"Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 шілдедегі N 721 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамы Директорлар кеңесiнiң мынадай құрамда сайлануын қамтамасыз етсiн:
      Нұралы Сұлтанұлы Бектұрғанов - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым вице-министрi;
      Әсет Өрентайұлы Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi;
      Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;
      Азамат Рысқұлұлы Ойнаров - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;
      Арман Ғалиасқарұлы Дунаев.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі