"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру ережесi бекiтiлсiн.
2. <*>
Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.13. N
862
(қаулы алғаш рет peсми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу
және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру
ережесi
Ескерту. Мәтін бойынша сөздер алмастырылды - ҚР Үкіметінің 2004.12.29. N 1417 , 2006.06.06. N 511 қаулыларымен.
1. Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу, сондай-ақ басқа санаттардың құрамындағы жердi олардың нысаналы мақсатының өзгеруiне байланысты жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санатына ауыстыруды Қазақстан Республикасының Үкiметi және облыстық атқарушы органдар (республикалық маңызы бар қала, астана) Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген жер учаскелерiн алып қою және беру жөнiндегi өзiнiң құзыретi шегiнде жүргiзедi.
Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу мүдделi орталық атқарушы органдардың ұсынымы бойынша мемлекеттiк экологиялық сараптаманың және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiне оң қорытынды болған кезде жүргiзiледi.
2. Облыстық атқарушы органның (республикалық маңызы бар қала, астана) тапсырмасы бойынша және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы аумақтық уәкiлеттi органның (республикалық маңызы бар қала, астана) (бұдан әрі - аумақтық орган) ұсыныстары негiзiнде тиiстi облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - облыстық жер қатынастары жөнiндегi орган) сұралған жердi жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу жөнiндегi жерге орналастыру жобасын әзiрлеудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi.
Жердi жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу жөнiндегi жерге орналастыру жобасы қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi аумақтық органмен, облыстық органдармен келiсiледi және оны облыстық жер қатынастары жөнiндегi орган бекiтедi.
Жердi жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу туралы бекiтiлген жерге орналастыру жобасының негiзiнде тиiстi облыстық облыстық жер қатынастары жөнiндегi орган облыстық атқарушы органның осы мәселе бойынша шешiмiнiң жобасын дайындайды.
Жердi жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу облыстық атқарушы органның (республикалық маңызы бар қала, астана) шешiмi бойынша жүргiзiледi.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.29. N
1417
қаулысымен.
3. Жердi республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның ұсынымы негiзiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы тиiстi жерге орналастыру жобасын әзiрлеудi ұйымдастырады.
Жердi республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу жөнiндегi жерге орналастыру жобасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, орталық атқарушы органмен келiсiледi және оны облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы бекiтедi.
Жердi республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу туралы бекiтiлген жерге орналастыру жобасы және облыстық атқарушы органның осы мәселе бойынша шешiмi негiзiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органымен бiрлесiп Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң осы мәселе бойынша шешiмiнiң жобасын дайындайды.
Жердi республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санатына жатқызу Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша жүргiзiледi.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.29. N
1417
, 2006.06.06. N
511
қаулыларымен.
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызуға арналған жер құрамына енгiзiлген жердi жер учаскелерiнiң меншiк иелерiнен және жер пайдаланушылардан алып қою (сатып алу) жер заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
5. Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың резервiне қалдыру үшiн белгiленген тәртiппен бекiтiлген ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту жөнiндегi бағдарлама негiз болып табылады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.29. N
1417
қаулысымен.
6. Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың резервiне қалдыру облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдiгiнiң қаулысы негiзiнде жүзеге асырылады.
7. Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың резервiне қалдыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу үшiн облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдiгi белгiленген тәртiппен құрамында облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана), аумақтық қалалық және аудандық орган әкiмдiктерiнiң, облыстық жер қатынастары жөнiндегi органның, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi облыстық (қалалық) органның, орман және аңшылық шаруашылығы облыстық аумақтық органының және басқа да мүдделi ұйымдардың өкiлдерi бар арнайы комиссия құрады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.29. N
1417
қаулысымен.
8. Арнайы комиссия жер учаскелерiнiң мүдделi меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар өкiлдерiнiң қатысуымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар резервiн қалдыруға арналған жер учаскелерiн орналасқан жерiнде зерттейдi.
9. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар резервiн қалдыруға арналған жердi далалық зерттеудiң нәтижелерi арнайы комиссия мүшелерi мен жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өкiлдерi қол қоятын зерттеу жоспарының (сызба) қосымшасымен бiрге актімен ресiмделедi.
Бұл құжаттарда ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың резервiне қалдырылатын жердiң орналасқан жерi, олардың алаңы, жердiң сапалық жағдайы, бұл аумақтарды қорғау және пайдалану режимдерi, оларда ғимараттар мен құрылыстардың болуы және олардың құны туралы барлық мәлiметтер көрсетiледi.
10. Арнайы комиссияның, осы комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданған ұсынысы бойынша және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту жөнiндегi бағдарламаға сәйкес облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдiгi ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер резервiн қалдыру туралы қаулы шығарады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.29. N
1417
қаулысымен.
11. Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың резервiне қалдыру кезiнде заңнамада белгiленген тәртiппен оларды пайдалануда мемлекеттiк табиғи-қорық қор объектiлерiн сақтауды қамтамасыз ететiн шектеулер көзделедi.
12. Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың резервiне қалдыру жер пайдаланушылардан және жер учаскелерiнiң меншiк иелерiнен жердi алмай-ақ жүргiзiледi.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiнiң құрамына белгiленген тәртiппен берiлгенге дейiн резервке қалдырылған жердi бұрынғы мемлекеттiк немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушылар мен жер учаскелерiнiң меншiк иелерi Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнамасына сәйкес пайдаланылады.
13. Резервке қалдырылған жер учаскелерiне оларды ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiнiң құрамына беру кезiнде жер пайдалану құқығын беру ұйымдастырылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санатына және осы учаскелерге енгiзілетiн құқықтық қорғау режимiне қарай (республикалық немесе жергiлiктi маңызы бар) белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдiгiнiң қаулыларымен жүргiзiледi.
14. Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың резервiне қалдыру жөнiндегi жерге орналастыру жұмыстары осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санатына қарай республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
15. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың резервiне қалдырылған жердiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды жергiлiктi жерде мүдделi мемлекеттiк органдардың қатысуымен облыстық жер қатынастары жөнiндегi орган жүзеге асырады.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N
511
қаулыcымен.