Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Республикалық клиникалық аурухана" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінiң "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк қайта тiркелуін қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсін:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 9-67-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"9-67 "Ұлттық ғылыми медициналық
орталық" республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
(шаруашылық жүргiзу
құқығындағы) Астана қаласы";
2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28 N 1117 Қаулысымен.
3) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.03.02 № 157 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
4. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі