1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттік мекемелерi - аумақтық органдары Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы Әдiлет департаменттерi болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) <*>
2) "Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 16 шiлдедегi N 784
қаулысында
:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мемлекеттiк саяси қызметшiлерi мен өзге де басшы лауазымды адамдары лауазымдарының тiзбесiнде:
"Лауазымы" деген бағанда "Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әдiлет басқармаларының бастықтары, облыстар, Астана қаласы, Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi басқармаларының бастықтары, Әдiлет министрлiгiнiң "Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттiк мекемесiнiң директоры" деген жолдың "әдiлет басқармаларының" деген сөздерi "әдiлет департаменттерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мемлекеттiк саяси қызметшiлерiн және өзге де басшы лауазымды адамдарды қызметке келiсу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртiбi туралы ережеде:
5-тармақтың үшiншi абзацында "әдiлет басқармаларының" деген сөздер "әдiлет департаменттерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N
1120
қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1369 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң
мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдарының
тiзбесi
_________________________________________________________________
Қайта аталатын Қайта аталған Орналасқан жерi
_________________________________________________________________
1. Ақмола облысының 1. Ақмола облысының Көкшетау қаласы
Әдiлет басқармасы Әдiлет департаментi
2. Ақтөбе облысының 2. Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласы
Әдiлет басқармасы Әдiлет департаментi
3. Алматы облысының 3. Алматы облысының Талдықорған қаласы
Әдiлет басқармасы Әдiлет департаментi
4. Атырау облысының 4. Атырау облысының Атырау қаласы
Әдiлет басқармасы Әдiлет департаментi
5. Шығыс Қазақстан 5. Шығыс Қазақстан Өскемен қаласы
облысының Әділет облысының Әділет
басқармасы департаментi
6. Жамбыл облысының 6. Жамбыл облысының Тараз қаласы
Әдiлет басқармасы Әдiлет департаментi
7. Батыс Қазақстан 7. Батыс Қазақстан Орал қаласы
облысының Әдiлет облысының Әдiлет
басқармасы департаментi
8. Қарағанды облысының 8. Қарағанды облысының Қарағанды қаласы
Әдiлет басқармасы Әдiлет департаменті
9. Қызылорда облысының 9. Қызылорда облысының Қызылорда қаласы
Әдiлет басқармасы Әділет департаментi
10. Қостанай облысының 10. Қостанай облысының Қостанай қаласы Әдiлет басқармасы Әдiлет департаментi
11. Маңғыстау облысының 11. Маңғыстау облысының Ақтау қаласы
Әдiлет басқармасы Әдiлет департамерті
12. Павлодар облысының 12. Павлодар облысының Павлодар қаласы
Әдiлет басқармасы Әділет департаменті
13. Солтүстiк Қазақстан 13. Солтүстiк Қазақстан Петропавл қаласы
облысының Әдiлет облысының Әділет
басқармасы департаментi
14. Оңтүстiк Қазақстан 14. Оңтүстiк Қазақстан Шымкент қаласы
облысының Әдiлет облысының Әдiлет
басқармасы департаменті
15. Астана қаласының 15. Астана қаласының Астана қаласы
Әдiлет басқармасы Әдiлет департаментi
16. Алматы қаласының 16. Алматы қаласының Алматы қаласы
Әдiлет басқармасы Әдiлет департаментi
_________________________________________________________________