Кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 қыркүйектегі N 923 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 116 қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 13.03.2017 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 646 бұйрығын қараңыз.

      "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 12 қыркүйектегі
N 923 қаулысымен
бекiтiлген

Кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру ережесi
1. Жалпы ережелер

      1. Кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабына сәйкес әзiрлендi.

      2. Осы Ереже жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және кемелер ұшырайтын оқиғаларды болдырмау және қоршаған ортаны қорғау мақсатында кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру тәртiбiн регламенттейді.

      3. Лоцмандар арасында орындалатын жұмысты шектеудi теңiз портының капитаны лоцмандардың дайындық деңгейiне, алып өтетiн кемелердiң үлгiсi мен мөлшерiне және лоцмандық алып өту ауданының нақты жағдайын көрсететiн басқа да факторларға байланысты белгiлейдi.

      4. Кемелердi лоцмандық алып өтудi белгiлi бiр аудандарда кемелердi лоцмандық алып өту құқығы туралы лоцмандық куәлiгi бар теңiз лоцмандары жүзеге асырады. Лоцмандық куәлiктi осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теңiз портының капитандары бередi. Куәлiкте лоцманға рұқсат етiлген алып өту ауданы көрсетiледi.

      5. Теңiз лоцмандары теңiз сауда порттарының лоцмандық қызметтерiнiң құрамына кiредi.

      6. Лоцмандық қызметтер теңiз порттарының қаражаты есебiнен ұсталады. Лоцмандық қызметтiң жұмысын ұйымдастыру осы порттың (ауданның) нақты жағдайларына байланысты белгiленедi.

      7. Лоцмандарды даярлау үшiн лоцмандық қызметте стажердiң қажеттi саны болуы мүмкiн.

      8. Теңiз порттары бойынша мiндеттi актiлерде, лоцияларда және теңiзшiлерге хабарламаларда кемелердi лоцмандық алып өтудiң мiндеттi және мiндеттi емес аудандары жарияланады.

      9. Мiндеттi лоцмандық алып өтудiң аудандарында кемелердiң мынадай санаттары лоцмандық алып өтуден босатылады: әскери кемелер, әскери-қосалқы кемелер, шекаралық корабльдер, кеден кемелерi, тиiстi ауданда жұмысты тұрақты жүзеге асыратын порт және қосалқы флот кемелерi, сондай-ақ өзге де шағын кемелер. Мiндеттi лоцмандық алып өтуден босату туралы шешiмдi теңiз порттарының капитаны қабылдайды және теңiз порттары бойынша мiндеттi актiлерде жарияланады.

      10. Кемелердi алып өту уақытын (тәулiк бойы, тәулiктiң жарық уақытында, суға толтырып және т.с.с.) теңiз порттарының капитандары белгiлейдi және теңiз порттары бойынша мiндеттi актiлерде хабарланады.

      11. Лоцмандық қызметтер және теңiз лоцмандары кеменi тиесiлi лоцмандық алып өтпегенi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес жауапты болады.

      12. Кеменi тиесiлi емес лоцмандық алып өтуге кiнәлi лоцман бiліксiз деп танылуы мүмкiн.

      Лоцманды бiлiксiз деп тану - теңiз лоцманын белгiлi бiр аудандарда кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру құқығынан айыру.

      Лоцмандық куәлiктi алып қою адам өмiрiне тiкелей қатер тудырған, теңiз лоцманының ол лауазымдық мiндеттерiн орындаған кездегi әрекетi (әрекетсiздiгi) нәтижесiнде кемеге немесе теңiз ортасына залал келтiрiлген жағдайларда порт капитанының төрағалық етуiмен бiлiктiлiк комиссиясының шешiмi бойынша жүргiзiледi.

      Жаңа лоцмандық куәлiктi беру тек қайта даярлаудан өткеннен кейiн жүзеге асырылады.

2. Теңiз лоцмандарының қызмет саласы

      13. Теңiз лоцмандары осы Ережеге сәйкес кемелердi авариясыз алып өтудi және теңiз порты бойынша мiндеттi aктi мен теңiз әкiмшiлiгiнiң қызметi кезекшiсiнiң нұсқауларына сәйкес кеменi зәкiрге немесе бөшкеге қоюды және одан алуды, кемелердi байлап қоюды, байлаудан босатуды, портта кемелердi ауыстырып қоюды қамтамасыз етедi.

      14. Лоцмандар порт айдынының жай-күйiн бақылайды және теңiз порты капитанының тапсырмасы бойынша порт айдынында және порт сулары шегінде тереңдiгiн өлшеудi жүргiзедi.

      15. Егер теңiз порттары жөнiндегi мiндеттi актiлер шарттары бойынша басқа шектелген уақыт белгiленбесе, сондай-ақ апатты жағдайлар (судың тартылуы, тұман, мұз жағдайлары және т.с.с.) бойынша оларды қауiпсiз алып өту қамтамасыз етiлмеген жағдайлардан басқа кезде лоцмандар кеменi тәулiктiң кез келген уақытында алып өтедi.

      16. Кемелердi алып өту кезiнде лоцмандар навигациялық қоршаулардың жай-күйiн және дұрыстығын бақылайды және теңiз әкiмшілiгiне барлық ақаулар мен кемшiлiктер туралы дереу хабарлайды. Олар сонымен қатар алып өтетiн кемелерде немесе жолда кездесетiн басқа да кемелерде болатын барлық авариялық жағдайлар туралы хабарлайды.

      17. Лоцмандар алып өтетiн кемелердiң теңiздiң мұнай өнiмдерiмен ластануының алдын алу жөнiндегi ережесiн, сондай-ақ санитарлық ереженi (борт сыртына қоқыс тастау және т.с.с.) сақтауын бақылайды.

      18. Лоцмандар мемлекеттiк шекараны, порт құрылыстарын, фарватерлердi және т.с.с қорғау жөнiндегi заңнаманың талаптарын орындайды, сондай-ақ фарватерлердiң тереңдiгiн өлшеудiң жүргiзiлмеуiн бақылайды.

      19. Лоцмандар алып өтетiн кемелердiң капитандарына кеме қатынасы ережесiн, порттар жөнiндегi теңiз әкiмшiлiгiнiң кесiмдерiн және басқа да қолданылып жүрген ережелердi сақтаудағы анықталған бұзушылықтар туралы хабарлайды және анықталған бұзушылықтарды жоюды талап етедi, ал лоцманның көрсетiлген және өзге де заңды талаптарын капитан орындамаған жағдайда бұл туралы теңiз әкiмшiлiгiне дереу хабарлайды.

      20. Лоцмандық алып өту ауданында кемемен болған авариялық жағдайда немесе адамдармен болған жазатайым оқиғада лоцмандар көмек көрсету жөнiндегi барлық мүмкiн шараларды қабылдайды.

      21. Егер кеме капитаны лоцманға өтiнiмдi теңiз порты жөнiндегi мiндеттi актiде немесе лоциде белгiленген мерзiмде берсе, лоцман кемеге өтiнiмде көрсетiлген уақытта келедi. Лоцманның көрсетiлген мерзiмде келуi мүмкiн болмаған жағдайда, порттың лоцмандық қызметi кеме капитанына лоцманның келу уақыты мен орны туралы хабарлайды. Лоцманмен бiрге кемеге лоцман стажерi жiберiлуi мүмкiн.

      22. Егер портқа келетiн кеме лоцман қабылдайтын жерге өтiнiмде капитан көрсеткен уақытта келмеген жағдайда, осы кемеге жiберiлген лоцман басқа мақсат бойынша пайдаланылуы мүмкiн. Кешiккен кеме мұндай жағдайларда лоцмандық алып өтумен кезек ретiмен қамтамасыз eтiледi.

      23. Капитан лоцманды және стажердi кеме бортына тез және қауiпсiз қабылдауды қамтамасыз етедi және бұл ретте лоцмандық боттың (кеменiң) зақымдалуына жол бермейдi. Лоцманды қабылдау және түсiру кезiнде кеме капитаны лоцман ботымен байланыс ұстауға және онымен өз әрекетiн келiсуге тиiс. Лоцманның келу сәтiнен бастап және оның кетуiне дейiн кемеде халықаралық сигналдар жинағына сәйкес келетiн - "Менiң бортымда лоцман бар" деген жалау белгi көтерiлуi тиiс.

      24. Қолайсыз ауа райы жағдайында, теңiзден келе жатқан кемеге лоцманды лоцмандық боттан түсiру мүмкiн болмағанда капитанымен келiсiм бойынша лоцман алып өтудi лоцманды кеме бортына қабылдауға мүмкін жерге дейiн лидер болу әдiсiмен жүзеге асыруы мүмкiн. Лидер болу әдiсi кеме капитанымен келiсiм бойынша порттан кеменi шығару кезiнде де қолданылуы мүмкiн. Кеме мен лоцман боты арасында сенiмдi байланыс қамтамасыз етiлуi тиiс.

      25. Кемеге келген лоцман лоцмандық куәлiгiн көрсетедi және капитанға осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысанда лоцмандық түбiртектi тапсырады. Кеме капитаны түбiртекке енгiзiлген барлық деректi өз қолымен куәландырып толтырады. Қажет болған кезде кеме капитаны түбiртекте лоцманның кеменi алып өтуiне тиесілi жағдайларға қатысты қосымша өз ескертулерiн көрсетуi мүмкiн.

      26. Портқа бiрiншi рет келетiн кеме капитанына лоцман теңiз порты бойынша мiндеттi актiлердi ұсынады.

      27. Кеме бортында лоцман мен стажер болған кезеңде кеме капитаны оларға командалық құрам тұлғаларымен тең бөлек үй-жай мен тағамды ақысыз бередi.

      28. Кеме капитаны лоцманның талап етуi бойынша оның қызметтік жұмысы мәселелерi жөнiнде байланысуы үшiн кеме радиостанциясын оған тегiн пайдалануға бередi.

      29. Лоцмандық алып өту қауiпсiздiгiнде көрiнiс табатын жағдайлар туындаған кезде (көрiнудiң нашарлауы, тұман, фарватерде тереңдiктiң азаюы және т.с.с.) кеме капитаны лоцманның талабы бойынша лоцман көрсеткен тәртiппен кеме электр радионавигациялық жабдықтары құралдарын (эхолот, радиолокатор, радиопеленгатор және басқалары) пайдаланады. Алып өту ауданында жағалаулық радиолокациялық станция болған кезде лоцман бұл жағдайларда оның қызметiн пайдалануы мүмкiн.

      30. Қауiпсiз жүзу мақсатында кеме капитаны лоцманның орынды ұсынымдарын ескередi. Рөлдеушiге барлық бұйрықтарды капитан өзi бередi. Егер де маневрдi орындауды жеделдету мақсатында капитан лоцманның өзiне бұйрық беруге рұқсат етсе, онда бұл жағдайда олар капитан бұйрығы бойынша орындалған болып саналады, ол үшiн капитан жауапты болады. Капитан мiнбеден кеткен жағдайда лоцманға оның болмайтын кезiнде кеменi басқаруға жауапты тұлғаны көрсетедi.

      31. Егер капитан кемеге лоцманды қабылдап, оның ұсынымдарын ескермесе, соңғысының үшiншi тұлғаның қатысуымен кеменi алып өтудi жалғастырудан бас тартуы мүмкiн, бұл туралы кеме журналына және лоцмандық түбiртекке жазылу тиiс. Бұдан басқа, лоцман болған оқиға туралы лоцмандық қызметке дереу хабарлайды. Алайда, алып өтуден бас тартқаннан кейiн де лоцман мiнбеде қалады және егер капитанға қауiпсiз жүзу үшiн мәлiметтер қажет болса, ол олар туралы хабарлайды.

      32. Лоцман ұсынымының дұрыстығына күмән келтiрген жағдайда кеме капитаны оның қызметiнен бас тартуы мүмкiн. Бұл ретте мүмкiн болатын лоцмандық алып өтудiң мiндеттi ауданында кеме басқа лоцманның келуiн күтуге тоқтатылуы тиiс.

      33. Лоцман капитанның келiсiмiнсiз кеме қауiпсiз жерде зәкiрге отырғызылғанға, байлаудан босатылғанға, теңiзге шығарылғанға немесе лоцман басқа лоцманмен ауыстырылғанға дейiн кеменi тастай алмайды. Лоцман теңiзде кеменi тастауға белгiленген жер ауа райы жағдайы бойынша немесе басқа себептермен өзгертiлуi мүмкiн, бұл туралы капитан дер кезiнде хабардар етілуi тиiс.

      34. Теңiз лоцмандарының қызметiн пайдаланатын кемелерден, соның iшiнде лидер болу әдiсi кезiнде лоцман қызметi үшiн белгiленген тәртiппен төлем алынады. Бұл бiр лоцманның бiрiнен соң бiрi келе жатқан бiрнеше кемелердi алып өту жағдайына да жатады. Кемелерден лоцманның қызметiне төлемдi өндiрiп алу үшiн кеме капитаны қол қойған лоцмандық түбiртек немесе радиотелеграфтық растау негiз болады.

      35. Лоцманды шақыртқан және соңғысы келгеннен соң оның қызметiнен бас тартқан капитан лоцман шақырылған алып өту үшiн тиiстi лоцманның қызметiне толық ақы төлеу үшiн лоцмандық түбiртектi толтырады және оған қол қояды.

      36. Кемеге тиеу немесе одан түсiру қажеттiгi, кеме тетiктерiнiң ақауы, су толуын күту, кеменiң карантинде болуы және басқа да жағдайлар салдарынан, егер олар дүлей күштер әсерiнен туындамаса, лоцман кемеде екi сағаттан аса кідiрген жағдайда кеме капитаны белгiленген мөлшерде сыйақы төлейдi.

      37. Егер лоцман алып өтетiн кемемен олар қызмет көрсететiн ауданнан тыс әкетiлген жағдайда, капитан лоцманға тұрақты жұмыс орнына керi қарай жол жүру құнын (сол немесе өзге көлiк түрiне арналған билет құнын, қайтып келу уақытына тәулiктiк ақыны және қажет болған кезде қонақ үйде тұру құнын) өтейдi.

      38. Кеме капитаны мiндеттi емес лоцмандық алып өтудiң ауданында, егер мұны қажет деп тапса, шығыстарды кеме иеленушi есебiне жатқыза отырып, лоцманды кемеге алуы мүмкiн.

  Кемелерді лоцмандық алып өтуді
жүзеге асыру ережесіне
1-қосымша

      Қазақстан Республикасының

      елтаңбасы

      Лоцмандық куәлік

      Қазақстан Республикасының

      Көлік және коммуникациялар

      министрлігі

      N......... куәлік

      Осы Қазақстан

      Республикасының азаматына

      __________________________

      барлық жалаулар кемелерін

      __________________________

      алып өту үшін қызметте

      __________________________

      істейтіні жөнінде берілген

  Кемелерді лоцмандық алып өтуді
жүзеге асыру ережесіне
2-қосымша

      Қазақстан Республикасының

      Көлік және коммуникациялар

      министрлігі

      N _____________ лоцмандық түбіртек

      1. Лоцманның тегі _________________________________________________

      2. Кеменің атауы __________________________________________________

      3. Кеме жалауы ____________________________________________________

      4. Кеме шөгуі ____________ ұшы ____________ артқы жағы ____________

      5. Кеме мөлшері ____________ ұзындығы ____________ ені ____________

      6. Тізімдік тоннаж ____________ нетто ____________ брутто _________

      7. Кіретін соңғы порты ____________________________________________

      8. Баратын порты __________________________________________________

      9. Кеме иесі ______________________________________________________

      10. Капитанның тегі _______________________________________________

      11. Лоцманның кемеге келу уақыты ... күні ... уақыты ...

      12. Лоцманның кемеден кету уақыты ... күні ... уақыты

      13. Қайдан және қай жерге дейін кеме алып өтілген _________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Күні ____________ капитанның қолы ____________