Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 500
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 16, 164-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мәдениет комитетi туралы ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Манас көшесi, 2.";
18-тармақтың 5) тармақшасындағы ", сондай-ақ өз құзыретiнiң шегiнде ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың жарғысын" деген сөздер алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет комитетiнiң жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 28 наурыздағы N 449
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 17, 175-құжат):
4-тармақтағы ", сонымен қатар оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі