Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 және 1999 жылғы 10 мамырдағы N 556 қаулыларына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 2 қазандағы N 1015 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 1995 жылғы 17 сәуiрдегi және " Мұнай  өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2003 жылғы 7 сәуiрдегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзілсiн:
      1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекітiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиярлардың) тiзбесiнде:
      реттік нөмiрi 5-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "мұнай өнiмдерiн өндіру";
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының, сондай-ақ мемэнергияқадағалау органының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзiмiнде:
      "Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзiмi" деген I бөлiм мынадай мазмұндағы 26-тармақпен толықтырылсын:
      "26. Мұнай өнiмдерiн өндiру.";
      "Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензиялайтын жұмыстар мен қызмет түрлерінің тiзiмi" деген II бөлiм мынадай мазмұндағы 22-тармақпен толықтырылсын:
      "22. Мұнай өнiмдерiн өндiру.";
      "Тау-кен техникалық қадағалау қорытындысы қажет, лицензиялайтын жұмыстар мен қызмет түрлерінің тiзiмi" деген III бөлiм мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
      "10. Мұнай өнiмдерiн өндiру.";
      2) "Өнеркәсiп саласындағы қызметтің лицензияланатын түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 мамырдағы N 556 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 18, 189-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекітiлген Өнеркәсiп саласындағы қызметтiң лицензияланатын түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "мұнай өнiмдерiн өндiру";
      мынадай мазмұндағы бөлiммен толықтырылсын:
      "Мұнай өнiмдерiн өндiруге қойылатын бiлiктiлiк талаптары
      Бiлiктiлiк талаптары:
      1) еңбек пен қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік талаптарға сәйкес келетін өндiрiс паспорты мен технологиялық регламенттің;
      2) өндірістік-техникалық базаның:
      мамандандырылған өндiрiс ғимараттарының;
      мұнай және (немесе) газ өңдеуші жабдықтардың, соның iшiнде стандарттау және өлшемдердiң бiртұтастығын қамтамасыз ету жөнiндегi тиiстi нормативтiк құжаттарға жауап беретiн технологиялық желiлер мен өлшеу құралдарының;
      3) уәкiлетті органмен келiсiм бойынша стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы мемлекеттiк орган белгiлейтiн талаптарға жауап беретiн мұнай өнiмдерiн өндiру мен сату көлемдерi туралы ақпаратты уәкiлеттi органға автоматтандырылған берудi қамтамасыз ететiн есепке алуды бақылау приборларының;
      4) шикiзатты және дайын өнiмдi, жарылыс-өрт қаупі бар, әсерi күштi улы заттар мен өртке қарсы материалдарды сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың;
      5) өнiм сапасының стандарттарға, нормаларға және техникалық шарттарға сәйкестiгін бақылау жөнiндегi аттестатталған зертхананың (қызмет көрсетуге арналған шарт);
      6) белгiленген тәртiппен бекiтiлген:
      объектiлердi қауiпсiз пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтың;
      өндiрiсте болуы мүмкiн аварияларды жою жоспарының;
      7) мыналарды қамтамасыз ететiн қызметтердiң:
      технологиялық процестердiң сақталуын және берiлген сападағы өнiмнiң шығарылуын;
      жабдықтарды, тетіктерді, құрылғылар мен жарақтарды пайдалану мен техникалық қызмет көрсетудi;
      еңбек қауiпсiздiгiн бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;
      өндiрiсті метрологиялық қамтамасыз етудi;
      8) өтiнiш берушiнiң қауiпсiздiк, қоршаған ортаны қорғау ережелерiне және санитарлық талаптарға сәйкестiгiн растайтын тау-кен-техникалық, экологиялық және санитарлық қадағалау қорытындыларының;
      9) жұмыстың арнайы түрлерiне (мұнай өнiмдерiн тасымалдау жөнiндегi қызметтердi көрсету болған кезде қауiпті жүктердi тасымалдауға, оны пайдаланған жағдайда шетелдiк жұмыс күшiн тартуға) лицензияның (рұқсаттың);
      10) тиiстi бiлiм беру деңгейiне жауап беретiн және мамандығы бойынша нақты жұмыс тәжiрибесi бар техникалық басшылардың бiлiктi құрамының, техникалық пайдалану мен қауiпсiздiк ережелерiн бiлуге бiлiктiлiк тексеруден өткен мамандардың болуын қамтиды".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі