1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы оған ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты республикалық мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.
2. Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.24 N 387 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 29 қарашадағы
N 1212 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасына
оларға қатысты республикалық мемлекеттiк меншiк құқығы
субъектiсiнiң функциялары берiлетiн республикалық
мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi
1. "Мемлекеттiк резиденциялар дирекциясы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.
2. "Бүркiт" мемлекеттiк авиакомпаниясы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.
3. "Қазақстан Республикасының Президентi Iс басқармасының автошаруашылығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.
4. "Қараөткел" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.
5.
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.02.16. N
178
қаулысымен.
6. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi мен Үкiметiнiң әкiмшiлiк ғимараттарының дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.