Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша жеңілдетілген бағаның мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 қыркүйектегі N 918 қаулысы

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      ҚР Үкіметінің 19.12.2015 № 1021 қаулысымен күші жойылады (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер  кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жеңілдетілген бағаның мөлшері барлық әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша жеке меншікке сатылатын жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының 50 пайызы болып бекітілсін.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.06.11. N 482 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі