Жердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі N 910 қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.29. N 943 (қаулы алғаш рет peсми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.29. N 943 (қаулы алғаш рет peсми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      1. Қоса берiлiп отырған Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу ережесi бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.29. N 943 (қаулы алғаш рет peсми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      2. <*>
      Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.13. N  862 (қаулы алғаш рет peсми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2003 жылғы 8 қыркүйектегі
N 910 қаулысымен    
бекiтілген      

Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу
ережесi

      Ескерту. Мәтін бойынша сөздер алмастырылды - ҚР Үкіметінің 2004.12.29. N 1417 , 2006.06.06. N 511 , тақырыбына өзгерту енгізілді - 2006.09.29. N 943 (қаулы алғаш рет peсми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулыларымен.

      1. Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу, сондай-ақ басқа санаттардың құрамындағы жердi олардың нысаналы мақсатының өзгеруiне байланысты жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санатына ауыстыруды Қазақстан Республикасының Үкiметi және облыстық атқарушы органдар (республикалық маңызы бар қала, астана) Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген жер учаскелерiн алып қою және беру жөнiндегi өзiнiң құзыретi шегiнде жүргiзедi.
      Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу мүдделi орталық атқарушы органдардың ұсынымы бойынша мемлекеттiк экологиялық сараптаманың және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiне оң қорытынды болған кезде жүргiзiледi.

      2. Облыстық атқарушы органның (республикалық маңызы бар қала, астана) тапсырмасы бойынша және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы аумақтық уәкiлеттi органның (республикалық маңызы бар қала, астана) (бұдан әрі - аумақтық орган) ұсыныстары негiзiнде тиiстi облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - облыстық жер қатынастары жөнiндегi орган) сұралған жердi жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу жөнiндегi жерге орналастыру жобасын әзiрлеудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi.
      Жердi жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу жөнiндегi жерге орналастыру жобасы қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi аумақтық органмен, облыстық органдармен келiсiледi және оны облыстық жер қатынастары жөнiндегi орган бекiтедi.
      Жердi жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу туралы бекiтiлген жерге орналастыру жобасының негiзiнде тиiстi облыстық облыстық жер қатынастары жөнiндегi орган облыстық атқарушы органның осы мәселе бойынша шешiмiнiң жобасын дайындайды.
      Жердi жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу облыстық атқарушы органның (республикалық маңызы бар қала, астана) шешiмi бойынша жүргiзiледi.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.29. N 1417 қаулысымен.

      3. Жердi республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның ұсынымы негiзiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы тиiстi жерге орналастыру жобасын әзiрлеудi ұйымдастырады.
      Жердi республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу жөнiндегi жерге орналастыру жобасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, орталық атқарушы органмен келiсiледi және оны облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы бекiтедi.
      Жердi республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу туралы бекiтiлген жерге орналастыру жобасы және облыстық атқарушы органның осы мәселе бойынша шешiмi негiзiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органымен бiрлесiп Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң осы мәселе бойынша шешiмiнiң жобасын дайындайды.
      Жердi республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санатына жатқызу Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша жүргiзiледi.
      Ескерту. 3-тармаққа өөгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.29. N 1417 , 2006.06.06. N 511 қаулыларымен.

      4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызуға арналған жер құрамына енгiзiлген жердi жер учаскелерiнiң меншiк иелерiнен және жер пайдаланушылардан алып қою (сатып алу) жер заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

      5. <*>
      Ескерту. 5-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.09.29. N  943 (қаулы алғаш рет peсми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      6. <*>
      Ескерту. 6-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.09.29. N  943 (қаулы алғаш рет peсми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      7. <*>
      Ескерту. 7-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.09.29. N  943 (қаулы алғаш рет peсми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      8. <*>
      Ескерту. 8-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.09.29. N  943 (қаулы алғаш рет peсми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      9. <*>
      Ескерту. 9-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.09.29. N  943 (қаулы алғаш рет peсми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      10. <*>
      Ескерту. 10-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.09.29. N 943 (қаулы алғаш рет peсми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      11. <*>
      Ескерту. 11-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.09.29. N 943 (қаулы алғаш рет peсми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      12. <*>
      Ескерту. 12-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.09.29. N 943 (қаулы алғаш рет peсми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      13. <*>
      Ескерту. 13-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.09.29. N 943 (қаулы алғаш рет peсми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      14. <*>
      Ескерту. 14-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.09.29. N 943 (қаулы алғаш рет peсми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен. жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

      15. <*>
      Ескерту. 15-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.09.29. N 943 (қаулы алғаш рет peсми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.