Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 25 сәуiрдегi N 404 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 30 қыркүйектегі N 1002 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 633 Қаулысымен

Күшін жойған

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.07.26.  N 633 Қаулысымен. 

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттiк үлестерiне кiрiс туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 25 сәуiрдегi N 404  қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 1-тармақта:
      3) тармақшадағы "1, 2 және 3" деген сандар "1, 2, 3 және 4" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) осы қаулыға 4-қосымшада көрсетiлген Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық корпусқа қызмет көрсетудi жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншiктегi акционерлiк қоғам таза кiрiстiң 20 (жиырма) пайызын дивидендтердi төлеуге жұмсайды деп белгiленсiн";
      2) 2-тармақта:
      "Индустрия және сауда" деген сөздерден кейiн ", Сыртқы iстер" деген сөздермен толықтырылсын;
      "2 және 3" деген сандар "2, 3 және 4" деген сандармен ауыстырылсын;
      3) 3-тармақтағы "1, 2 және 3" деген сандар "1, 2, 3 және 4" деген сандармен ауыстырылсын;
      4) осы қаулыға қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің         
2003 жылғы 30 қыркүйектегі 
N 1002 қаулысына      
қосымша          

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2003 жылғы 25 сәуірдегі  
N 404 қаулысына      
4-қосымша         

Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық
корпусқа қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, акцияларының
жүз пайызы республикалық меншіктегі акционерлік қоғам

      "Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету жөніндегі басқарма" ЖАҚ