Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбiр кедендік режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбелерiн, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдерге орналастырылған тауарлармен жасалатын операцияларды жүргiзуге арналған тыйым салулар мен шектеулерді бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 681 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Кеден  кодексiнiң 8,   125,   142,   153,   165,   175,   182,   240-баптарына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салулар;
      2) кеден қоймасының кедендік режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi;
      3) бажсыз сауда дүкенiнiң кедендік режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi;
      4) тауарларды кеден аумағында қайта өңдеудiң кедендік режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi;
      5) тауарларды еркiн айналыс үшін қайта өңдеудің кедендік режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi;
      6) тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеудің кедендiк режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi;
      6-1) тауарлар экспорты кедендiк режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесі (2-қосымша);
      6-2) тауарлардың кері экспорты кедендiк режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi" (3-қосымша);
      7) еркiн қоймаларда тауарлармен жасалатын операцияларды жүргізуге арналған жекелеген тыйым салулар мен шектеулер;
      8) тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеу жөнiндегi жекелеген операцияларға арналған шектеулер бекiтілсін.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.14.  N 353  қаулысымен.

      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2003 жылғы 10 шілдедегі 
N 681 қаулысымен   
бекітілген      

Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан
Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан
әкетуге тыйым салулар

  1. Қазақстан Республикасына әкелуге тыйым салынған тауарлар

      1. Әр тектi әскери үлгiдегi қару-жарақ және оның оқ-дәрiлерi, жаппай қырып-жою қаруы, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдар мен жабдықтар.
       Ескерту.  Осы тармақта көрсетiлген тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмдерiне сәйкес әкелiнуi мүмкiн.
      2. Есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар, сондай-ақ оларды тұтынуға арналған керек-жарақтар.
       Ескерту.  Осы тармақта көрсетiлген тауарларды әкелу Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне сәйкес жүзеге асырылуы мүмкiн.
      3. Мемлекеттiк және қоғамдық құрылысқа нұқсан келтiруге бағытталған, соғысты, терроризмдi, зорлық-зомбылықты, нәсiлшiлдiктi насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ порнографиялық мазмұндағы материалдар.

  2. Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған тауарлар

      4. Әр тектi әскери үлгiдегi қару-жарақ, оның оқ-дәрiлерi және әскери жабдықтар, жаппай қырып-жою қаруы, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдар мен жабдықтар.
       Ескерту.  Осы тармақта көрсетiлген тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмдерiне сәйкес әкетiлуi мүмкiн.
      5. Өнер туындылары, көне заттар және елеулi көркем, тарихи, ғылыми немесе мәдени құндылықты бiлдiретiн өзге де заттар.
       Ескерту.  Осы тармақта көрсетiлген заттар тек Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен берiлетiн Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң ерекше рұқсатымен ғана әкетiлуi мүмкiн.
      6. Қызыл кiтапқа енгiзiлген жануарлар мен өсiмдiктер әлемiнiң өкiлдерi және киiк мүйiзi.
       Ескерту.  Осы тармақта көрсетiлген тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне және Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенцияға сәйкес әкетiлуi мүмкiн .
      7. Есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар, сондай-ақ оларды пайдалануға арналған құралдар.
       Ескерту.  Осы тармақта көрсетiлген тауарларды әкету Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне сәйкес жүзеге асырылуы мүмкiн.
      8. Күшi жойылған бағалы қағаздар.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2003 жылғы 10 шілдедегі 
N 681 қаулысымен   
бекітілген     

Кеден қоймасының кедендiк
режимiне орналастыруға тыйым салынған
тауарлардың тiзбесi

      1. Әр тектi әскери үлгiдегi қару, оның оқ-дәрiлерi, әскери жабдықтар мен жарылғыш заттар.
      2. Қару-жарақ, әскери техника, оларды өндiруге арналған арнайы жиынтық бұйымдар.
      3. Мемлекеттiк және қоғамдық құрылысқа нұқсан келтiруге бағытталған, соғысты, терроризмдi, зорлық-зомбылықты, нәсiлшiлдiктi насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ порнографиялық мазмұнды материалдар.
      4. Өнер туындылары, көне заттар және елеулi көркем, тарихи, ғылыми немесе мәдени құндылықты бiлдiретiн өзге де заттар.
      5. Киiктердiң, маралдардың, теңбiл бұғылар мен үзбаралардың мүйiздерi, сондай-ақ теңбiл бұғының терiлерi.
      6. Күшi жойылған бағалы қағаздар.
      7. Қару-жарақ заттарын, оқ-дәрiлердi және ұшу аппараттарын дайындауға арналған станоктар мен машиналар.
      8. Есiрткi және психотроптық заттар, сондай-ақ оларды тұтынуға арналған керек-жарақтар.
      9. Күштi әсер ететiн улар.
      10. Радиоактивтi материалдар.
      11. Шифрлар және шифрланатын (криптографиялық) құралдар.
      12. Жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге және ақпараттардың жария етiлуiнiң техникалық арналарын анықтауға арналған арнайы техникалық құралдар.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2003 жылғы 10 шілдедегі 
N 681 қаулысымен   
бекітілген      

Бажсыз сауда дүкенiнiң кедендiк режимiне
орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi

      1. Әр тектi әскери үлгiдегi қару, оның оқ-дәрiлерi және әскери жабдықтар, есiрткi және психотроптық заттар, сондай-ақ оларды пайдалануға арналған керек-жарақтар.
      2. Мемлекеттiк және қоғамдық құрылысқа нұқсан келтiруге бағытталған, соғысты, терроризмдi, зорлық-зомбылықты, нәсiлшiлдiктi насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ порнографиялық мазмұнды материалдар.
      3. Өндiрiстiк және әскери-техникалық мақсаттағы тауарлар.
      4. Ауыр салмақты тауарлар (салмағы 20 кг-дан астам) және абажадай тауарлар (ұзындығы, енi және биіктігі бойынша өлшемдерiнiң жиынтығы 200 см-ден астам).
      5. Спирттiң барлық түрлерi

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2003 жылғы 10 шілдедегі 
N 681 қаулысымен   
бекітілген      

Тауарларды кеден аумағында қайта
өңдеу кедендiк режимiне орналастыруға
тыйым салынған тауарлардың тiзбесi 

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.04.14.  N 353  қаулысымен.

P/c
 N

Тауардың атауы

ЕурАзЭҚ СЭҚ TH
бойынша тауардың
коды

1

2

3

1

Спирттiң барлық түрлерi  

2207, 2208 90 910 0,
2208 90 990 0

2

Бөренелер, шөркелер түрiндегi, оның
iшiнде шөркелер, шөпшек байламдар
түрiнде немесе осыған ұқсас
түрлерде сексеуілден дайындалған
отындық сүрек

4401 10 000 0-нан*

3

Үгінділер және сексеуіл сүрегінiң
қалдықтары

4401 30-дана*

4

Өңделмеген, қабығы аршылған немесе
аршылмаған немесе шелқабығы бар
немесе долбар кесектелген немесе
кесектелмеген ағаш материалдары

4403 10 000 - 4403
20-дан*, 4403 91 -
4403 99-дан*

5

Бөшке жасайтын сүрек; жарылған
бөрене; ағаштан жасалған ұшталған,
бiрақ ұзынынан тiлiнбеген қадалар,
қазықтар және бағаналар; долбар
тегістелген, бiрақ қашалмаған,
бүгілмеген немесе басқа тәсілмен
өңделмеген таяқтар, қолшатырлар,
құралдардың тұтқаларын немесе ұқсас
бұйымдар жасау үшiн пайдаланылатын
ағаш материалдары; аршылған және
ұқсас сүрек

 4404

6

Темiр жол немесе трамвай жолдарына
арналған ағаш шпалдар

 4406

7

Өн бойымен араланған немесе
жарылған, қабаттарға бөлiнген
немесе аршылған, сүргiленген немесе
сүргіленбеген, тегiстелген немесе
тегістелмеген, қалыңдығы 6 мм астам
жанама қосылыстары бар немесе жоқ
қылқан жапырақты ағаш материалдары

 4407 10

8

Өн бойымен араланған немесе
жарылған, қабаттарға бөлiнген
немесе аршылған, сүргiленген немесе
сүргiленбеген, тегістелген немесе
тегiстелмеген, қалыңдығы 6 мм астам
жанама қосылыстары бар немесе жоқ
еменнен жасалған ағаш материалдары
(Quercus spp.)

 4407 91-ден

9

Өн бойымен араланған немесе
жарылған, қабаттарға бөлiнген
немесе аршылған, сүргіленген немесе
сүргіленбеген, тегістелген немесе
тегiстелмеген, қалыңдығы 6 мм астам
жанама қосылыстары бар немесе жоқ
басқа ағаш материалдары

 4407 99

10

Қаптауға арналған (қабатты сүректi
бөлiп алынғандарды қоса алғанда),
жапсырылған фанер немесе басқа
ұқсас қабатты сүректерге арналған
табақтар және өн бойына араланған,
қабаттарға бөлiнген немесе
аршылған, сүргiленген немесе
сүргіленбеген, тегістелген немесе
тегістелмеген, қалыңдығы 6 мм
аспайтын жанама қосылыстары бар
немесе жоқ қылқан жапырақты
тұқымдас өзге де ағаш материалдары

 4408 10

11

Қаптауға арналған (қабатты сүректi
бөлу арқылы алынғандарды қоса
алғанда), жапсырылған фанер немесе
басқа ұқсас қабатты сүректерге
арналған табақтар және өн бойына
араланған, қабаттарға бөлінген
немесе аршылған, сүргіленген немесе
сүргiленбеген, тегістелген немесе
тегістелмеген, қалыңдығы 6 мм
аспайтын жанама қосылыстары бар
немесе жоқ өзге де ағаш
материалдары, өзге де

 4408 90

12

Жиектерiнiң, жандарының немесе
жазықтарының кез келгенi бойынша
кескiнделген погонаж түрiндегі
(тарақтары, кертпелерi бар,
шпунтталған, жиектерi тегiстелген,
жартылай дөңгелек калевка
түрiндегi, фасонды, дөңгеленген
немесе соған ұқсас), сүргiленген
немесе сүргіленбеген, тегiстелген
немесе тегiстелмеген, жанама
қосылыстары бар немесе жоқ кесiлген
материалдар (Жинақталмаған, еденнiң
паркеттiк жабынына арналған жұқа
тақтайшалар мен фриздердi қоса
алғанда)

 4409

13

Бетон құюға арналған қалып

4418 40 000 0

14

өзге ағаш ұсталық құрастырмалар:
белдемдер, мәткелер, төбе
жабындысының тiректерi

4418 90 900 0-ден*

      * Тауар номенклатурасы тауардың ЕурАзЭҚ СЭҚ TH кодымен де,
атауымен де айқындалады.

 

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2003 жылғы 10 шілдедегі 
N 681 қаулысымен    
бекітілген      

Тауарларды еркін айналыс үшін қайта
өңдеудiң кедендiк режимiне орналастыруға
тыйым салынған тауарлардың тiзбесi 

       Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді -   ҚР Үкіметінің 2004.11.03. N 1142   қаулысымен .

__________________________________________________________________
Р/с  |    Тауардың атауы       |    Тауардың СЭҚ ТН бойынша коды
N    |                         |
__________________________________________________________________
1      Спирттің барлық түрлері   2207, 2208 90 910 0, 2208 90 990 0

2      Темекі шикізаты                       2401
__________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2003 жылғы 10 шілдедегі 
N 681 қаулысымен   
бекітілген      

Тауарларды кеден аумағынан тыс қайта
өңдеудің кедендік режиміне орналастыруға
тыйым салынған тауарлардың тізбесі

       ЕСКЕРТУ. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.07.28. N 797  қаулысымен , 2004.11.03. N 1142   қаулысымен .

__________________________________________________________________
P/c |        Тауардың атауы       |  Тауардың СЭҚ TH бойынша коды
N   |                             |
__________________________________________________________________
1    Спирттiң барлық түрлерi      2207, 2208 90 910 0, 2208 90 990 0

2    Бөренелер, шөркелер түріндегi   4401 10 000 0-ден*
     отындық сүрек

3    Өңделмеген кесiлген немесе     4403 10 - 4403 20,
     кесiлмеген, нобайлап шабылған  4403 91* -ден
     немесе шабылмаған ағаш
     материалдары

4    Жарылған бөренелер;            4404 10 000 0
     ұшталған, бірақ ұзынынан
     кесiлмеген, ағаштан жасалған
     қадалар мен қазықтар; таяқтар,
     қолшатырлар, саймандарға
     арналған тұтқалар немесе
     ұқсас бұйымдар жасау үшін
     пайдаланылатын, қылқанжапырақ
     тектестерден жонылған бiрақ
     қырылмаған, иiлмеген немесе
     басқа тәсiлмен өңделмеген
     ағаш материалдары; аршылған
     және ұқсас сүрек;

5    Темiр жол немесе трамвай       4406
     жолдарына арналған ағаш
     шпалдар

6    Қылқанжапырақты ұзынынан       4407 10
     кесiлген немесе жарылған,
     сүргiленген немесе аршылған,
     жонылған немесе жонылмаған,
     қырналған немесе қырналмаған,
     жуандығы 6 мм астам кертiкке
     қосылысы бар немесе жоқ ағаш
     материалдары

7    Қылқанжапырақ тектестердiң     4407 91
     ұзынынан кесiлген немесе
     жарылған, сүргiленген немесе
     аршылған, жонылған немесе
     жонылмаған, қырналған немесе
     қырналмаған, жуандығы 6 мм
     астам кертiкке қосылысы бар
     немесе жоқ емен ағаш
     материалдары (Quercus spp);

8    Қылқанжапырақ тектестердiң     4407 99
     ұзынынан кесiлген немесе
     жарылған, сүргiленген немесе
     аршылған, жонылған немесе
     жонылмаған, қырналған немесе
     қырналмаған, жуандығы 6 мм
     астам кертiкке қосылысы бар
     немесе жоқ өзге де ағаш
     материалдары

9    Қылқанжапырақ тектестерден     4408 10
     ұзынынан кесiлген, бөлiктерге
     бөлiнген немесе аршылған,
     сүргiленген немесе
     сүргiленбеген, қырналған
     немесе қырналмаған, жуандығы
     6 мм астам кeртiкке қосылысы
     жоқ сүрек

10   Қылқанжапырақ тектестерден     4408 90
     ұзынынан кесiлген, бөлiктерге
     бөлiнген немесе аршылған,
     сүргiленген немесе
     сүргiленбеген, қырналған
     немесе қырналмаған, жуандығы
     6 мм астам кертiкке қосылысы
     бар немесе жоқ өзге де сүрек

11   Қылқанжапырақ                  4409 10
     тектестерден сүргiленген
     немесе сүргiленбеген,
     қырналған немесе қырналмаған,
     кертiкке қосылмаған тақтайлар

12   Қылқанжапырақ тектестерден     4418 40 000 0
     ағаш құрылыс бұйымдары,
     бетондауға арналған қалып

13   Қымбат бағалы металдардың      7112  (7112 92 000 0-ді 
     немесе қымбат бағалы                  қоспағанда)
     металдар жалатылған
     металдардың қалдықтары мен
     сынықтары; қымбат бағалы
     металы немесе қымбат бағалы
     металдар қосылысы бар өзге
     де қалдықтар мен сынықтар

14   Қара металл қалдықтары мен     7204
     сынықтары; қайта балқыту
     үшiн қара металл құймалары
     (шихталық құймалар)

15   Түстi металл қалдықтары мен    7403, 7404, 7502, 7503, 7601,
     сынықтары, олардың             7602, 7604 10 100, 7605, 7801,
     балқымалары                    7802, 7901, 7902, 8001, 8002,
                                    8101, 8102, 8103, 8104, 8105,
                                    8106, 8107, 8108, 8109, 8110,
                                    8111, 8112, 8113
__________________________________________________________________

      *Тауардың номенклатурасы тауардың кодымен де, атауымен де айқындалады.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2003 жылғы 10 шілдедегі 
N 681 қаулысымен   
бекітілген      

Еркiн қоймаларда тауарлармен жасалатын
операцияларды жүргiзуге арналған жекелеген
тыйым салулар мен шектеулер 

       Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді -   ҚР Үкіметінің 2004.11.03. N 1142   қаулысымен .

      Тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операциялар, оларды жүргiзу кезiнде қайта өңдеу өнiмдерi мыналар болып табылады:
__________________________________________________________________
        Тауардың атауы      |  Тауардың СЭҚ ТН бойынша коды
__________________________________________________________________

  Спирттiң барлық түрлерi      2207, 2208 90 910 0, 2208 90 990 0
__________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2003 жылғы 10 шілдедегі
N 681 қаулысымен    
бекітілген      

Тауарларды кеден аумағынан тыс
қайта өңдеу жөніндегі жекелеген
операцияларға арналған шектеулер 

       Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді -   ҚР Үкіметінің 2004.11.03. N 1142   қаулысымен .

      Тауарларды қайта өңдеу жөнiндегi операциялар, оларды жүргiзу кезiнде қайта өңдеу өнiмдерi мыналар болып табылады:
__________________________________________________________________
        Тауардың атауы      |  Тауардың СЭҚ ТН бойынша коды
__________________________________________________________________

  Спирттiң барлық түрлерi      2207, 2208 90 910 0, 2208 90 990 0
__________________________________________________________________

      

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкiметiнiң
                                            2005 жылғы 14 сәуiрдегi
                                               N 353 қаулысына
                                                  2-қосымша

     Тауарлар экспорты кедендiк режимiне орналастыруға
          тыйым салынған тауарлардың тiзбесi 

       Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.04.14.  N 353  қаулысымен.

P/c
 N

Тауардың атауы

ЕурАзЭҚ СЭҚ TH
бойынша тауардың
коды

1

2

3

1

Бөренелер, шөркелер түріндегі, оның
iшiнде шөркелер, шөпшек байламдар
түрінде немесе осыған ұқсас
түрлерде сексеуiлден дайындалған
отындық сүрек

4401 10 000 0-нан*

2

Үгінділер және сексеуіл сүрегiнiң
қалдықтары

4401 30-дан*

3

Өңделмеген, қабығы аршылған немесе
аршылмаған немесе шелқабығы бар
немесе долбар кесектелген немесе
кесектелмеген ағаш материалдары

4403 10 000 -
4403 20-дан*,
4403 91 - 4403
99-дан*

4

Бөшке жасайтын сүрек; жарылған
бөрене; ағаштан жасалған ұшталған,
бiрақ ұзынынан тiлiнбеген қадалар,
қазықтар және бағаналар; долбар
тегістелген, бiрақ қашалмаған,
бүгiлмеген немесе басқа тәсiлмен
өңделмеген таяқтар, қолшатырлар,
құралдардың тұтқаларын немесе ұқсас
бұйымдар жасау үшiн пайдаланылатын
ағаш материалдары; аршылған және
ұқсас сүрек

 4404

5

Темiр жол немесе трамвай жолдарына
арналған ағаш шпалдар

 4406

6

Өн бойымен араланған немесе
жарылған, қабаттарға бөлінген
немесе аршылған, сүргіленген немесе
сүргiленбеген, тегiстелген немесе
тегістелмеген, қалыңдығы 6 мм астам
жанама қосылыстары бар немесе жоқ
қылқан жапырақты ағаш материалдары

 4407 10

7

Өн бойымен араланған немесе
жарылған, қабаттарға бөлiнген
немесе аршылған, сүргіленген немесе
сүргіленбеген, тегiстелген немесе
тегiстелмеген, қалыңдығы 6 мм астам
жанама қосылыстары бар немесе жоқ
еменнен жасалған ағаш материалдары
(Quercus spp.)

4407 91-ден

8

Өн бойымен араланған немесе
жарылған, қабаттарға бөлінген
немесе аршылған, сүргiленген немесе
сүргiленбеген, тегiстелген немесе
тегiстелмеген, қалыңдығы 6 мм астам
жанама қосылыстары бар немесе жоқ
басқа ағаш материалдары

4407 99

9

Қаптауға арналған (қабатты сүректі
бөліп алынғандарды қоса алғанда),
жапсырылған фанер немесе басқа
ұқсас қабатты сүректерге арналған
табақтар және өн бойына араланған,
қабаттарға бөлiнген немесе
аршылған, сүргіленген немесе
сүргіленбеген, тегiстелген немесе
тегістелмеген, қалыңдығы 6 мм
аспайтын жанама қосылыстары бар
немесе жоқ қылқан жапырақты
тұқымдас өзге де ағаш материалдары

 4408 10

10

Қаптауға арналған (қабатты сүректi
бөлу арқылы алынғандарды қоса
алғанда), жапсырылған фанер немесе
басқа ұқсас қабатты сүректерге
арналған табақтар және өн бойына
араланған, қабаттарға бөлiнген
немесе аршылған, сүргiленген немесе
сүргіленбеген, тегiстелген немесе
тегiстелмеген, қалыңдығы 6 мм
аспайтын жанама қосылыстары бар
немесе жоқ өзге де ағаш
материалдары, өзге де

 4408 90

11

Жиектерiнiң, жандарының немесе
жазықтарының кез келгенi бойынша
кескінделген погонаж түрiндегі
(тарақтары, кертпелерi бар,
шпунтталған, жиектері тегiстелген,
жартылай дөңгелек калевка
түрiндегi, фасонды, дөңгеленген
немесе соған ұқсас), сүргiленген
немесе сүргіленбеген, тегiстелген
немесе тегiстелмеген, жанама
қосылыстары бар немесе жоқ кесiлген
материалдар (жинақталмаған, еденнiң
паркеттiк жабынына арналған жұқа
тақтайшалар мен фриздерді қоса
алғанда)

 4409

12

Бетон құюға арналған қалып

4418 40 000 0

13

өзге ағаш ұсталық құрастырмалар:
белдемдер, мәткелер, төбе
жабындысының тiректерi

4418 90 900 0-ден*

      * Тауар номенклатурасы тауардың ЕурАзЭҚ СЭҚ TH кодымен де,
атауымен де айқындалады.

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкiметiнiң
                                            2005 жылғы 14 сәуiрдегi
                                               N 353 қаулысына
                                                  3-қосымша

  Тауарлардың керi экспорты кедендiк режимiне орналастыруға
           тыйым салынған тауарлардың тiзбесi 

       Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.04.14.  N 353  қаулысымен.

Р/с
 N

Тауардың атауы

ЕурАзЭҚ СЭҚ TH
бойынша тауардың
коды

1

2

3

1

Бөренелер, шөркелер түрiндегi, оның
iшiнде шөркелер, шөпшек байламдар
түрінде немесе осыған ұқсас
түрлерде сексеуілден дайындалған
отындық сүрек

4401 10 000 0-нан*

2

Yгiндiлер және сексеуіл сүрегiнiң
қалдықтары

 4401 30-дан* 

3

Өңделмеген, қабығы аршылған немесе
аршылмаған немесе шелқабығы бар
немесе долбар кесектелген немесе
кесектелмеген ағаш материалдары

4403 10 000 -
4403 20-дан*,
4403 91 - 4403 99-
дан*

Бөшке жасайтын сүрек; жарылған
бөрене; ағаштан жасалған ұшталған,
бірақ ұзынынан тiлiнбеген қадалар,
қазықтар және бағаналар; долбар
тегiстелген, бiрақ қашалмаған,
бүгiлмеген немесе басқа тәсілмен
өңделмеген таяқтар, қолшатырлар,
құралдардың тұтқаларын немесе ұқсас
бұйымдар жасау үшiн пайдаланылатын
ағаш материалдары; аршылған және
ұқсас сүрек

 4404

5

Темiр жол немесе трамвай жолдарына
арналған ағаш шпалдар

 4406

6

Өн бойымен араланған немесе
жарылған, қабаттарға бөлiнген
немесе аршылған, сүргiленген немесе
сүргiленбеген, тегiстелген немесе
тегiстелмеген, қалыңдығы 6 мм астам
жанама қосылыстары бар немесе жоқ
қылқан жапырақты ағаш материалдары

4407 10

7

Өн бойымен араланған немесе
жарылған, қабаттарға бөлінген
немесе аршылған, сүргiленген немесе
сүргiленбеген, тегістелген немесе
тегiстелмеген, қалыңдығы 6 мм астам
жанама қосылыстары бар немесе жоқ
еменнен жасалған ағаш материалдары
(Quercus spp.)

4407 91-ден

8

Өн бойымен араланған немесе
жарылған, қабаттарға бөлiнген
немесе аршылған, сүргiленген немесе
сүргіленбеген, тегiстелген немесе
тегістелмеген, қалыңдығы 6 мм астам
жанама қосылыстары бар немесе жоқ
басқа ағаш материалдары

 4407 99

9

Қаптауға арналған (қабатты сүректi
бөлiп алынғандарды қоса алғанда),
жапсырылған фанер немесе басқа
ұқсас қабатты сүректерге арналған
табақтар және өн бойына араланған,
қабаттарға бөлiнген немесе
аршылған, сүргіленген немесе
сүргiленбеген, тегiстелген немесе
тегістелмеген, қалыңдығы 6 мм
аспайтын жанама қосылыстары бар
немесе жоқ қылқан жапырақты
тұқымдас өзге де ағаш материалдары

 4408 10

10

Қаптауға арналған (қабатты сүректi
бөлу арқылы алынғандарды қоса
алғанда), жапсырылған фанер немесе
басқа ұқсас қабатты сүректерге
арналған табақтар және өн бойына
араланған, қабаттарға бөлiнген
немесе аршылған, сүргiленген немесе
сүргiленбеген, тегістелген немесе
тегiстелмеген, қалыңдығы 6 мм
аспайтын жанама қосылыстары бар
немесе жоқ өзге де ағаш
материалдары, өзге де

 4408 90

11

Жиектерiнiң, жандарының немесе
жазықтарының кез келгенi бойынша
кескiнделген погонаж түрiндегі
(тарақтары, кертпелерi бар,
шпунтталған, жиектерi тегiстелген,
жартылай дөңгелек калевка
түрiндегі, фасонды, дөңгеленген
немесе соған ұқсас), сүргiленген
немесе сүргіленбеген, тегiстелген
немесе тегiстелмеген, жанама
қосылыстары бар немесе жоқ кесiлген
материалдар (жинақталмаған, еденнiң
паркеттік жабынына арналған жұқа
тақтайшалар мен фриздердi қоса
алғанда)

 4409

12

Бетон құюға арналған қалып

4418 40 000 0

13

өзге ағаш ұсталық құрастырмалар:
белдемдер, мәткелер, төбе
жабындысының тiректерi

4418 90 900 0-ден*

      * Тауар номенклатурасы тауардың ЕурАзЭҚ СЭҚ TH кодымен де,
атауымен де айқындалады.      

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2003 жылғы 10 шілдедегі 
N 681 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тізбесі

      1. "Кейбiр кедендiк режимдерге орналастырылатын немесе жекелеген кедендiк режимдерге орналастыруға тыйым салынған жекелеген тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 8 сәуiрдегi N 538  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 18, 193-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 8 сәуiрдегi N 538 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 11 наурыздағы N 232  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 18, 193-құжат).

      3. "Кейбiр кедендiк режимдерге орналастыруға жатпайтын тауарлардың тiзбелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 қаңтардағы N 71  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 2, 27-құжат).

      4. "Еркiн кеден аймақтары және еркiн қоймаларға кейбiр тыйым салуларды белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 1326  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 49, 447-құжат).