"Жалын" республикалық әдеби-көркем журналы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 сәуірдегі N 341 қаулысы

Жаңартылған

      Әдеби дәстүрлерді сақтау әрi дамыту, олардың сабақтастығын қамтамасыз ету және жас авторлардың шығармашылық әлеуетiн ашу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң "Жалын" республикалық әдеби-көркем журналы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқарудың уәкiлеттi органы болып белгiленсiн.

      3. "Жалын" әдеби-көркем журналын шығару үшін Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi өндірiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру, оның iшiнде барлық қажеттi ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық жағдайлар жасау болып белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi заңнамада белгiленген тәртіппен бiр ай мерзімде:
      1) Кәсiпорын жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;
      2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыны iске асыру үшін қажеттi өзге де шаралар қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Yкiметінің кейбiр қаулыларына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлігi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 415-жолмен толықтырылсын:
      "415. "Жалын" республикалық әдеби-көркем журналы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы";
      2) <*>
      Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.26. N 1180 қаулысымен .

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі