Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2007 N 553 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды, ақпараттандыру процестерiн қалыптастыру мен дамыту және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 50, 473-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 1-тармақта:
Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөнiндегi жұмыстарды және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары бойынша қызметтi үйлестiру жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Бисенбаев - Қазақстан Республикасы Қауiпсіздік
Асылбек Қынарұлы Кеңесiнiң Хатшылығы меңгерушісiнiң
орынбасары (келiсiм бойынша);
Есекеев - Қазақстан Республикасының Экономика
Қуанышбек Бақытбекұлы және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
Ақпараттандыру саясаты және инновациялар
департаментiнiң директоры;
мына:
"Рябченко - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Олег Григорьевич ақпарат және қоғамдық келiсiм
вице-министрi"
деген жолдағы "вице-министрi" деген сөздер "бiрiншi вице-министрi" деген сөздермен ауыстырылсын;
мына:
"Евсюков - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
Александр Васильевич кiрiс министрлiгi Ақпараттық технологиялар
департаментiнiң директоры"
деген жолдағы "Мемлекеттiк кiрiс" деген сөздер "Қаржы" деген сөзбен ауыстырылсын;
мына:
"Молчанов - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Сергей Николаевич Банкi Ақпараттық технологиялар
департаментi директорының мiндетiн
атқарушы (келiсiм бойынша)"
деген жолдағы "департаментi директорының мiндетiн атқарушы" деген сөздер "департаментiнiң директоры" деген сөздермен ауыстырылсын;
мына:
"Досаев - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ерболат Асқарбекұлы монополияларды реттеу, бәсекелестiктi
қорғау және шағын бизнестi қолдау
жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы"
деген жолдағы "бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау" деген сөздер "және бәсекелестiктi қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген құрамнан Уатай Базарбек Уатайұлы шығарылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөнiндегі жұмыстарды және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары бойынша қызметтi үйлестiру жөнiндегi комиссия туралы ережеде:
2-тармақта:
"Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң" деген сөздер алынып тасталсын;
"Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгiнiң" деген сөздер "Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Экономика және сауда министрлiгiнiң" деген сөздер "Индустрия және сауда министрлiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
"өкiлдерi" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң (келiсiм бойынша) және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі