Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов атындағы ауданындағы жер сiлкiнiсінен зақымданған азаматтық мақсаттағы объектілердi қалпына келтiру мәселелерiн жедел шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданындағы жер сiлкiнiсiнен зақымданған объектiлердi қалпына келтiру жөнiндегi ведомствоаралық жұмыс тобы ұсынған 2003-2004 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) мақұлдансын.
2. Қоса берiлiп отырған Жамбыл облысындағы жер сiлкiнiсi салдарларын жою жөніндегi iс-шараларды қаржыландырудың ережесi бекiтiлсiн.
3. Жамбыл облысының әкiмiне жер сiлкiнiсiнен зардап шеккен объектiлерiн салуға алдын ала ақы төлеуге, зiлзала аймағынан басқа елдi мекендерге көшiрiлетiн азаматтар үшiн тұрғын үйлер сатып алуға және салуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаржыландырылатын объектiлер бойынша жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 2 300 000 000 (екi миллиард үш жүз миллион) теңге бөлiнсiн.
4. Жамбыл облысының әкiмi мен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнің жекелеген сызбалар мен сметалар бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
5. Жамбыл облысының әкiмi, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлiктерi 2003 жылғы 25 тамызға дейiнгi мерзiмде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сараптама мен бекiтуден өткен жобалау-сметалық құжаттама негiзiнде жүргiзiлетiн жұмыстардың құны бөлiгiнде iс-шаралар жоспарын нақтылау жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.<*>
Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.08. N 793 қаулысымен .
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн және тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Үкiметiне есеп берсiн.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн.
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 9 маусымдағы
N 540 қаулысына
қосымша
Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданындағы
жер сілкінісінен зардап шеккен объектілерді
қалпына келтіру жөніндегі 2003-2004 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.08.08. N 793 қаулысымен .
Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.21. N 842 қаулысымен .
___________________________________________________________________
N | Объектінің | Мекен- | Қуаты | Тексеру | Тапсырыс
п/п | атауы | жайы | | нәтижелері | беруші
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6
___________________________________________________________________
1. Білім беру объектілері
___________________________________________________________________
1 Т.Рысқұлов атын. Луговая ст. 784 Бекітілген Облыс әкімі
дағы мектеп оқушы күрделі
жөндеу
2 Мектеп Ақбұлақ 640 Бекітілген Облыс әкімі
селосы оқушы күрделі
жөндеу
3 Мектеп Қызыл шаруа 640 Бекітілген Облыс әкімі
ауылы оқушы күрделі
жөндеу
4 Байтұрсынов атын. Көкдөнен 500 Бекітілген Облыс әкімі
дағы мектеп ауылы оқушы күрделі
жөндеу
5 Сұлтанбеков атын. Жақсылық 500 Бекітілген Облыс әкімі
дағы мектеп ауылы оқушы күрделі
жөндеу
6 Орта мектеп Қарақат 120 Бекітілген Облыс әкімі
ауылы оқушы күрделі
жөндеу
7 Б.Момышұлы атын. Қарақыстақ 640 Бекітілген Облыс әкімі
дағы мектеп ауылы оқушы күрделі
жөндеу
8 Сәтбаев атындағы Жаңатұрмыс 780 Бекітілген Облыс әкімі
мектеп ауылы оқушы күрделі
жөндеу
9 Мектеп Құлан 400 Жоспарлы Аудан білім
ауылы оқушы құрылыс беру бөлімі
10 Оқу-өндірістік Құлан 140 Бекітілген Облыс әкімі
комбинат ауылы оқушы күрделі
жөндеу
11 Спорт мектебі Құлан 96 Жөндеу Облыс әкімі
ауылы орын
12 Горький атындағы Луговая ст. 1200 Бұзып қайта "ҚТЖ" ҰК"
мектеп оқушы құрылыс ЖАҚ
жүргізу
13 Мектеп-лицей Құлан ауылы 640 Бекітілген "Қазтрансгаз"
оқушы күрделі ЖАҚ
жөндеу
14 Ш.Уәлиханов атын. Құлан ауылы 640 Бекітілген "Қазтрансгаз"
дағы мектеп оқушы күрделі ЖАҚ
жөндеу
15 N2 мектеп Құлан ауылы 1256 Бекітілген "Қазтрансгаз"
оқушы күрделі ЖАҚ
жөндеу
16 Абай атындағы Еңбекші 500 Бұзып қайта "ҚазМұнайГаз"
мектеп ауылы оқушы құрылыс ҰК" ЖАҚ
жүргізу
17 Орта мектеп Қазақ 250 Бұзып қайта "ҚазМұнайГаз"
ауылы оқушы құрылыс ҰК" ЖАҚ
жүргізу
18 Әубәкіров атын. Луговая ст. 100 Күрделі ҚорМ
дағы бастауыш әскери оқушы жөндеу
мектеп қалашығы
___________________________________________________________________
2. Денсаулық сақтау объектілері
___________________________________________________________________
1 Туберкулезге Құлан ауылы 40 Бұзып қайта Облыс әкімі
қарсы диспансер орын құрылыс
жүргізу
2 Аудандық АЭА Құлан ауылы - Бұзып қайта Облыс әкімі
құрылыс
жүргізу
3 N2 Отбасылық-дә. Құлан ауылы 75 Бекіту Облыс әкімі
рігерлік амбула. адам.
тория дық
4 N2 Отбасылық-дә. Луговая ст. 75 Бұзып қайта Облыс әкімі
рігерлік амбула. адам. құрылыс
тория дық жүргізу
5 N2 Отбасылық-дә. Қарақыстақ 25 Бұзып қайта Облыс әкімі
рігерлік амбула. ауылы адам. құрылыс
тория дық жүргізу
6 N2 Отбасылық-дә. Ақбұлақ 25 Күрделі Облыс әкімі
рігерлік амбула. ауылы адам. жөндеу
тория дық
7 Фельдшерлік- Қызылшаруа - Бұзып қайта Облыс әкімі
акушерлік пункт ауылы құрылыс
жүргізу
8 Консультациялық- Құлан ауылы 150 Бекіту Облыс әкімі
диагностикалық адам.
емхана дық
9 Фельдшерлік- Абай ауылы - Бекіту Облыс әкімі
акушерлік пункт
10 Перзентхана Құлан ауылы 76 Жаңа құрылыс Облыстық
орын денсаулық
сақтау
бөлімі
11 Туберкулезге Қарақыстақ 75 Жаңа құрылыс Облыстық
қарсы балалар ауылы төсек денсаулық
санаторийі сақтау
бөлімі
12 Аудандық емхана. Құлан ауылы 150 Жаңа құрылыс Облыстық
сы бар аурухана төсек денсаулық
сақтау
бөлімі
___________________________________________________________________
3. Әкімшілік-өндірістік мақсаттағы объектілер
___________________________________________________________________
1 Қазынашылық Құлан ауылы - Бекіту ҚарМ
2 Аудандық салық Құлан ауылы - Бекіту ҚарМ
жөніндегі
комитеті
3 АІІБ (2 блок) Құлан ауылы - Бекіту Облыс әкімі
4 Прокуратура Құлан ауылы - Бекіту Бас
прокуратура
5 Өрт сөндіру Құлан ауылы - Бұзып қайта Облыс әкімі
бөлімі құрылыс
жүргізу
6 Аудандық Құлан ауылы - Бекіту СА
статистика
басқармасы
7 Аудандық әкімдік Құлан ауылы - Күрделі Облыс әкімі
жөндеу
8 Луговая ст. Луговая ст. - Бекіту Облыс әкімі
әкімдігі
9 Аудандық әкімдік Еңбекші Бекіту Облыс әкімі
ғимараты ауылы
10 Аудандық әкімдік Қарақыстақ Бекіту Облыс әкімі
ғимараты ауылы
11 Аудандық әкімдік Құлан ауылы Бекіту Облыс әкімі
ғимараты
12 Оңтүстік әскери Луговая ст. - Күрделі ҚорМ
округтің әскери жөндеу және
казармалық- қалашық бекіту
техникалық
аймағының
объектілері
13 Уақытша ұстау Луговая ст. - Бұзып қайта ІІМ
изоляторы бар құрылыс
ЛІІБ ғимараты жүргізу
14 Жаңа құрылыс Құлан ауылы - Құрылыс салу Облыс әкімі
алаңдарына желі. Луговая ст.
лер салу, сумен,
электрмен жаб.
дықтау, автомо.
биль жолдарын
салу
15 Клуб Луговая ст. 200 Бекітілген Облыс әкімі
орын күрделі
жөндеу
16 Мұражай Құлан ауылы - Бекіту Облыс әкімі
17 Аудандық қаржы Құлан ауылы - Бекіту Облыс әкімі
бөлімі
18 Аудандық мәдениет Құлан ауылы - Бекіту Облыс әкімі
үйі
19 Типография Құлан ауылы - Бекіту Облыс әкімі
20 Аудандық әскери Құлан ауылы - Бекітілген ҚорМ
комиссариат күрделі
жөндеу
21 ҰККД АБ Құлан ауылы - Күрделі ҰҚК
жөндеу
22 "Қазақстан Халық Құлан ауылы - Күрделі "Қазақстан
Банкі" ААҚ жөндеу Халық
Банкі" ААҚ
23 Рысқұлов АПББ Құлан ауылы - Күрделі ККМ
жөндеу
24 "Қазақтелеком" Құлан ауылы - Күрделі "Қазақтеле.
ААҚ жөндеу ком" ААҚ
25 Темір жол вокзалы Луговая ст. - Бекіту "ҚТЖ" ҰК"
ЖАҚ
26 Инженерлі-инфра. Луговая ст. - Қалпына "ҚТЖ" ҰК"
құрылым объекті. келтіру ЖАҚ
лері және
күрделі
жөндеу
27 Құрылыс алаңдары 7 округ 21 ЖСҚ және Облыс әкімі
мен тұрғын бойынша объект құрылыс
аймақтарындағы елді қорытын.
инженерлік-гео. мекендер дылары
логиялық үшін
іздестірулер іздестіру
материалдары
28 Құрылыс алаңдары Құлан ауылы 252,3 ЖСҚ және Облыс әкімі
мен тұрғын Луговая ст. га құрылыс
аймақтарының қорытын.
аумақтарын дылары
топографиялық- үшін
геодезиялық іздестіру
картаға түсіру материалдары
29 Елді мекендер. Құлан ауылы 53,0 Жаңа құрылыс Облыс әкімі
дің дренаж желі. Луговая ст. км
лерінің құрылысы Еңбекші ауылы
30 Жаңа жер телім. Құлан ауылы 15,0 Ауыл шаруа. Облыс әкімі
деріндегі ауыл га шылық
шаруашылығы шы. желілері
ғындарын өтеуге (бидай,
арналған шығындар арпа -
15,58 га)
31 "Жамбыл" сейсмо. Тараз қаласы Жабдықтар ҚР ҰҒА
станциясы мен Меркі ауылы сатып алу сейсмология
"Меркі" гидротех. институты
никалық станция.
сын жаңғырту
32 Облыстың басқа
аудандарында және
республиканың
басқа өңірлерінде
тұрғын үй сатып
алуға арналған
шығыстар және жер
сілкінісінің сал.
дарларын жою
жөніндегі іс-ша.
раларды орындауға
арналған күтпеген
шығындар
___________________________________________________________________
4. Тұрғын үй құрылысы
___________________________________________________________________
1 Жаңа құрылыс Луговая ст. 70 Бұзып жаңа ҚорМ
әскери құрылыс
қалашық салу
2 Жаңа құрылыс 1064 Бұзып жаңа Облыс әкімі
құрылыс
салу
3 Бекітілген 4390 Бекітілген Облыс әкімі
күрделі күрделі
жөндеу жөндеу
4 Әскери қалашық. Құлан ауылы 245 Бекітілген ҚорМ
тың қазандығы күрделі "Қолдау"
бар тұрғын үй жөндеу РМК
аймағын күрделі
жөндеу
5 Инженерлік желі. Луговая ст. 186 Бекітілген ҚорМ
лері бар тұрғын әскери күрделі
үй аймағын күр. қалашық жөндеу
делі жөндеу
6 Жаңа құрылыс 5 Бұзып жаңа ҰҚК
құрылыс
салу
7 Жаңа құрылыс 960 Жаңа Қазақстан
құрылыс Республика.
сының
облыстары
Бұзып жаңа
құрылыс
салу
8 Жаңа құрылыс 50 Жаңа Жамбыл
құрылыс облысы
9 Жаңа құрылыс 302 Жаңа "ҚТЖ" ҰҚ"
құрылыс ЖАҚ
10 Жаңа құрылыс 16 Жаңа "KEGOC"
құрылыс ААҚ
11 Жаңа құрылыс 15 Жаңа Қазатом.
құрылыс өнеркәсіп
12 Бекітілген 450 Бекітілген "ҚТЖ" ҰҚ"
күрделі жөндеу күрделі ЖАҚ
жөндеу
13 Жаңа құрылыс 150 Бұзып жаңа
құрылыс
салу
14 Тараз қаласында 132 Құрылысты Облыс әкімі
тұрғын үйлердің аяқтау
құрылысын аяқтау
___________________________________________________________________
Кестенің жалғасы
___________________________________________________________________
N | Объектінің | Құрылыстың басталу | Қаржыландыру
п/п | атауы | және аяқталу мерзімдері | көздері
___________________________________________________________________
1 | 2 | 7 | 8
___________________________________________________________________
1. Білім беру объектілері
___________________________________________________________________
1 Т.Рысқұлов атын. 2003 ж. 5.05. Республикалық
дағы мектеп 2003 ж. 1.09. бюджеттің резерві
2 Мектеп 2003 ж. 8.06. Республикалық
2003 ж. 1.09. бюджеттің резерві
3 Мектеп 2003 ж. 7.06. Республикалық
2003 ж. 1.09. бюджеттің резерві
4 Байтұрсынов атын. 2003 ж. 6.06. Республикалық
дағы мектеп 2003 ж. 1.09. бюджеттің резерві
5 Сұлтанбеков атын. 2003 ж. 8.06. Республикалық
дағы мектеп 2003 ж. 1.09. бюджеттің резерві
6 Орта мектеп 2003 ж. 8.06. Республикалық
2003 ж. 1.09. бюджеттің резерві
7 Б.Момышұлы атын. 2003 ж. 7.06. Республикалық
дағы мектеп 2003 ж. 1.09. бюджеттің резерві
8 Сәтбаев атындағы 2003 ж. 8.06. Республикалық
мектеп 2003 ж. 1.09. бюджеттің резерві
9 Мектеп 2003 ж. 5.05. Республикалық
2003 ж. 1.09. бюджеттің резерві
10 Оқу-өндірістік 2004 ж. 1.02. Республикалық
комбинат 2004 ж. 1.08. бюджеттің резерві
11 Спорт мектебі 2004 ж. 1.02. Республикалық
2004 ж. 1.03. бюджеттің резерві
12 Горький атындағы 2003 ж. 5.06. Меншік қаражат
мектеп 2003 ж. 1.09.
13 Мектеп-лицей 2003 ж. 7.06. Меншік қаражат
2003 ж. 1.09.
14 Ш.Уәлиханов атын. 2003 ж. 25.07. Меншік қаражат
дағы мектеп 2003 ж. 1.09.
15 N2 мектеп 2003 ж. 7.06. Меншік қаражат
2003 ж. 1.10.
16 Абай атындағы 2003 ж. 7.06. Меншік қаражат
мектеп 2003 ж. 1.09.
17 Орта мектеп 2003 ж. 1.07. Меншік қаражат
2003 ж. 1.08.
18 Әубәкіров атын. 2003 ж. 1.07. "Алматы құрылысы"
дағы бастауыш 2003 ж. 1.08. АҚ-тың меншікті
мектеп қаражаты
___________________________________________________________________
2. Денсаулық сақтау объектілері
___________________________________________________________________
1 Туберкулезге 2004 ж. 1.02. Республикалық
қарсы диспансер 2004 ж. 1.12. бюджет
2 Аудандық АЭА 2004 ж. 1.02. Республикалық
2004 ж. 1.12. бюджет
3 N2 Отбасылық-дә. 2004 ж. Республикалық
рігерлік амбула. бюджет
тория
4 N2 Отбасылық-дә. 2004 ж. Республикалық
рігерлік амбула. бюджет
тория
5 N2 Отбасылық-дә. 2004 ж. Республикалық
рігерлік амбула. бюджет
тория
6 N2 Отбасылық-дә. 2004 ж. Республикалық
рігерлік амбула. бюджет
тория
7 Фельдшерлік- 2004 ж. Республикалық
акушерлік пункт бюджет
8 Консультациялық- 2004 ж. Республикалық
диагностикалық бюджет
емхана
9 Фельдшерлік- 2004 ж. Республикалық
акушерлік пункт бюджет
10 Перзентхана 2003 ж. 1.07. Республикалық
2004 ж. 1.07. бюджет
11 Туберкулез қарсы 2003 ж. 1.07. Республикалық
балалар сана. 2004 ж. 1.06. бюджет
торийі
12 Аудандық емхана. 2003 ж. 1.08. Республикалық
сы бар аурухана 2004 ж. 1.08. бюджет
___________________________________________________________________
3. Әкімшілік-өндірістік мақсаттағы объектілер
___________________________________________________________________
1 Қазынашылық 2003 ж. ҚарМ бюджет
2 Аудандық салық 2004 ж. ҚарМ бюджет
жөніндегі
комитеті
3 АІІБ (2 блок) 2003 ж. Республикалық
бюджеттің
резерві
4 Прокуратура 2003 ж. Республикалық
бюджеттің
резерві
5 Өрт сөндіру 2003 ж. Республикалық
бөлімі бюджеттің
резерві
6 Аудандық 2003 ж. СА бюджеті
статистика
басқармасы
7 Аудандық әкімдік 2004 ж. Республикалық
бюджет
8 Луговая ст. 2003 ж. Республикалық
әкімдігі бюджеттің
резерві
9 Аудандық әкімдік 2004 ж. Республикалық
ғимараты бюджеттің
резерві
10 Аудандық әкімдік 2004 ж. Республикалық
ғимараты бюджет
11 Аудандық әкімдік 2004 ж. Республикалық
ғимараты бюджет
12 Оңтүстік әскери 2003 ж. 10.06. ҚорМ бюджеті
округтің 2003 ж. 15.10.
казармалық-
техникалық
аймағының
объектілері
13 Уақытша ұстау 2003 ж. 1.07. Республикалық
изоляторы бар 2003 ж. 1.12. бюджеттің
ЛІІБ ғимараты резерві
14 Жаңа құрылыс 2003 ж. Республикалық
алаңдарына желі. бюджеттің
лер салу, сумен, резерві
электрмен жаб.
дықтау, автомо.
биль жолдарын
салу
15 Клуб 2004 ж. Республикалық
бюджет
16 Мұражай 2004 ж. Республикалық
бюджет
17 Аудандық қаржы 2004 ж. Республикалық
бөлімі бюджет
18 Аудандық мәдениет 2004 ж. Республикалық
үйі бюджет
19 Типография 2004 ж. Республикалық
бюджет
20 Аудандық әскери 2004 ж. Қор.Мин.
комиссариат бюджеті
21 ҰККД АБ 2003 ж. ҰҚК бюджеті
22 "Қазақстан Халық 2004 ж. "Қазақстан Халық
Банкі" ААҚ Банкі" ААҚ
23 Рысқұлов АПББ 2004 ж. "Қазпочта" ҰК"
ЖАҚ меншік
24 "Қазақтелеком" 2003 ж. "Қазақтелеком"
ААҚ ААҚ
25 Темір жол вокзалы 2003 ж. 1.06. "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ
меншік қаражаты
26 Инженерлі-инфра. 2003 ж. 1.06. "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ
құрылым объекті. 2003 ж. 1.09. меншік қаражаты
лері
27 Құрылыс алаңдары 2003 ж. 29.05. Республикалық
мен тұрғын 2003 ж. 25.06. бюджеттің
аймақтарындағы резерві
инженерлік-гео.
логиялық
іздестірулер
28 Құрылыс алаңдары 2003 ж. 25.05. Республикалық
мен тұрғын 2003 ж. 25.06. бюджеттің
аймақтарының резерві
аумақтарын
топографиялық-
геодезиялық
картаға түсіру
29 Елді мекендер. 2003 ж. 5.06. Республикалық
дің дренаж желі. 2003 ж. 31.12. бюджеттің
лерінің құрылысы резерві
30 Жаңа жер телім. 2003 ж. Республикалық
деріндегі ауыл бюджеттің
шаруашылығы шы. резерві
ғындарын өтеуге
арналған шығындар
31 "Жамбыл" сейсмо. 2004 ж. Республикалық
станциясы мен бюджеттің
"Меркі" гидротех. резерві
никалық станция.
сын жаңғырту
32 Облыстың басқа 2003 ж. Демеушілік көмек
аудандарында және
республиканың
басқа өңірдерінде
тұрғын үй сатып
алуға арналған
шығыстар және жер
сілкінісінің сал.
дарларын жою
жөніндегі іс-ша.
раларды орындауға
арналған күтпеген
шығындар
___________________________________________________________________
4. Тұрғын үй құрылысы
___________________________________________________________________
1 Жаңа құрылыс 2003 ж. 5.06 . ҚорМ бюджеті
2003 ж. 1.10.
2 Жаңа құрылыс 2003 ж. 5.06. Республикалық
2003 ж. 10.10. бюджеттің
резерві
3 Бекітілген 2003 ж. 1.06. Республикалық
күрделі 2003 ж. 15.10. бюджеттің
жөндеу резерві
4 Әскери қалашық. 2003 ж. 10.06. ҚорМ бюджеті
тың қазандығы 2003 ж. 15.10.
бар тұрғын үй
аймағын күрделі
жөндеу
5 Инженерлік желі. 2003 ж. 10.06. ҚорМ бюджеті
лері бар тұрғын 2003 ж. 15.10.
үй аймағын күр.
делі жөндеу
6 Жаңа құрылыс 2003 ж. 15.10. ҰҚК бюджеті
дейін
7 Жаңа құрылыс 510 үй- Меншік қаражат
2003 ж. 5.06.
2003 ж. 1.09.
450 үй- Республикалық
2003 ж. 1.07. бюджеттің
2003 ж. 1.10. резерві
8 Жаңа құрылыс 2003 ж. 5.06. Облыстық
2003 ж. 10.10. бюджет
9 Жаңа құрылыс 2003 ж. 5.06. Меншік қаражат
2003 ж. 1.10.
10 Жаңа құрылыс 2003 ж. 5.06. Меншік қаражат
2003 ж. 1.10.
11 Жаңа құрылыс 2003 ж. 5.06. Меншік қаражат
2003 ж. 10.10.
12 Бекітілген 2003 ж. 1.06. Меншік қаражат
күрделі жөндеу 2003 ж. 10.10.
13 Жаңа құрылыс 2003 ж. 15.10. Демеушілік
дейін қаражат
14 Тараз қаласында 2003 ж. 15.06. Республикалық
тұрғын үйлердің 2003 ж. 1.10. бюджеттің
құрылысын аяқтау резерві
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 9 маусымдағы
N 540 қаулысымен
бекітілген
Жамбыл облысындағы жер сiлкінісi салдарларын жою
жөнiндегi iс-шараларды қаржыландырудың ережесi
1. Осы ереже жер сiлкiнiсi салдарларын жоюға арналған Жамбыл облысына қаржылық көмек көрсету мен оны пайдаланудың, сондай-ақ Жамбыл облысы жергiлікті атқарушы органының коммуналдық меншігіндегi немесе республикалық меншiктегi объектілердi және жер сiлкiнiсi салдарларынан зақымданған тұрғын үйлердi сатып алуды, салуды және күрделі жөндеудi қаржыландыру тәртiбiн айқындайды.
2. Жер сiлкiнiсi салдарларын жоюға арналған Жамбыл облысына қаржылық көмек көрсету, сондай-ақ Жамбыл облысы жергілiктi атқарушы органының коммуналдық меншiгiндегi немесе республикалық меншіктегi объектiлердi және жер сiлкінісi салдарларынан зақымданған тұрғын үйлердi сатып алу, салу және күрделі жөндеу мынадай көздердiң есебiнен жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi резервінің қаражаты есебiнен;
2) облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергiлiктi бюджеттерi қаражатының есебінен;
3) Жамбыл облысы жергiлiктi бюджеттерінің қаражаты есебiнен;
4) Жамбыл облыстық қаржы басқармасы мен Тұрар Рысқұлов атындағы ауданның аудандық қаржы бөлiмiне қазынашылық органдарында ашылған демеушiлік және қайырымдылық көмек көрсету шоттарында жинақталған қайырымдылық көмек қаражаты есебiнен;
5) ұлттық компаниялар мен басқа да заңды тұлғалардың өз қаражаты есебiнен.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметінің резервiнен бөлiнетiн қаражат Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 18 қыркүйектегi N 1408 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Yкiметi резервінің қаражатын пайдалану ережесiнде белгiленген тәртіппен пайдаланылады.
Жамбыл облысының әкiмi жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын тиiстi атқарушы орган туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметiнің шешiмiмен белгiленген iс-шараларды қаржыландыру жөнiндегi жергілiктi бюджеттiк бағдарлама әкімшiсiн айқындайды.
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергiлiктi бюджеттерінің қаражаты жер сiлкiнiсi салдарларын жоюға арналған Жамбыл облысына қаржылық көмек көрсетуге, сондай-ақ Жамбыл облысы жергiлiктi атқарушы органының коммуналдық меншігіндегi объектілердi және жер сiлкiнiсi салдарларынан зақымданған тұрғын үйлердi салу және күрделi жөндеуге жұмсалуы мүмкiн.
Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергіліктi бюджеттерiнің есебiнен Жамбыл облысы жергiлiктi атқарушы органының коммуналдық меншiгіндегi объектiлердi және жер сiлкінісi салдарларынан зақымданған тұрғын үйлердi салуды және күрделi жөндеудi қаржыландыру жергiлiктi бюджеттерде бекiтiлген тиiстi бюджеттiк бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады.
Осы жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi зардап шеккен аумақтағы құрылыс жұмыстарының тапсырыс берушiлерi болып табылады. Құрылыс аяқталғаннан кейiн салынған объектілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жамбыл облысының коммуналдық меншiгiне берiледi.
5. Жамбыл облысының облыстық және аудандық бюджеттерiнің қаражаты мәслихаттар мен жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiне сәйкес пайдаланылады.
6. Заңды және жеке тұлғалардан қайырмалдық және қайырымдылық көмек, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да жергіліктi бюджеттерiнен мақсатты трансферттер түрiнде келiп түскен ақша Жамбыл облыстық қаржы басқармасы мен Тұрар Рысқұлов атындағы ауданның аудандық қаржы бөлiмiне қазынашылық органдарында ашылған демеушiлік және қайырымдылық көмек көрсету шоттарына аударылады.
Демеушiлік және қайырымдылық көмек көрсету шоттарына келiп түскен ақша тек қана Тұрар Рысқұлов атындағы аудандағы жер сiлкiнiсi салдарларын жоюға пайдаланылады.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары тиiстi жергiлiктi бюджеттер есебiнен Жамбыл облысына қаржылық көмек көрсету туралы шешiм қабылдау кезiнде олардың нысаналы мақсатын қаулымен мақұлданған iс-шаралар жоспарына сәйкес айқындайды.
Жамбыл облысының әкiмi Жамбыл облыстық қаржы басқармасы мен Тұрар Рысқұлов атындағы ауданның аудандық қаржы бөліміне қазынашылық органдарында ашылған шоттарға келіп түскен қаражат есебінен қаржыландырылатын объектiлерді әрбiр шот бойынша жеке, сондай-ақ олардың пайдаланылуын жүзеге асыруға өкiлеттi жергiлiктi мемлекеттiк органдарды белгiлейдi.
7. Жамбыл облысының жергілiктi атқарушы органы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне осы Ереженiң 2-тармағының 1), 3), 4)-тармақшаларында көрсетiлген қаражатты жұмсаудың және оларды пайдаланудың нәтижесi туралы есептi ұсынады және олар мақсаттан тыс пайдаланылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік тартады.