Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы
Заңының
18-бабына
сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Ескерту.
Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.04.16.
N 528
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-т.
қараңыз) Қаулысымен.
1. Қоса берiлiп отырған Әуе кемелерінің ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiруi ықтимал қызметтi жүзеге асыруға рұқсат беру ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 7 шiлдедегi
N 666 қаулысымен
бекiтiлген
Әуе кемелерінің ұшу қауiпсiздiгiне қатер
төндiруi ықтимал қызметтi жүзеге асыруға рұқсат беру
ережесi
1. Осы Ереже
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заңының
18-бабына
сәйкес әзiрлендi әрi заңды және жеке тұлғалардың әуе кемелерiнің ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiруi ықтимал қызметтi жүзеге асыруына рұқсат беру тәртiбiн анықтайды.
Ескерту.
1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.04.16.
N 528
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-т.
қараңыз) Қаулысымен.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар мен терминдер:
1)
уәкiлеттi орган
- өз құзыреті шегiнде азаматтық авиация саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды, азаматтық және экспериментальдық авиация қызметiн үйлестiру мен реттеудi және Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару органы;
2) рұқсат - осы Ережеде белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган беретiн, заңды және жеке тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiруi ықтимал қызметтi жүзеге асыру құқығын растайтын құжат;
3) әуеайлақ маңындағы аумақ - әуеайлақтың бақылау нүктесінен 50 километр радиустегі жер бетіндегі учаске
.
Ескерту.
2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.04.16.
N 528
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-т.
қараңыз) Қаулысымен.
3. Әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiруi ықтимал қызметке:
1) әуеайлақ маңындағы аумақта және әуе трассалары шегiндегi жерлерде орналасқан объектiлердi, электр беру желiлерiн, басқа да кедергiлердi салу;
2) олардың салдарынан әуе кеңiстiгiнде электрмагниттiк, жарықтық, акустикалық, корпускулярлық және сәуле шығарудың өзге де түрлерi жүргiзiлетiн жұмыстар;
3) құстардың жаппай жиналуына немесе ұшу көрінімінің нашарлауына әкеп соқтыратын объектілердi орналастыру;
4) әуе кеңiстiгiнде материалдық объектілердiң қозғалысына тiкелей байланысты емес, бiрақ әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiне, олардың жабдықтарына және ондағы адамдарға әсер ететiн басқа да қызмет жатады.
3-1. Ұшу қауіпсіздігіне қызметтің әсерін және қызмет нәтижесінде әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігінің қатерін болдырмауға арналған қажетті іс-шараларды айқындау мақсатында әуежайды (әуеайлақты) пайдалануды жүзеге асыратын азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен әуежай, аэронавигациялық ұйым өкілдерінің және сәулет-құрылыс бақылауы өкілдерінің қатысуымен тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
Бірлесіп пайдалану және/немесе бірлесіп орналасу әуеайлақтарында Комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері енгізіледі.
Ұшу қауіпсіздігіне қызметтің әсерін және мемлекеттік авиацияның әуеайлақтары ауданынан тысқары жердегі және әуеайлақтарындағы әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігінің қатерін болдырмау үшін қажетті іс-шараларды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қарайды.
Ескерту.
3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.04.16.
N 528
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-т.
қараңыз) Қаулысымен.
3-2. Рұқсат алу мыналарды орналастыру үшін қажет:
1) әуеайлақтарға әуедегі кіреберістер жолақтарының шекараларындағы, сондай-ақ осы жолақтардың шекарасынан тысқары әуеайлақтың бақылау нүктесінен (бұдан әрі - ӘБН) 7 километр радиустегі барлық объектілерді;
2) биіктігі әуеайлақ деңгейіне қатысты 50 м және одан астам ӘБН-нен 30 км радиустегі объектілерді;
3) биіктігі әуеайлақ деңгейіне қатысты 100 м және одан астам ӘБН-нен 50 км радиустегі объектілерді;
орналасу орнына қарамастан:
4) авиациялық радиотехникалық құралдардың қалыпты жұмысы үшін бөгет болуы мүмкін байланыс, электр тарату желілері, сондай-ақ радио- және электромагниттік сәулеленудің басқа да объектілерін;
5) жарылыс қаупі бар объектілерді;
6) шығарынды газдарды авариялық жағуға арналған алау құрылғыларын.
Алау құрылғыларының биіктігін айқындау кезінде жалын шығарындысының барынша ықтимал биіктігі есепке алынады;
7) қызметі әуеайлақ ауданындағы көрінімді нашарлатуға әкелетін өнеркәсіптік және өзге де кәсіпорындар мен құрылыстарды.
Ескерту.
3-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.04.16.
N 528
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-т.
қараңыз) Қаулысымен.
3-3. Осы Ереженің 3-2-тармағының 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген объектілерді орналастыру оларды орналастыратын жерге қарамастан, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен келісілуі тиіс.
Ескерту.
3-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.04.16.
N 528
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-т.
қараңыз) Қаулысымен.
3-4. ӘБН-нен 15 км жақын аралықта құстардың келуімен және жаппай жиналуымен ерекшеленетін тамақ қалдықтарының шығарындысын орналастыруға, аң шаруашылығы фермаларын, мал сою және басқа да объектілерді салуға тыйым салынады.
Ескерту.
3-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.04.16.
N 528
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-т.
қараңыз) Қаулысымен.
2. Рұқсат беру және керi қайтарып алу тәртiбi
4. Рұқсат алу үшiн жеке және заңды тұлғалар уәкілеттi органға өтiнiм бередi.
5. Заңды тұлғалар өтiнiмдi бiрiншi басшының қолы қойылған, мөр басылған, заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiктi қоса бере отырып, ұйымның бланкiсiнде бередi.
6. Жеке тұлғалар өтiнiмдi үйiнiң мекен-жайын көрсете отырып ұсынады. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер жеке кәсіпкердiң мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiктi немесе патенттi ұсынады.
6-1. Рұқсатты уәкілетті орган осы Ереженің 3-1-тармағына сәйкес құрылатын Комиссияның қорытындысы негізінде береді.
Ескерту.
6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.04.16.
N 528
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-т.
қараңыз) Қаулысымен.
6-2. Қорытынды алу үшін жеке және заңды тұлғалар Комиссияға мынадай құжаттарды қоса бере отырып, өтінім жібереді:
1) әуеайлақ маңындағы аумақта және әуе трассалары шегіндегі жерлерде орналасқан объектілерді, электр беру желілерін, кедергілерді салу үшін:
құрылыс объектілерінің тізбесі;
объектіден ӘБН-ге дейінгі аралықты көрсете отырып, құрылыс кезінде пайдаланылатын құрылыстардың, діңгектердің, құрылыс крандарының биіктігі туралы деректер;
объектіден ӘБН-ге дейінгі аралықты көрсете отырып, құрылыс учаскелеріндегі жер бетінің абсолюттік белгілерінің деректері, қалаға немесе елді мекенге орнықтырылған құрылыс объектілерін салу учаскесі белгіленген жергілікті жер бедерінің картасы;
электр беру желілерінің кернеуі туралы мәліметтер;
электр беру желілері (оның ішінде бұрыштық, суаттар, өзендер, темір жолдар мен автомобиль жолдары арқылы өтетін) биіктігінің деректері;
дүниенің жақтары бойынша бағдарланған жергілікті жер бедерін ескере және ауқымын көрсете отырып, электр беру желілері трассасының жоспары;
әуежай ауданындағы объектілер мен кедергілердің ұзақтығы туралы деректер;
дүниенің жақтары бойынша бағдарланған жергілікті жер бедерін ескере және ауқымын көрсете отырып, объектілер мен кедергілер ұзақтығының жоспары;
2) олардың салдарынан әуе кеңістігінде электромагниттік, жарықтық, акустикалық, корпускулярлық және сәуле шығарудың өзге де түрлері жүргізілетін жұмыстар жүргізу үшін:
учаскенің бастапқы және соңғы пункттері туралы деректер және бүкіл трассаның атаулары (аумағы бойынша трасса өтетін облысты, ауданды көрсете отырып);
радио сәуле шығаратын қондырғылардың мақсаты туралы деректер, жұмыс жиілігі, қуаттылығы, сәуле шығару бағыттылығы, антенналық қондырғылардың биіктігі;
3) құстардың жаппай жиналуына немесе ұшу көрінімінің нашарлауына әкеп соқтыратын объектілерді орналастыру үшін объектінің орналасу орны туралы деректер, ӘБН-ге дейінгі аралық ұсынылады;
4) әуе кеңістігінде материалдық объектілердің қозғалысына тікелей байланысты емес, бірақ әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне, олардың жабдықтарына және ондағы адамдарға әсер ететін басқа да қызметті жүзеге асыру тәртібі және шарттары туралы мәліметтер.
Ескерту.
6-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.04.16.
N 528
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-т.
қараңыз) Қаулысымен.
7. Рұқсат беруге арналған өтiнiмге мынадай құжаттар қоса берiледi:
1) әуеайлақ маңындағы аумақтарда және әуе трассалары шегiндегi жерлерде орналасқан объектілердi, электр беру желiлерiн, кедергілерді салу үшін:
құрылыс объектілерінің тiзбесi;
объектіден ӘБН-ге дейінгі аралықты көрсете отырып,
құрылыс кезiнде пайдаланылатын құрылыстардың, дiңгектердiң, құрылыс крандарының биiктiгi туралы деректер;
құрылыс учаскелерiндегi жер бетiнің абсолюттiк белгілерiнiң деректерi, қалаға немесе елдi мекенге орнықтырылған құрылыс объектiлерiн салу учаскесiн белгiлеумен жергiлiктi жер бедерiнiң картасы;
электр беру желілерінің кернеуi туралы мәлiметтер;
электр беру желiлерi (соның iшiнде бұрыштық, суаттар, өзендер, темiр жолдар мен автомобиль жолдары арқылы өтетiн) биiктiгiнiң деректерi;
дүниенің жақтары бойынша бағдарланған жергілiктi жер бедерiн ескере және ауқымын көрсете отырып, электр беру желілерi трассасының жоспары;
әуежай ауданындағы объектілер мен кедергілердің ұзақтығы туралы деректер;
дүниенiң жақтары бойынша бағдарланған жергiлiктi жер бедерiн ескере және ауқымын көрсете отырып, объектiлер мен кедергілер ұзақтығының жоспары;
2) олардың салдарынан әуе кеңiстiгiнде электромагниттiк, жарықтық, акустикалық, корпускулярлық және сәуле шығарудың өзге де түрлері жүргiзілетiн жұмыстар жүргiзу үшiн:
учаскенiң бастапқы және соңғы пункттерi туралы деректер және барлық трассалардың атаулары (аумағы бойынша трасса өтетiн облысты, ауданды көрсете отырып);
радио сәуле шығаратын қондырғылардың мақсаты туралы деректер, жұмыс жиiлiгi, қуаттылығы, сәуле шығару бағыттылығы, антенналық қондырғылардың биіктігі;
3) құстардың жаппай жиналуына немесе ұшу көрінімiнiң нашарлауына әкеп соқтыратын объектiлердi орналастыру үшiн объектiнiң орналасу орны туралы деректер
, ӘБН-ге дейінгі аралық
ұсынылады;
4) әуе кеңiстiгiнде материалдық объектілердiң қозғалысына тiкелей байланысты емес, бiрақ әуе кемелерінің ұшу қауiпсiздiгiне, олардың жабдықтарына және ондағы адамдарға әсер ететiн басқа да қызметтi жүзеге асыру тәртiбi және шарттары туралы мәлiметтер.
Жоғарыда санамаланған барлық материалдар үш данада, нақты шартты белгiлерi және ұйымның мөрi
ұсынылады
.
Ескерту.
7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.04.16.
N 528
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-т.
қараңыз) Қаулысымен.
8. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасында мүдделi жеке және заңды тұлғалармен құрылысты келiсу көзделген жағдайда, өтінімге тиiстi құжаттар қоса берiледi.
9. Өтiнiмдi уәкiлеттi орган құратын комиссия 15 күннің iшiнде қарайды.
Ескерту.
9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.04.16.
N 528
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-т.
қараңыз) Қаулысымен.
10. Рұқсат көрсетiлген комиссияның оң қорытындысы негiзiнде берiледi.
11. Рұқсат беруге арналған өтiнiмдi қарау мерзiмi мынадай жағдайда:
7-тармақта көрсетiлген құжаттар ұсынылмаса;
ұсынылған құжаттарда көрсетiлген мәлiметтер дұрыс емес және/немесе толық емес болса, тоқтатыла тұрады.
12. Рұқсат уәкілеттi орган комиссиясының терiс қорытындысы болған жағдайда берілмейдi:
егер рұқсат беруге арналған өтінімде көрсетiлген қызмет әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiне тiкелей қатер төндiретiн болса;
өтінім берушіге қатысты рұқсат беруге арналған өтінімде көрсетiлген қызмет түрiмен айналысуға тыйым салынатын сот шешiмi болса.
13. Рұқсат иелiктен шығарылмайтын болып табылады.
Әуе кемелерiнің ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiруi ықтимал қызметтi жүзеге асыруға рұқсат беру үшiн төлем алынбайды.
13-1. Егер рұқсат алған жеке немесе заңды тұлға үш жыл ішінде тиісті обьектілерді салуға кіріспесе, рұқсат күшін жояды.
Ескерту.
13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.04.16.
N 528
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-т.
қараңыз) Қаулысымен.
14. Ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiруi ықтимал қызметтiң жүзеге асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган орындайды.