Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 қыркүйектегі N 893 қаулысы.

Жаңартылған

       Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:
      1) (Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.12. N 578 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      2) "Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 10 қарашадағы N 1693 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 47-48, 556-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру ережесiнде:
      мәтіндегi:
      "Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi", "Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгінің", "Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiмен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi", "Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің", "Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi", "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң", "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiмен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi", "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінің", "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлiгiмен", "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттiгiмен", "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi" деген сөздермен ауыстырсын;
      9-тармақтың 2) тармақшасында "экспорт пен импортқа лицензия алуға негiз беретiн" деген сөздер алынып тасталсын;
      13-тармақтың 1), 6) тармақшалары алынып тасталсын;
      44-тармақта:
      1) тармақша алынып тасталсын;
      2) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгінің келiсiм-хаты (дәрі-дәрмек құралдары болып табылмайтын прекурсорларды әкелу жағдайында)";
      47-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      1) "есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке (есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелумен (әкетумен) айналысуға) лицензияны;";
      48-тармақта:
      "Импорт/экспортты жүзеге асыру құқығына" деген сөздер "есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке (есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелумен (әкетумен) айналысуға)" деген сөздермен ауыстырсын;
      "алушы елге жiберiледі" деген сөздер "алушы елдiң уәкiлетті органына жiберіледi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 45-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Нашақорлыққа және есiрткi бизнесіне қарсы күрес жөнiндегi комитетi туралы ережеде:
      11-тармақтың 2) тармақшасында ", сондай-ақ экспорттық және импорттық операциялар туралы шешімдерді келіседі" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі