Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттiк үлестерiне кiрiс туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 25 сәуiрдегi N 404
қаулысына
мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 1-тармақта:
3) тармақшадағы "1, 2 және 3" деген сандар "1, 2, 3 және 4" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) осы қаулыға 4-қосымшада көрсетiлген Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық корпусқа қызмет көрсетудi жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншiктегi акционерлiк қоғам таза кiрiстiң 20 (жиырма) пайызын дивидендтердi төлеуге жұмсайды деп белгiленсiн";
2) 2-тармақта:
"Индустрия және сауда" деген сөздерден кейiн ", Сыртқы iстер" деген сөздермен толықтырылсын;
"2 және 3" деген сандар "2, 3 және 4" деген сандармен ауыстырылсын;
3) 3-тармақтағы "1, 2 және 3" деген сандар "1, 2, 3 және 4" деген сандармен ауыстырылсын;
4) осы қаулыға қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 25 сәуірдегі
N 404 қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық
корпусқа қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, акцияларының
жүз пайызы республикалық меншіктегі акционерлік қоғам
"Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету жөніндегі басқарма" ЖАҚ