Қазақстан Республикасының Президентi Іс басқармасының кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы N 1212 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы оған ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты республикалық мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.

      2.  Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.24  N 387 Қаулысымен.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2003 жылғы 29 қарашадағы
N 1212 қаулысына  
қосымша       

       Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасына
оларға қатысты республикалық мемлекеттiк меншiк құқығы
субъектiсiнiң функциялары берiлетiн республикалық
мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.18 N 154, 2012.03.11 N 311 Қаулыларымен.

      1. "Мемлекеттiк резиденциялар дирекциясы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.
      2. "Бүркiт" мемлекеттiк авиакомпаниясы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.
      3. "Қазақстан Республикасының Президентi Iс басқармасының автошаруашылығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.
      4. "Қараөткел" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.
      5.  Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.02.16 N 178 Қаулысымен.
      6. "Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
      7. «Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Алматы қаласындағы әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.