Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіру ықтимал қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 шілдедегі N 666 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 заң күшi бар Жарлығының 18-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Әуе кемелерінің ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiруi ықтимал қызметтi жүзеге асыруға рұқсат беру ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2003 жылғы 7 шiлдедегi 
N 666 қаулысымен   
бекiтiлген      

Әуе кемелерінің ұшу қауiпсiздiгiне қатер
төндiруi ықтимал қызметтi жүзеге асыруға рұқсат беру
ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 заң күшi бар Жарлығының 18-бабына  сәйкес әзiрлендi әрi заңды және жеке тұлғалардың әуе кемелерiнің ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiруi ықтимал қызметтi жүзеге асыруына рұқсат беру тәртiбiн анықтайды.

      2. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар мен терминдер:
      1) уәкiлеттi орган - өз құзыреті шегiнде азаматтық авиация саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды, азаматтық және экспериментальдық авиация қызметiн үйлестiру мен реттеудi және Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару органы;
      2) рұқсат - осы Ережеде белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган беретiн, заңды және жеке тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiруi ықтимал қызметтi жүзеге асыру құқығын растайтын құжат.

      3. Әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiруi ықтимал қызметке:
      1) әуеайлақ маңындағы аумақта және әуе трассалары шегiндегi жерлерде орналасқан объектiлердi, электр беру желiлерiн, басқа да кедергiлердi салу;
      2) олардың салдарынан әуе кеңiстiгiнде электрмагниттiк, жарықтық, акустикалық, корпускулярлық және сәуле шығарудың өзге де түрлерi жүргiзiлетiн жұмыстар;
      3) құстардың жаппай жиналуына немесе ұшу көрінімінің нашарлауына әкеп соқтыратын объектілердi орналастыру;
      4) әуе кеңiстiгiнде материалдық объектілердiң қозғалысына тiкелей байланысты емес, бiрақ әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiне, олардың жабдықтарына және ондағы адамдарға әсер ететiн басқа да қызмет жатады.

2. Рұқсат беру және керi қайтарып алу тәртiбi

      4. Рұқсат алу үшiн жеке және заңды тұлғалар уәкілеттi органға өтiнiм бередi.

      5. Заңды тұлғалар өтiнiмдi бiрiншi басшының қолы қойылған, мөр басылған, заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiктi қоса бере отырып, ұйымның бланкiсiнде бередi.

      6. Жеке тұлғалар өтiнiмдi үйiнiң мекен-жайын көрсете отырып ұсынады. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер жеке кәсіпкердiң мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiктi немесе патенттi ұсынады.

      7. Рұқсат беруге арналған өтiнiмге мынадай құжаттар қоса берiледi:
      1) әуеайлақ маңындағы аумақтарда және әуе трассалары шегiндегi жерлерде орналасқан объектілердi, электр беру желiлерiн, кедергілерді салу үшін:
      құрылыс объектілерінің тiзбесi;
      құрылыс кезiнде пайдаланылатын құрылыстардың, дiңгектердiң, құрылыс крандарының биiктiгi туралы деректер;
      құрылыс учаскелерiндегi жер бетiнің абсолюттiк белгілерiнiң деректерi, қалаға немесе елдi мекенге орнықтырылған құрылыс объектiлерiн салу учаскесiн белгiлеумен жергiлiктi жер бедерiнiң картасы;
      электр беру желілерінің кернеуi туралы мәлiметтер;
      электр беру желiлерi (соның iшiнде бұрыштық, суаттар, өзендер, темiр жолдар мен автомобиль жолдары арқылы өтетiн) биiктiгiнiң деректерi;
      дүниенің жақтары бойынша бағдарланған жергілiктi жер бедерiн ескере және ауқымын көрсете отырып, электр беру желілерi трассасының жоспары;
      әуежай ауданындағы объектілер мен кедергілердің ұзақтығы туралы деректер;
      дүниенiң жақтары бойынша бағдарланған жергiлiктi жер бедерiн ескере және ауқымын көрсете отырып, объектiлер мен кедергілер ұзақтығының жоспары;
      2) олардың салдарынан әуе кеңiстiгiнде электромагниттiк, жарықтық, акустикалық, корпускулярлық және сәуле шығарудың өзге де түрлері жүргiзілетiн жұмыстар жүргiзу үшiн:
      учаскенiң бастапқы және соңғы пункттерi туралы деректер және барлық трассалардың атаулары (аумағы бойынша трасса өтетiн облысты, ауданды көрсете отырып);
      радио сәуле шығаратын қондырғылардың мақсаты туралы деректер, жұмыс жиiлiгi, қуаттылығы, сәуле шығару бағыттылығы, антенналық қондырғылардың биіктігі;
      3) құстардың жаппай жиналуына немесе ұшу көрінімiнiң нашарлауына әкеп соқтыратын объектiлердi орналастыру үшiн объектiнiң орналасу орны туралы деректер ұсынылады;
      4) әуе кеңiстiгiнде материалдық объектілердiң қозғалысына тiкелей байланысты емес, бiрақ әуе кемелерінің ұшу қауiпсiздiгiне, олардың жабдықтарына және ондағы адамдарға әсер ететiн басқа да қызметтi жүзеге асыру тәртiбi және шарттары туралы мәлiметтер.
      Жоғарыда санамаланған барлық материалдар үш данада, нақты шартты белгiлерi және ұйымның мөрi болуы тиiс.

      8. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасында мүдделi жеке және заңды тұлғалармен құрылысты келiсу көзделген жағдайда, өтінімге тиiстi құжаттар қоса берiледi.

      9. Өтiнiмдi уәкiлеттi орган құратын комиссия 30 күннің iшiнде қарайды.

      10. Рұқсат көрсетiлген комиссияның оң қорытындысы негiзiнде берiледi.

      11. Рұқсат беруге арналған өтiнiмдi қарау мерзiмi мынадай жағдайда:
      7-тармақта көрсетiлген құжаттар ұсынылмаса;
      ұсынылған құжаттарда көрсетiлген мәлiметтер дұрыс емес және/немесе толық емес болса, тоқтатыла тұрады.

      12. Рұқсат уәкілеттi орган комиссиясының терiс қорытындысы болған жағдайда берілмейдi:
      егер рұқсат беруге арналған өтінімде көрсетiлген қызмет әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiне тiкелей қатер төндiретiн болса;
      өтінім берушіге қатысты рұқсат беруге арналған өтінімде көрсетiлген қызмет түрiмен айналысуға тыйым салынатын сот шешiмi болса.

      13. Рұқсат иелiктен шығарылмайтын болып табылады.
      Әуе кемелерiнің ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiруi ықтимал қызметтi жүзеге асыруға рұқсат беру үшiн төлем алынбайды.

3. Бақылау

      14. Ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiруi ықтимал қызметтiң жүзеге асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган орындайды.