"Көркемсурет көрмелерi мен аукциондар дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 шілдедегі N 651 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Көркемсурет көрмелерi мен аукциондар дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны "Көркемсурет көрмелерi дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны болып қайта аталсын.

      2. <*>
      Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.24. N 1172 қаулысымен .

      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Көркемсурет көрмелерi дирекциясы" РМҚК-ны әдiлет органдарында мемлекеттiк қайта тiркеудi қамтамасыз eтсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министpі