Қазақстан Республикасының Премьеp-Министрi Кеңсесiнің "Ақпараттық қауіпсiздік саласында мамандар даярлау және олардың бiлiктiлігін арттыру орталығы" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 435 қаулысы

Қолданыстағы

      Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң "Ақпараттық қауiпсiздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.

      2. Мыналар:
      1) Мекемеге қатысты уәкiлеттi мемлекеттік орган болып Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi;
      2) Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi ақпараттық қауiпсiздiк саласында мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктiлігін арттыруды ұйымдастыру болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесi заңнамада белгiленген тәртіппен:
      1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қaулыны іске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасы Yкiметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде:
      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесі" деген 3-бөлiм мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Ақпараттық қауiпсiздiк саласында мамандар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру орталығы     8".
      2) "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге көлiктiк қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдердi пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы N 288 қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының орталық атқapушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге көліктік қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдердiң тиесілік табелінде:
      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Ақпараттық қауiпсiздiк саласында мамандар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру орталығы    1".

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі