"Көркемсурет көрмелерi мен аукциондар дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 шілдедегі N 651 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Көркемсурет көрмелерi мен аукциондар дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны "Көркемсурет көрмелерi дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мәдениет комитетi" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 512-25-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "512-25 "Көркемсурет
      көрмелерi дирекциясы"
      республикалық мемлекеттiк
      қазыналық кәсiпорны                      Алматы қаласы";
      2) "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 500 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 16, 164-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мәдениет комитетiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 23-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "23. Көркемсурет көрмелерi дирекциясы".

      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Көркемсурет көрмелерi дирекциясы" РМҚК-ны әдiлет органдарында мемлекеттiк қайта тiркеудi қамтамасыз eтсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министpі