Ескерту. Тақырыпта және мәтiн бойына "ведомствоаралық" деген сөз алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.03.01. N 177 қаулысымен .
Министрлiктердің, агенттiктер мен ведомстволардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметiн үйлестiрудi күшейту жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселелерi жөнінде комиссия құрылсын.
2. Қоса берiліп отырған Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселелерi жөнiнде комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасы
Yкiметінiң
2003 жылғы 1 тамыздағы
N 776 қаулысына
қосымша
Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселелерi
жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы
Есiмов - Қазақстан Республикасы
Ахметжан Смағұлұлы Премьер-Министрiнiң орынбасары
Самақова - Қазақстан Республикасының
Айткүл Байғазықызы Қоршаған ортаны қорғау министрi,
төрағаның орынбасары
Елеуiшев - Қазақстан Республикасының
Бекболат Сәдуақасұлы Қоршаған ортаны қорғау
министрлiгiнiң Табиғатты қорғау
комитетi төрағасының бiрiншi
орынбасары, хатшы
Комиссия мүшелерi:
Ысқақов - Қазақстан Республикасының
Нұрлан Әбдiлдаұлы Қоршаған ортаны қорғау вице-
министрi
Райымбеков - Қазақстан Республикасының
Каналбек Өтжанұлы Жер ресурстарын басқару
жөніндегі агенттiгi төрағасының
орынбасары
Iзмұхамбетов - Қазақстан Республикасының Энергетика
Бақтықожа Салахатдинұлы және минералдық ресурстар бiрiншi
вице-министрi
Мырзахметов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Асқар Исабекұлы шаруашылығы бiрiншi вице-министрi
Бижанов - Қазақстан Республикасының Төтенше
Нұрахмет Құсайынұлы жағдайлар бiрiншi вице-министрi
Әйтекенов - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Медiбайұлы және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi
Белоног - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Анатолий Александрович сақтау вице-министрi, Қазақстан
Республикасының Бас мемлекеттік
санитарлық дәрiгерi
Әбiлғазин - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Талғат Байтемiрұлы коммуникация вице-министрi
Әбдiмомынов - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Азамат Құрманбекұлы ғылым вице-министрi
Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.07.20. N 772 қаулысымен , 2005.03.01. N 177 қаулысымен .
Қазақстан Республикасы
Yкiметінiң
2003 жылғы 1 тамыздағы
N 776 қаулысымен
бекітілген
Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселелерi
жөнiндегі ведомствоаралық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Қоршаған ортаны қорғау сапасын тұрақтандыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Комиссияның негiзгi мiндетi министрлiктер, агенттiктер мен ведомстволардың Қазақстан Республикасының қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселелерi бойынша қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
4. Комиссияның функциялары:
шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн бағалау мен болжауды жүргiзу және оның қоршаған ортаға әсерiн азайту жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
Қазақстан Республикасының заңнамасын экологияландыру бойынша ұсыныстарды қарау және дайындау;
қоршаған ортаны қорғауды және табиғатты пайдалануды басқару жүйелерiн оңтайландыру бойынша ұсынымдар дайындау;
табиғат қорғау қызметiнде қоршаған ортаны қорғауды көтермелеудiң экономикалық құралдарын енгiзу бойынша ұсыныстар дайындау;
5. Комиссия:
табиғатты пайдалану процестерін реттеу және қолданыстағы табиғат қорғау заңнамасын жалпы қабылданған халықаралық талаптарға сәйкес келтiру бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне белгiленген тәртiппен енгiзуге;
Комиссияның құзыретiне енетiн мәселелер бойынша экологиялық қауiптi қызмет түрлерiмен айналысатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлер өкілдерiн және мемлекеттiк органдардың өкiлдерiн Комиссияның отырысына шақыруға және оларды тыңдауға;
Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан заңнамада белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға.
7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиiстi материалдарды, ұсыныстарды дайындауды комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
8. Комиссияның төрағасы комиссияға басшылық жасауды жүзеге асырады; комиссия отырысының күн тәртiбiн белгiлейдi.
10. Комиссияның хатшысы комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындайды және ол өткеннен кейiн хаттаманы ресiмдейдi.
12. Отырыстың күн тәртiбiн, сондай-ақ отырыстың өткiзiлетiн уақыты мен орнын комиссияның төрағасы белгiлейдi.
13. Комиссияның шешiмi ашық дауыспен қабылданады және егер оған комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданған болып саналады, хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатқа ие.
14. Шешiм қабылдау кезiнде Комиссия мүшелерi тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
15. Комиссияның шешiмi Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдары мен ұйымдарына комиссия отырысының хаттамасы түрiнде жеткiзiледi.
16. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi комиссияның жұмыс органы болып табылады.