Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының 2003-2005 жылдарға арналған перспективалық жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 2 қарашадағы N 1162
қаулысына
:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің заң жобалау жұмыстарының 2003-2005 жылдарға арналған перспективалық жоспарында:
реттiк нөмiрi 27-жолда:
"Заң жобасының атауы" деген бағандағы "Қазақстан Республикасындағы донорлық туралы" деген сөздер "Қан және оның құрамдас бөліктерінің донорлығы туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 3 ақпандағы N 117
қаулысына
:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспарында:
реттiк нөмiрi 43-жолда:
"Заң жобасының атауы" деген бағандағы "Қазақстан Республикасында донорлық қан және органдардың трансплантологиясы туралы" деген сөздер "Қан және оның құрамдас бөлiктерiнің донорлығы туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшінe енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі