Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 1995 жылғы 17 сәуiрдегi және " Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2003 жылғы 7 сәуiрдегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзілсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиярлардың) тiзбесiнде:
реттік нөмiрi 5-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"мұнай өнiмдерiн өндіру";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының, сондай-ақ мемэнергияқадағалау органының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзiмiнде:
"Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзiмi" деген I бөлiм мынадай мазмұндағы 26-тармақпен толықтырылсын:
"26. Мұнай өнiмдерiн өндiру.";
"Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензиялайтын жұмыстар мен қызмет түрлерінің тiзiмi" деген II бөлiм мынадай мазмұндағы 22-тармақпен толықтырылсын:
"22. Мұнай өнiмдерiн өндiру.";
"Тау-кен техникалық қадағалау қорытындысы қажет, лицензиялайтын жұмыстар мен қызмет түрлерінің тiзiмi" деген III бөлiм мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
"10. Мұнай өнiмдерiн өндiру.";
2)
күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.28.
N 1311
(ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.