"Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 шілдедегі N 721 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамы Директорлар кеңесiнiң мынадай құрамда сайлануын қамтамасыз етсiн:
      Әмрин Ғұсман Кәрiмұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi, төраға;
      Азамат Рысқұлұлы Ойнаров - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi
      Геннадий Николаевич Гамарник - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым бiрiншi вице-министрi
      Haталья Артемовна Коржова - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi
      Евгений Евгеньевич Доминов - "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамы басқармасының төрағасы
       ЕСКЕРТУ. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Yкiметiнiң 2004.07.26. N 791  қаулысымен
      ЕСКЕРТУ. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Yкiметiнiң 2004.08.03. N 827  қаулысымен

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі