Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2002 жылғы 2 қарашадағы N 1162 және 2003 жылғы 3 ақпандағы N 117 қаулыларына өзгерiстер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 555 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1)  (Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.08.03. N 824 Қаулысымен)
      2) "Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 3 ақпандағы N 117  қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспарында:
      реттiк нөмiрi 43-жолда:
      "Заң жобасының атауы" деген бағандағы "Қазақстан Республикасында донорлық қан және органдардың трансплантологиясы туралы" деген сөздер "Қан және оның құрамдас бөлiктерiнің донорлығы туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшінe енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі