе аудандық (қалалық) халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмiнiң ағымдағы N 609 есеп шотына қайтарып бередi.<*> 
      Зейнеткерлердiң үйiне апарып беру үшiн аударылған зейнетақылар мен жәрдемақылардың, балалы отбасыларына жәрдемақыдан басқа келесi сомасы да жоғарыда көрсетiлген сомаларға кемуi мүмкiн.<*> 
      38. Облыстық халықты әлеуметтiк қорғау басқармалары ай сайын зейнетақылар мен жәрдемақыларды, балалы отбасыларына жәрдемақыдан басқа төлегеннен және оларды келесi айда төлеуге қаржы аударғаннан кейiн келесi айдың 10-ынан кешiктiрмей өзiнiң "Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының қаржылары" N 829 есеп шотынан телеграф арқылы Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң N 829 708 есеп шотына Ұлттық банктiң Алматы облыстық басқармасының Бас кассалық есеп айырысу орталығына (МФО 109501109) қаржының артық қалған сомасын төлем құжаттары бойынша аударады.<*> 
      39. Тиiстi аймақтарда зейнетақылар мен жәрдемақыларды, балалы отбасыларына жәрдемақыдан басқа төлеу үшiн қаржылар жетпей қалған жағдайда облыстық халықты әлеуметтiк қорғау басқармалары төлеу орталықтарының, аудандық, қалалық халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiнiң мұқтаждықтары бойынша жасаған сұраныстарын, түскен материалдарды қарап, Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне арнап ашылған "Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының қаржылары" N 829 есеп шотында қалған қаржылар мөлшерiне қарай қанағаттандыру мәселесiн шешетiн Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Зейнетақы қорының бас басқармасына жiбередi.<*> 
      40. Облыстық халықты әлеуметтiк қорғау органдары ай сайын есеп бергеннен кейiнгi келесi айдың 5-iнен кешiктiрмей Көлiк және коммуникациялар мекемелерiнен зейнетақылар мен жәрдемақыларды, балалы отбасыларына жәрдемақыдан басқа төлеуге арналған Зейнетақы қоры қаржыларының түсуi және жұмсалуы туралы есебiн алады, облыс бойынша жинақ есебiн құрап, оны Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Зейнетақы қоры Бас басқармасына жiбередi.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 35-40-тармақтар өзгертiлдi - ҚР Үкiметiнiң 1997.05.27.  N 883 қаулысымен. 

                 V. <*> 
       ЕСКЕРТУ. V-бөлiмнiң күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.07.31. N 1194 
қаулысымен. 

                V. Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының 
              қаржыларын есепке алу және есеп беру 

      47. Сақтық жарна төлеушiлердiң бәрi Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорына төлейтiн жарналар сомасы қаржылар бойынша есеп жүргiзiп отыруға мiндеттi. 
      48. Шаруашылық есептегi кәсiпорындар жарналар сомасының есебiн "Сақтандыру мен есеп айырысу" N 69 есеп шотының өндiрiс пен несие шығындары есебi мен "Қазақстан Республикасы Зейнетақы қоры мен есеп айырысу". "2" қосалқы есеп шотының дебеттiк есеп шоттары бойынша көрсетедi. 
      Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорына қаржы аудару кезiнде "Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорымен есеп айырысу" 69 есеп шотының 2 қосалқы есеп шоты дебеттеледi және "Есеп айырысу есеп шоты" 51 есеп шот кредиттеледi. 
      Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына жарналар есебiнен аударылған сомалар шаруашылық ұйымдарында "Сақтандыру мен есеп айырысу" 69 есеп шотының дебетi бойынша "Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорымен есеп айырысу" 2 қосалқы есеп шотында корреспонденцияларға "Жұмысшылармен және қызметкерлермен басқа операциялар бойынша есеп айырысу" 70 есеп шотында көрсетiледi. 
      49. Бюджеттегi ұйымдарда Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорына төленетiн жарна "Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорына берiлетiн сақтандыру жарнасы бойынша есеп айырысу" 198 қосалқы есеп шоты бойынша көрсетiледi. 
      Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорына берiлетiн жарна 198 қосалқы есеп шоттың кредитi бойынша және тиiсiнше "Бюджеттiк шығындар" 20 қосалқы есеп шотында немесе "Басқа да шығындар" 21 қосалқы есеп шоттың дебетi бойынша көрсетiледi. 
      Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына жарналар есебiнен аударылған сомалар бюджеттiк мекемелер бойынша "Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорына төленетiн сақтық жарналар бойынша есеп айырысу" 198 қосалқы есеп шотының дебетiнде және "Жұмысшылармен және қызметкерлермен есеп айырысу" 180 қосалқы есеп шотының кредитiнде, ал кассалық есеп шоттардың 180 дебетiнде және 120 кредитiнде көрсетiледi. 
      Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорына жарналарды аударған кезде 198 қосалқы есеп шоты дебеттеледi және зейнетақы мен жәрдемақы қаржыларының есептерi бойынша тиiстi қосалқы есеп шоттар (090, 100, 110) кредиттеледi.
     50. Есеп айырысу ведомостарының барлық даналарына ұйымдардың басшылары мен бас (аға) бухгалтерi қол қойып мөр басып, оны халықты әлеуметтiк қорғау органдарына өткiзедi.<*> 
      ЕСКЕРТУ. 50-тармақтың 1 абзацы алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң  1997.07.31. N 1194 қаулысымен.

     51.<*>
      ЕСКЕРТУ. 51-тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 1997.07.31.
N 1194 қаулысымен. 
     52. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдары бюджеттегi кәсiпорындар мен ұйымдар үшiн бухгалтерлiк есептер жоспарына қатысты Зейнетақы қорының бюджетiнiң орындалуы бойынша жер-жерлерде есеп жүргiзедi және Зейнетақы қоры бюджетiнiң Қазақстан Республикасы Зейнетақы қоры басқармасы белгiлеген түрде және мерзiмде орындалуы туралы тоқсан сайын қаржылық есеп жасап отырады. 

          VI. Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорына төленетiн
              жарнаға және оның жұмсалуына бақылау жасау

      53. Ұйымдардан сақтық жарналарының уақытында және толығымен келiп түсуiне халықты әлеуметтiк қорғау органдары және салық инспекциясы бақылау жасайды және ол жарна есептелетiн еңбекақы мен басқа да төлемдердiң бухгалтерлiк құжаттарын, Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының N 829 есеп шотына жарна сомаларын аудару туралы төлем тапсырыс қағаздарын; жарналар есебiнен төленген төлемдердiң құжаттарын тексеру жолымен жүргiзiледi.
     Ағымдағы жылдың, тексеру жүргiзiлетiн соның алдындағы бiр күнтiзбелiк жылдың құжаттары тексерiлуге жатады. Оның алдындағы ертеректегi құжаттар қаражаттарды жұмсауда қиянат келтiрген немесе жарна есептелетiн жалақыны жасырған жағдайлар байқалып қалғанда ғана тексерiледi.
     54. <*>
     55. <*>
     56. <*>
      ЕСКЕРТУ. 54,55,56-тармақтардың күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң     1997.07.31. N 1194 қаулысымен.

          VIII.<*>

      ЕСКЕРТУ. VIII-бөлiмнiң күшi жойылды, VI-VII бөлiмдер тиiсiнше  V-VI бөлiмдер болып есептелдi - ҚР Үкiметiнiң 1997.07.31. N 1194 қаулысымен.

     Қазақстан Республикасы Халықты
     әлеуметтiк қорғау министрi-
     Зейнетақы қоры басқармасының
     төрағасы

            "Келiсiлген"          "Келiсiлген"         "Келiсiлген"
     Қазақстан Республикасы    Қазақстан Республикасы    Қазақстан
     Ұлттық банкi төрағасының   Қаржы министрiнiң      Республикасы
     бiрiншi орынбасары         бiрiншi орынбасары        Әдiлет
                                                       министрiнiң
                                                       орынбасары