Әдеби дәстүрлерді сақтау әрi дамыту, олардың сабақтастығын қамтамасыз ету және жас авторлардың шығармашылық әлеуетiн ашу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң "Жалын" республикалық әдеби-көркем журналы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқарудың уәкiлеттi органы болып белгiленсiн.
3. "Жалын" әдеби-көркем журналын шығару үшін Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi өндірiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру, оның iшiнде барлық қажеттi ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық жағдайлар жасау болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi заңнамада белгiленген тәртіппен бiр ай мерзімде:
1) Кәсiпорын жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;
2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыны iске асыру үшін қажеттi өзге де шаралар қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Yкiметінің кейбiр қаулыларына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлігi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 415-жолмен толықтырылсын:
"415. "Жалын" республикалық әдеби-көркем журналы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы";
2) "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 499 туралы
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 16, 163-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Бұқаралық ақпарат құралдарының ұйымдары" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 45-2-жолмен толықтырылсын:
"45-2. "Жалын" республикалық әдеби-көркем журналы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны".
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі