Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі N 724 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы" 2003 жылғы 13 маусымдағы N 1107  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасының кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар;
      3) Агенттiктiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) оның мүлiктi басқару жөнiндегi функциялары және өкiлеттiктерi Агенттiкке берiле отырып таратылсын.

      3. Агенттiктi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру Агенттiкке берiлетiн штат саны шегiнде республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiн ұстауға көзделген қаржы есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      4. Агенттiк төрағасына үш, оның ішінде бір бірінші орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.05.17. N  464  қаулысымен.

      5. Комитеттiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi Агенттiктiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi болып қайта аталсын.

      6. Агенттiк, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне 2003 жылға бөлiнген бюджет қаражатын қайта бөлуді қамтамасыз етсiн.

      7. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.

      8. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 қазандағы N 1521  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 42, 487-құжат), 1-1-тармағынан басқа, күшi жойылды деп танылсын.

      9. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2003 жылғы 22 шілдедегі 
N 724 қаулысымен    
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру
және байланыс жөнiндегi агенттiгi туралы ережесi

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрамына кiрмейтiн, ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға уәкiлеттiк берiлген орталық атқарушы орган болып табылады.

      2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясына , Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Агенттiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiде бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының қазыналық органдарында және банктерде бюджеттiк және валюталық шоттары болады.
      Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Егер Агенттiкке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болуға құқығы бар.

      4. Агенттiк өзiнiң мемлекеттiк өкiлеттiгi шеңберiнде заңнамада белгiленген тәртiппен өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар түрiнде кесiмдер басып шығарады.

      5. Агенттiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      6. Агенттiктiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Әуезов көшесi, 71.

      7. Агенттiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi" мемлекеттiк мекемесi.

      8. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтайшы құжаты болады.

      9. Агенттiктiң қызметiн қаржыландыру тек қана республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Агенттiкке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Aгенттіктің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Агенттiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берiлген жағдайда, осындай қызметтен алынған кіріс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жіберіледі.

  2. Агенттiктiң негiзгi мiндеттері,
функциялары және құқықтары

      10. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      1) байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және оның iске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын іске асыру;
      2) өз құзыретi шегiнде ақпараттандыру және байланыс саласындағы қызметтi мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру;
      3) радиожиiлiк спектрiн бөлу және пайдалану саласындағы, сондай-ақ өз құзыретiнiң шегiнде ақпараттандыру және байланыс саласында метрология, стандарттау және сертификаттау аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу және оның iске асырылуын қамтамасыз ету;
      4) байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк техникалық қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру;
      5) ұсыныстар әзiрлеуге қатысу және Қазақстан Республикасының ақпараттандыру мен байланысын дамытудың және жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары мен басымдықтарын iске асыру, олардың сапасын, қол жетiмдiлiгiнiң және орнықты жұмыс iстеуiн арттыру;
      6) радиожиiлiк спектрiн пайдалануды жоспарлау, сондай-ақ оның тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету;
      7) ақпараттандыру және байланыс қызметтерiн көрсету рыногының жұмыс iстеуi үшiн жағдайлар жасау;
      8) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және жобалау жұмыстарына, сондай-ақ ақпараттандыру және байланыс саласындағы кадрларды оқытуға даярлауға және бiлiктiлiгiн арттыруға мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру;
      9) ақпараттандыру және байланыс саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.

      11. Агенттiк өз құзыретi шегiнде заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды және байланыс инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөнiндегі жұмысты ұйымдастыру;
      2) ақпараттандыру және байланыс саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және қабылдау;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзыретiне жатқызылған қызмет түрлерiн лицензиялау;
      4) лицензиялау саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      5) байланыс, ақпараттандыру және радиожиiлiк спектрiн пайдалану саласындағы заңды және жеке тұлғалардың қызметiне мемлекеттiк техникалық қадағалау мен бақылауды қамтамасыз ету;
      6) фискальдық жады бар бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттiк тiзiлiмiне(нен) компьютерлiк жүйелердi енгiзу (алып тастау) үшiн қорытындылар беру тәртiбiн айқындау және беру;
      7) мемлекеттiк органдармен бiрлесiп телерадио хабарларын тарату жүйелерiн дамыту жобаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
      8) ақпараттандыру және байланыс құралдарын пайдалануға қабылдап алу жөнiндегi iс-шараларға қатысу;
      9) жалпыға бiрдей пайдаланылатын телекоммуникациялық желiнi құрайтын телекоммуникациялық желiлердiң қалааралық және халықаралық трафигiн өткiзу тәртiбiн және телекоммуникация желiлерiнiң өзара iс-қимыл жасайтын операторларының арасында өткiзiлетiн жүктеме үшiн өзара есеп айырысу қағидаттарын анықтау;
      10) байланыс және ақпараттандыру саласындағы метрология, стандарттау және сертификаттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды әзiрлеуге, сондай-ақ метрология, стандарттау және сертификаттау мемлекеттiк жүйелерiн жетілдіру жөнiнде жұмыстарды жүзеге асыруға, оның iшiнде мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеуге қатысу;
      11) Ұлттық почта операторының ұсынысымен почталық ақы төлеу мемлекеттiк белгiлерiнiң түрлерi мен шығару көлемiн бекiту;
      12) байланыс операторларынан және ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердiң иелерiнен ведомстволық статистикалық есептемелер жинауды жүзеге асыру, соның негiзiнде ақпараттандыру және байланыс қызметтерiн көpceту рыногының жағдайын талдау;
      13) телекоммуникациялар желiлерiнiң нөмiрлеу ресурстарын бөлу тәртiбiн анықтау, Интернет желiсiнiң қазақстандық сегментiнiң атаулы кеңiстiгiн бөлу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру және оны бөлу тәртiбiн анықтау;
      14) құрылып жатқан ведомствоаралық мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi техникалық қолдауды ұйымдастыру, мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi желiаралық бiрiктiрудi қамтамасыз ету тәртiбiн әзiрлеу және бекiту;
      15) халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiру, халықаралық шарттарды дайындау мен жасасуды жүзеге асыру;
      16) радиобақылауды және радиоқабылдауды индустриялық кедергiлерден қорғауды, сондай-ақ радиожиiлiк спектрiн пайдалануға мемлекеттiк техникалық қадағалау мен бақылауды жүргiзу;
      17) радиоэлектронды құралдарды және жоғары жиiлiктi құрылғыларды сатып алуға (сатуға), жобалауға, салуға (орнатуға), пайдалануға және шет елден әкелуге рұқсаттарды беру;
      18) радиоэлектронды құралдарды және жоғары жиiлiктi құрылғыларды тiркеу;
      19) заңды және жеке тұлғалардың радиоэлектронды құралдарының электромагниттiк сәйкестiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдық-техникалық iс-шаралардың орындалуын, азаматтық мақсаттағы радиоэлектронды құралдардың электромагниттiк сәйкестiгiн есептеудi және аспапты бағалауды жүргiзудi бақылау;
      20) мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша радиоэлектронды құралдардың электромагниттiк сәйкестiгiн қамтамасыз ететiн жиiлiктiк-аумақтық таралу нормаларын бекiту;
      21) радиоэлектронды құралдармен және жоғары жиiлiктi құрылғылармен радиоқабылдауға және радиотаратуға жасалатын кедергiлер туралы ренiш-талаптарды қарау және оларды жою жөнiндегi iс-шараларды қолдану туралы шешiм қабылдау;
      22) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар, террорлық актiлер кезiнде ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді басқаруды жүзеге асыру;
      23) мемлекеттiк ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеу, ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргізу;
      24) орнықтылық пен ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi ескере отырып, байланыс пен ақпараттандыруды дамыту саласында ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру;
      25) ақпараттандыру және байланыс саласындағы объектiлердi жекешелендiру мәселелерiн шешуге қатысу;
      26) ақпараттандыру және байланыс саласындағы жұмылдыру дайындығы мен мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға қатысу;
      27) ақпараттандыру және байланыс саласындағы республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн және қатысудың мемлекеттiк үлестерiн иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыру;
      28) ақпараттандыру және байланыс саласындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органының функцияларын жүзеге асыру;
      29) Қазақстан Республикасының почта байланысын дамыту және почта-жинақтау жүйесiн қалыптастыру бағдарламасын әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсыну;
      30) почта байланысы қызметтерiн көрсетудi ұсынатын шағын және орта бизнес субъектiлерiне қолдау көрсету;
      31) почталық ақы төлеу белгiлерiнiң мемлекеттiк жинағын қалыптастыру;
      32) почтаның Ұлттық операторының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында почта байланысының өндiрiстiк объектiлерiне почталық индекстер беру;
      33) почта желiлерiмен жөнелтуге шек қойылған нәрселер мен заттардың тiзбесiн, почта жөнелтімдеріндегі почталық штемпельдi қолдану тәртiбiн, почтаның Ұлттық операторы қызметкерлерiнiң нысанды киiм (пагонсыз) үлгiлерiн, оларды кию тәртiбiн қамтамасыз ету нормаларын бекiту;
      34) франкировальдi машиналарды қолдану үшiн рұқсат беру тәртiбiн, сондай-ақ оларды пайдалану тәртiбiн анықтау;
      35) заңнамамен Агенттiкке жүктелген өзге функциялар.

      12. Қойылған мiндеттердi және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшiн Агенттiктiң заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарға құқығы бар:
      1) ақпараттандыру және байланыс саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қарауына енгiзуге;
      2) мемлекеттiк органдардан, өзге ұйымдардан және заңды тұлғалардан Агенттiкке жүктелген функциялар мен мiндеттердi жүзеге асыруға қажеттi ақпаратты сұрауға және алуға;
      3) байланыс пен ақпараттандыру жүйелерiнiң жұмыс тәртiбiн анықтайтын нормативтiк құқықтық кесiмдердiң талаптарын стандарттарды және нормаларды бұзушылықты жою туралы заңды және жеке тұлғаларға ұсыныстар енгiзуге;
      4) оларға тиiсiнше қол жеткiзу мен байланыс желiлерi мен құралдарының, ақпараттандыру жүйелерiнiң (әскери, құқық қорғау, сондай-ақ басқа да әскерилендiрiлген құралымдарды қоспағанда) жұмыстарына тексеру жүргiзуге;
      5) өз құзыретiне енетiн мәселелер бойынша әдiстемелiк материалдар, ұсынымдар әзiрлеуге;
      6) сотқа қуыныммен жүгiнуге, оның қаралуына қатысуға;
      7) консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын алқа құруға;
      8) сараптамалар және консультациялар жүргiзу үшiн сарапшыларды, мамандарды, сондай-ақ өзге мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерiн өз құзыретi шегiнде тартуға;
      9) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге құқықтарды жүзеге асыруға.

  3. Агенттiктiң мүлкi

      13. Агенттiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi бар.
      Агенттiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен, сондай-ақ құны Агенттiктiң теңгерiлiмiнде көрсетiлетiн өзге мүлiктен қалыптастырылады.

      14. Агенттiкке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      15. Егер заңнамалық кесiмдермен өзгеше көзделмесе, Агенттiктiң оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған, оған бекiтiлген мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

  4. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру

      16. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын төраға басқарады.
      Төрағаның ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Төрағаның үш орынбасары болады.

      17. Агенттiктiң төрағасы Агенттiктiң жұмысын ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады және Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауап бередi.

      18. Осы мақсатта Агенттiктiң төрағасы:
      1) Агенттiктiң бұйрықтарына қол қояды;
      2) өз орынбасарларының және Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн анықтайды;
      3) заңнамаға сәйкес Агенттiктiң қызметкерлерiн және аумақтық органдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат санының лимиттерi шегiнде Агенттiктiң және оның аумақтық органдарының штаттық кестесiн, құрылымын бекiтедi;
      5) мемлекеттiк органдарда және өзге ұйымдарда Агенттiктiң өкiлеттiгiн бiлдiредi;
      6) Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      7) заңнамада белгiленген тәртiппен Агенттiктiң қызметкерлерiн және аумақтық органдарының басшыларын көтермелейдi, сондай-ақ тәртiптiк жаза қолданады;
      8) Агенттiктiң құзыретiне енетiн басқа мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды;

      19. Агенттiк қабылдайтын шешiмдер Агенттiк төрағасының бұйрықтарымен ресiмделедi.

      20. Агенттiк төрағасының жанынан консультативтiк-қеңесшi органы болып табылатын алқа құрылады. Алқаның сандық және жеке құрамын Агенттiктiң төрағасы бекiтедi.

      21. Агенттiктiң заңды тұлға болып табылатын аумақтық органдары - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң облыстар мен Астана, Алматы қалалары бойынша ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi басқармалары бар.

  5. Агенттiктi қайта ұйымдастыру мен тарату

      22. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2003 жылғы 22 шілдедегі 
N 724 қаулысымен   
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр
шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 39-жолда "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасында почта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау, радиожиiлiк спектрiн пайдалану тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 қарашадағы N 1443  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 48, 469-құжат):
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында почта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау, радиожиiлiгi спектрiн пайдалану тәртiбi туралы ережеде:
      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы және 18 және 35-тармақтардың екiншi абзацтарындағы "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi комитетiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген аталған Ережеге 3-қосымшада: "Жалпы ережелер" деген 1-бөлiмнiң екiншi және үшiншi абзацтарындағы "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi комитетiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысына :
      иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрлерi 120, 136, 156, 160-2, 160-17-жолдар алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне" деген бөлiм және реттiк нөмiрi 256-жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрлерi 270, 271, 272, 273, 274, 275-жолдармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiне
      270 "Индустриялық парк" ЖАҚ
      271 АЛА-002765 "Қазақтелеком" ААҚ
      272 АЛА-003001 "Қазпочта" ААҚ
      273 "Өнеркәсiпбайланыс" ЖАҚ
      274 "Веснет" БК ЖАҚ
      275 "Ұлттық ақпараттандыру технологиялары" ЖАҚ".

      4. <*>
       Ескерту. 4-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2004.11.24. N  1232  қаулысымен.

      5. "Мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 қазандағы N 1501  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 42, 485-құжат):
      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiмен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. "Қазақстан Республикасының көлiк-коммуникация кешенiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 қарашадағы N 1665  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 46, 546-құжат):
      1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағының жетiншi абзацы, 2-тармағы алынып тасталсын.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2003 жылғы 22 шілдедегі 
N 724 қаулысымен   
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң
аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң
тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi басқармасы.
      2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi басқармасы.
      3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң Ақтөбе облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi басқармасы.
      4. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң Атырау облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi басқармасы.
      5. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi басқармасы.
      6. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң Жамбыл облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi басқармасы.
      7. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi басқармасы.
      8. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң Қарағанды облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi басқармасы.
      9. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң Қызылорда облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi басқармасы.
      10. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң Қостанай облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi басқармасы.
      11. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң Маңғыстау облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi басқармасы.
      12. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң Павлодар облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi басқармасы.
      13. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi басқармасы.
      14. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi басқармасы.