Қазақстан Республикасының аумағы бойынша кеден төлемдерi мен салықтарының төленуiн мiндетті түрде қамтамасыз ете отырып, өткiзiлетін тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы N 524 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 74-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының аумағы бойынша кеден төлемдерi мен салықтарының төленуiн мiндеттi түрде қамтамасыз ете отырып, өткiзiлетiн тауарлардың тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Yкіметінің         
2003 жылғы 4 маусымдағы  
N 524 қаулысымен    
бекiтiлген    

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша кеден төлемдерi мен салықтарының төленуiн мiндеттi түрде қамтамасыз ете отырып, өткiзiлетiн тауарлардың тiзбесi

_________________________________________________________________
Р/с N          Тауардың атауы                   СЭҚ ТН коды
_________________________________________________________________
 1    Уытты сыра                                 220300
_________________________________________________________________
 2    Күшейтiлгендерiн қоса алғанда, табиғи       2204
      жүзiм шарабы, 2009 тауарлық позицияда
      көрсетiлгеннен басқа жүзiм ашытқысы

 3    Вермуттар және өсiмдiктен жасалған          2205
      немесе хош иiстi сiрiндiлер қосылған
      өзге де табиғи жүзiм шараптары

 4    Өзге де ашытылған сусындар (алма сидрi,     220600
      перри (алмұрт сидрi), бал сусыны), басқа
      жерде аталмаған ашытылған сусындардан
      жасалған қоспалар және ашытылған сусындар
      мен алкогольсiз сусындардың қоспалары

 5    80 oб % кем емес спирт концентрациясы бар    2207
      денатуратталмаған этил спиртi, этиль спиртi
      және өзге де денатуратталған, кез келген
      концентрациядағы спирттeр

 6    80 об % кем емес спирт концентрациясы бар     2208
      денатуратталмаған этил спиртi, спирт тұнбалар,
      ликерлар және өзге де спирт сусындары

 7    Сигарлар, ұштары кесiлген сигарлар,           2402
      сигарилалар (жiңiшке сигарлар) және
      240290000 қоспағанда, темекiден немесе оны
      ауыстырғыштардан жасалған сигареттер

 8    Құрамында кез келген пропорциядағы темекi    240310
      ауыстырғыштары бар немесе жоқ, шегетiн
      темекi
_________________________________________________________________