"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына және "Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. <*>
Ескерту. 1-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.06.22. N
613
(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1)
күші жойылды
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензия беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тізбесінде:
реттік нөмірі 26-жол, 3-баған мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын;
"пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық әдістермен қолдану жөніндегі қызмет";
көрсетілген қаулымен бекітілген санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының, сондай-ақ мемэнергияқадағалау органының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тізімінде:
"Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тізімі" деген І бөлім мынадай мазмұндағы 25-2-тармақпен толықтырылсын:
"25-2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық әдістермен қолдану жөніндегі қызмет";
"Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензиялайтын жұмыстар мен қызмет түрлерінің тізімі" деген ІІ бөлім мынадай мазмұндағы 21-2-тармақпен толықтырылсын:
"21-2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық әдістермен қолдану жөніндегі қызмет".
Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды -
ҚР Үкіметінің 2007.07.19. N
610
(2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 20 тамыздағы
N 833 қаулысымен
бекітілген
Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік
және фумигациялық әдістермен қолдану жөніндегі
қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға
қойылатын біліктілік талаптары
Ескерту. Қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.06.22. N
613
(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.