Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi болып тағайындалсын.
2. Зейнолла Халидоллаұлы Кәкiмжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi мiндетiнен босатылсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Басқарушылар кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 18 наурыздағы N 323
қаулысына
:
1-тармақтың 3) тармақшасының екiншi абзацында:
"Кәкiмжанов Зейнолла Халидоллаұлы" деген сөздер "Ерболат Асқарбекұлы Досаев" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 4) тармақшасының екiншi абзацында:
"Кәкiмжанов Зейнолла Халидоллаұлы" деген сөздер "Ерболат Асқарбекұлы Досаев" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 20 қыркүйектегi N 1042
қаулысына
:
1-тармақ алынып тасталсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi