Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.08.2017 № 520 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 мамырдағы N 644 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 18, 229-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардың КСРО Сыртқыэкономбанкі шоттарында оқшауландырылған қаражаттарын қайтару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Досаев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Ерболат Асқарбекұлы министрі, төраға
Өзбеков - Қазақстан Республикасының Қаржы
Ғани Нұрмаханбетұлы вице-министрі, төрағаның орынбасары
Жәкенов - Қазақстан Республикасының Әділет
Асқар Серікжанұлы министрлігі мемлекеттің мүліктік
құқықтарын қорғау, шарттар және талап
қою-қуыну жұмыстары басқармасының
бастығы
мына:
"Болатбекова - Қазақстан Республикасының Қаржы
Гүлбағила Қоңырбайқызы министрлігі Еларалық қаржы қатынастары
басқармасының бастығы, хатшы"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Болатбекова - Қазақстан Республикасы Қаржы
Гүлбағила Қоңырбайқызы министрлігінің Халықаралық қаржы
қатынастары департаменті директорының
орынбасары, хатшы";
көрсетілген құрамнан Кәрімжанов Зейнолла Халидоллаұлы, Иванов Леонид Александрович, Әкежанов Қуат Балқашұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының |