Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 621 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 755 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында жерүстi телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткiзу жөнiндегi комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 ақпандағы N 203 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 6, 52-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) Қазақстан Республикасында жерүстi телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткiзу жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Қуаныш Сұлтанұлы Сенаты Әлеуметтiк-мәдени даму жөнiндегi
комитетiнiң төрағасы (келiсiм бойынша)
Бурлаков - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Леонид Николаевич Сенаты Өңiрлiк даму және жергiлiктi
өзiн-өзi басқару мәселелерi жөнiндегi
комитетiнiң төрағасы (келiсiм бойынша)
Нығматулин - Қазақстан Республикасының Парламентi
Ерлан Зайроллаұлы Мәжiлiсiнiң депутаты (келiсiм бойынша)
Қосынов - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Алмас Олжабайұлы коммуникациялар министрлiгi Аэроғарыш
комитетiнiң төрағасы
Аманшаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ермек Әмiрханұлы вице-министрi
Гамарник - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Геннадий Николаевич ғылым бiрiншi вице-министрi
Жаңбыршин - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Қозы-Көрпеш Есiмұлы министрiнiң қаржы және экономика
жөнiндегі орынбасары
Петров - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович жағдайлар жөнiндегi агенттiгi
төрағасының орынбасары
мына:
"Ақпенова - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат
Раушан Төлеқызы және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң
Бұқаралық ақпарат құралдары департаменті
Телерадио хабарларын тарату басқармасының
бастығы, хатшы"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақпенова - Қазақстан Республикасы Ақпарат
Раушан Төлеқызы министрлiгiнiң Бұқаралық ақпарат
құралдары департаментi Телерадио
хабарларын тарату басқармасының бастығы,
хатшы"
2) 2 және 3-тармақтардағы "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер "Ақпарат" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 755 Қаулысымен.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінiң
мiндетiн атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 5 желтоқсандағы
N 1238 қаулысымен
бекiтiлген
Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ереже
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 755 Қаулысымен.
Осы Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 қаулысымен құрылған Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелерi жөнiндегi комиссияның қызметiн регламенттейдi.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 755 Қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.01.31 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Комиссия телерадио хабарларын тарату саласындағы қоғамдық мүддені есепке алу және қорғау, сондай-ақ халықтың теле-, радиоарналарға қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында құрылды.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 755 Қаулысымен.
3. Комиссияның қызметі өзінің құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау және шешу кезінде айқындылық және ашықтық негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 755 Қаулысымен.
3-1. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары, телерадио хабарларын тарату саласы мен үкiметтiк емес ұйымдар (келісім бойынша) өкілдерінің арасынан қалыптастырылады.
Ескерту. 1-бөлім 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 755 Қаулысымен.
4. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның мiндеттерi,
функциялары және құқықтары
5. Комиссияның негізгі мiндеттерi мен функциялары:
1) Қазақстан Республикасында бiртұтас ақпараттық кеңiстiктi қалыптастыру және телерадио хабарларын таратуды дамыту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
2) телерадио хабарларын тарату жұмысы үшiн бөлiнетiн радиожиiлiк спектрiн пайдалану тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған ұсынымдар әзірлеу;
3) телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
4) көпарналы хабар таратуда еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
5) көпарналы хабар таратуда міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
6) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиілік жолақтарын, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу жөніндегі конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және олардың техникалық және қаржылық ұсыныстарын ескере отырып, жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
7) ұлттық операторды тыңдау қорытындылары жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
8) телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнаманы сақтау мәселелерi жөнінде ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 755 Қаулысымен.
6. Негiзгi мiндеттер мен функцияларды iске асыру үшiн Комиссия заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан Комиссияның құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпаратты сұратуға;
2) Қазақстан Республикасының Yкiметiне Комиссияның қызметiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
3) қажет болған жағдайда, өз жұмысына мемлекеттiк органдардың мамандарын тартуға;
4) заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
7. Комиссияның төрағасы және дербес құрамы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi.
Комиссияның мүшелерi отырыстарға ауыстыру құқығынсыз қатысады.
8. Комиссияның төрағасы немесе оның орынбасары төрағалық етушi болып табылады.
9. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ кем дегенде жарты жылда бiр рет өткiзiледi.
Комиссияның отырыстары оның мүшелерiнiң кем дегенде үштен екi бөлiгi қатысқан жағдайда болып өттi деп саналады.
10. Комиссияның мүшелерi:
1) Комиссия отырыстарының күн тәртiбiне ұсыныстар енгiзуге;
2) отырыстарда сөз сөйлеуге және енгiзiлген ұсыныстар бойынша дауыс берудiң өткiзiлуiн талап етуге;
3) Комиссияның материалдарымен танысуға және олардың көшiрмелерiн алуға құқылы.
11. Комиссияның жұмысы ағымдағы және перспективалық жоспарлар негiзiнде жүзеге асырылады.
12. Күн тәртiбiнiң әрбiр мәселесi бойынша шешiмдер ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға қатысып отырған Комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiгi дауыс берген болса, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушiнiң даусы шешушi болып саналады.
13. Қажет болған жағдайда, Комиссияның шешiмдерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының нормативтiк құқықтық кесiмдерiн қабылдау үшiн ұсынылуы мүмкін.
14. Комиссия отырыстарының хаттамаларын оның жұмыс органы ресiмдейдi және қол қойылғаннан кейiн Комиссия мүшелерiне таратылады. Қажет болған жағдайда Комиссия шешiмдерiнен үзiндi көшiрмелер мүдделi мемлекеттiк және өзге де органдарға жiберiледi.
15. Комиссияның жұмыс органы Комиссия отырыстарының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар мен қажет материалдарды дайындауды жүзеге асырады және олардың iске асырылуын қамтамасыз етеді.
16. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi болып табылады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 755 Қаулысымен.