Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық клиникалық аурухана" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі N 989 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Республикалық клиникалық аурухана" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінiң "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк қайта тiркелуін қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсін:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 9-67-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "9-67 "Ұлттық ғылыми медициналық
      орталық" республикалық
      мемлекеттік кәсіпорны
      (шаруашылық жүргiзу
      құқығындағы)                           Астана қаласы";
      2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 16 қарашадағы N 1465 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 40, 508-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекітiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдар тiзбесiнде:
      "Мемлекеттiк кәсiпорындар" деген 2-бөлімде:
      реттік нөмiрi 64-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "64. Ұлттық ғылыми медициналық орталық";
      3) "Республикада медициналық бiлiм берудi одан әрі жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 28 қыркүйектегi N 1469 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 48, 450-құжат):
      мемлекеттік жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдарының клиникалық базасы болып табылатын ауруханалардың, емханалар мен дәрiгерлiк амбулаториялардың тізбесінде:
      "Қазақ мемлекеттік медицина академиясының клиникалық базалары" деген бөлiмде:
      3-абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ұлттық ғылыми медициналық орталық".

      4. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі