Қазақстан Республикасының Премьеp-Министрi Кеңсесiнің "Ақпараттық қауіпсiздік саласында мамандар даярлау және олардың бiлiктiлігін арттыру орталығы" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 435 қаулысы

Жаңартылған

      Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң "Ақпараттық қауiпсiздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.

      2. Мыналар:
      1) Мекемеге қатысты уәкiлеттi мемлекеттік орган болып Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi;
      2) Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi ақпараттық қауiпсiздiк саласында мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктiлігін арттыруды ұйымдастыру болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесi заңнамада белгiленген тәртіппен:
      1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қaулыны іске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасы Yкiметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгізілсін:
      1) <*>
      2) "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге көлiктiк қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдердi пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы N 288  қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының орталық атқapушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге көліктік қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдердiң тиесілік табелінде:
      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Ақпараттық қауiпсiздiк саласында мамандар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру орталығы    1".
       Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604   қаулысымен .

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі