Мазут экспортына уақытша тыйым салуды енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қыркүйектегі N 945 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы N 171 Қаулысымен

Күшін жойған

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.20.  N 171 Қаулысымен.

      Ел экономикасының мұқтаждары үшін мазуттың жеткiліктi қорын жасау қажеттiлiгiне байланысты және Қазақстан Pecпубликасының 2003 жылғы 5 сәуiрдегi Кеден кодексiнің  8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. 2004 жылғы 1 наурызға дейiн мазутты (ТМД СЭҚ TH коды 2710 00 710-2710 00 780) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынсын.

      2. Қазақстан Pecпубликасының Кедендiк бақылау агенттiгi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажеттi шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi белгіленген тәртiппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетiн осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Pecпубликасының аумағынан мазуттың әкетiлуiне тыйым салуды енгізетіндігі туралы хабардар етсiн.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.

      5. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі