Министрлiктердің, агенттiктер мен ведомстволардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметiн ведомствоаралық үйлестiрудi күшейту жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселелерi жөнінде ведомствоаралық комиссия құрылсын.
2. Қоса берiліп отырған Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселелерi жөнiнде ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасы
Yкiметінiң
2003 жылғы 1 тамыздағы
N 776 қаулысына
қосымша
Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселелерi
жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы
Есiмов - Қазақстан Республикасы
Ахметжан Смағұлұлы Премьер-Министрiнiң орынбасары
Самақова - Қазақстан Республикасының
Айткүл Байғазықызы Қоршаған ортаны қорғау министрi,
төрағаның орынбасары
Елеуiшев - Қазақстан Республикасының
Бекболат Сәдуақасұлы Қоршаған ортаны қорғау
министрлiгi Мемлекеттiк бақылау
департаментiнiң директоры, хатшы
Комиссия мүшелерi:
Ысқақов - Қазақстан Республикасының
Нұрлан Әбдiлдаұлы Қоршаған ортаны қорғау вице-
министрi
Кәрiбаев - Қазақстан Республикасының
Ержан Ғаббасұлы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлiгi Геология
комитетi төрағасының орынбасары
Қадыркеев Наурызбай - Қазақстан Республикасының
Абдулбақытұлы Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Орман және аңшылық шаруашылығы
комитетi төрағасының орынбасары
Рябцев - Қазақстан Республикасының
Анатолий Дмитриевич Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Су ресурстары жөнiндегi
комитетiнiң төрағасы
Райымбеков - Қазақстан Республикасының
Каналбек Өтжанұлы Жер ресурстарын басқару
жөніндегі агенттiгi төрағасының
орынбасары
Байсеркин - Қазақстан Республикасының
Бауыржан Сәтжанұлы Денсаулық сақтау министрлiгi
Мемлекеттiк санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
комитетінiң төрағасы
Оглов Вадим Валерьевич - Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар жөнiндегi
агенттігi төрағасының орынбасары
Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.07.20. N 772
қаулысымен
.
Қазақстан Республикасы
Yкiметінiң
2003 жылғы 1 тамыздағы
N 776 қаулысымен
бекітілген
Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселелерi
жөнiндегі ведомствоаралық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Қоршаған ортаны қорғау сапасын тұрақтандыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Комиссияның негiзгi мiндетi министрлiктер, агенттiктер мен ведомстволардың Қазақстан Республикасының қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселелерi бойынша қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
4. Комиссияның функциялары:
шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн бағалау мен болжауды жүргiзу және оның қоршаған ортаға әсерiн азайту жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
Қазақстан Республикасының заңнамасын экологияландыру бойынша ұсыныстарды қарау және дайындау;
қоршаған ортаны қорғауды және табиғатты пайдалануды басқару жүйелерiн оңтайландыру бойынша ұсынымдар дайындау;
табиғат қорғау қызметiнде қоршаған ортаны қорғауды көтермелеудiң экономикалық құралдарын енгiзу бойынша ұсыныстар дайындау;
5. Комиссия:
табиғатты пайдалану процестерін реттеу және қолданыстағы табиғат қорғау заңнамасын жалпы қабылданған халықаралық талаптарға сәйкес келтiру бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне белгiленген тәртiппен енгiзуге;
Комиссияның құзыретiне енетiн мәселелер бойынша экологиялық қауiптi қызмет түрлерiмен айналысатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлер өкілдерiн және мемлекеттiк органдардың өкiлдерiн Комиссияның отырысына шақыруға және оларды тыңдауға;
Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан заңнамада белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға.
7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиiстi материалдарды, ұсыныстарды дайындауды комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
8. Комиссияның төрағасы комиссияға басшылық жасауды жүзеге асырады; комиссия отырысының күн тәртiбiн белгiлейдi.
10. Комиссияның хатшысы комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындайды және ол өткеннен кейiн хаттаманы ресiмдейдi.
12. Отырыстың күн тәртiбiн, сондай-ақ отырыстың өткiзiлетiн уақыты мен орнын комиссияның төрағасы белгiлейдi.
13. Комиссияның шешiмi ашық дауыспен қабылданады және егер оған комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданған болып саналады, хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатқа ие.
14. Шешiм қабылдау кезiнде Комиссия мүшелерi тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
15. Комиссияның шешiмi Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдары мен ұйымдарына комиссия отырысының хаттамасы түрiнде жеткiзiледi.
16. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi комиссияның жұмыс органы болып табылады.