"Қазақстанның Даму банкі" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 тамыздағы N 787 қаулысы

Қолданыстағы

      "Қазақстанның Даму банкі туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 25 сәуірдегі Заңның 24-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстанның Даму банкі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Даму банкі) акционерлерінің жалпы жиналысына:
      1) Даму банкі Директорлар кеңесінің құрамына:
      Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Ербол Тұрмаханұлы Орынбаевты;
      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ғани Нұрмаханбетұлы Өзбековты;
      Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бірінші вице-министрі Асқар Ұзақбайұлы Маминді сайлау;
      2) Даму банкі Директорлар Кеңесінің құрамынан Арман Ғалиасқарұлы Дунаевты, Леонид Александрович Ивановты, Александр Иванович Андрющенконы шығару ұсынылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі