Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:
1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.12 N 578 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.12.2014 № 1315 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3) "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 45-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Нашақорлыққа және есiрткi бизнесіне қарсы күрес жөнiндегi комитетi туралы ережеде:
11-тармақтың 2) тармақшасында ", сондай-ақ экспорттық және импорттық операциялар туралы шешімдерді келіседі" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі