2001 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен бекiтiлген Санаткерлiк меншiк саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмнiң (бұдан әрi - Келiсiм) 4-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ зияткерлiк меншiктi қорғау саласында келiсiлген нысандарды әзiрлеу және өзара iс-қимыл әдiстерiн iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Келiсiмдi орындауға жауапты мемлекеттiк органдардың тiзбесi мынадай болып белгiленсiн:
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi;
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi;
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi;
Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігі (қаржы полициясы); <*>
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келiсiм бойынша).
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.09.06. N 936 , 2006.01.13. N 38 Қаулыларымен.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Келiсiмдi орындауға жауапты мемлекеттiк органдардың белгiленуi туралы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетiне хабарласын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі